№6 дәрістің тақырыбы: Әртекті жүйелердегі


Са3(РO4)2 ↔ 3Са2+ + 2РO43-



бет2/4
Дата16.10.2023
өлшемі13,87 Kb.
#116223
1   2   3   4
Байланысты:
№6 дәрістің тақырыбы-engime.org

Са3(РO4)2 ↔ 3Са2+ + 2РO43- 


  • коэффициенттер иондардың концентрациясының дәрежесі ретінде көрсетіледі:

      ЕК(Са3(РO4)2) = [ Са2+]3 . [РO43-]2


  • ЕК-ның сандық мәнін табу үшін сол электролиттің ерігіштігін білу керек. Мысалы, 20°С СаSO4 ерігіштігі 1,5 .10-2 моль/л, СаSO4 диссоциацияланғанда әр молекуласы бір Са2+ ионын, бір SO42- ионын түзеді, сондықтан олардың әрқайсысының концентрациясы 1,5 × 10-2 моль/л болады. Сонда:

      ЕК(СаSO4) = [ Са2+ ] . [ SO42- ] = 1,5 .10-2 × 1,5 . 10-2 = 2,25 . 10-4


  • Кальций сульфаты тұзының қанық ерітіндісіне, құрамында басқа жақсы еритін немесе Са2+ ионы бар электролит, мысалы Nа2SO4 ерітіндісін қосса, SO42- иондары концентрациясы көбейгендіктен, [Са2+] . [SO42-] иондарының концентрациясының көбейтіндісі ЕК(СаSO4) мәнінен асып кетеді, ерітінді аса қаныққан күйге айналып, ондағы тепе-теңдік бұзылып, тұнбадағы СаSO4 көбею жағына қарай ауысады.

  • Демек, нашар еритін электролиттің ерітіндісіне аттас ион қосса, электролиттің ерігіштігі кемиді.

  • Осы ережені химияда, әсіресе аналитикалық химияда көп қолданады.

    Ерігіштікте әсер ететін факторлар.Тұздану эффектісі


    • Нашар еритін электролиттің ерітіндісіне бір текті ионы бар күшті электролит қосқанда, оның ерігіштігі төмендейді. Бірақ заттардың ерігіштігіне тек біртекті иондар емес, басқа иондары бар тұздар да әсерін тигізеді. Бұл жағдайда ерігіштік азаймайды, керісінше артады.

    • Мысалы. BaSO4, CaSO4, SrSO4 ерігіштігі КСІ, КNO3, NaNO3 т.б. тұздар қосқанда артады. Қосылатын тұздың концентрациясы неғұрлым жоғары болса, ерігіштік соғұрлым көп өседі. Бұл құбылыс тұздану эффекті деп аталады.

    • Тұздық эффектін иондық активтілігі мен ерітіндінің иондық күші туралы іліммен түсіндіруге болады. Нашар еритін электролит қаныққан ерітіндісіне күшті электролиттің ерітіндісін құйғанда, ерітіндінің иондық күші өседі, бұл иондардың активтілік коэффициентін төмендетеді және 1-ден кіші болады. Сондықтан нашар еритін электролиттің ерігіштігі осы электролиттің судағы ЕК-нен артық болады.

    • Сонымен күшті электролиттер теориясы бойынша тұздану эффектісі басқа электролиттің қосылуынан активтілік коэффициенті төмендеп, ерітіндінің иондық күшінің өсуімен түсіндіріледі.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет