Ерітіндідегі тұнбаның құрамына кіретін ионның біреуінің концентрациясын арттырса, ол ерітіндідегі басқа иондардың концентрациясын кемітуге әкеледі. Сондықтан АmBn қосылысының ерігіштігі аттас иондар қатысында:
Егер ерітіндідегі иондардың концентрациясының көбейтіндісі ерігіштік көбейтіндісінен кем болса, онда тұнба ериді, ал керісінше иондардың концентрациясының көбейтіндісі ерігіштік көбейтіндісінен артық болса, тұнба түседі.
Бұл маңызды есептерді шығаруға мүмкіндік береді: аз еритін қосылыстардың сандық тұнбаға түсіру жағдайын, тұнбаға түсудің басталуын, тұнбаға түспеу жағдайын анықтау.
1- есеп
Бер: 18°C температурада Mg(OH)2 ерігіштігі 1,7 .10-4моль/л, осы гидроксидтің ерігіштік көбейтіндісін есептеу керек.
Шешуі: Mg(OH)2 = Mg2+ + 2OH-
Mg(OH)2 ерігенде оның әр молінен ерітіндіге 1 моль магний ионы және екі есе көп ОH- өтеді, олай болса, Mg(OH)2 қаныққан ерітіндісінде
Бер: Егер ЕКPbSO4= 2,2 . 10-8 болса, қорғасын сульфатының қаныққан ерітіндісінде қорғасын және сульфат иондарының концентрациясы қаншаға тең және оның ерігіштігін молярлық, массалық концентрациялармен көрсетіңіз.
Шешуі:
Бинарлы электролиттердің ерігіштігі оның әр ионының молярлы концентрацияларының көбейтіндісіне тең: