№6 дәрістің тақырыбы: Мәтін талдаудың лингвистикалық категориялары. Мәтіндегі мағыналық категория. Көркем мәтінді талдаудағы басқа да категориялар



бет4/4
Дата31.12.2021
өлшемі2,79 Mb.
#21849
1   2   3   4
Байланысты:
Дәріс 6

Подтекст - мәтін категориясы ретінде психологиялық прозаның авторлық позициясын эмоционалды, бағалаушы фактор. Подтекст болу үшін түгел мәтін жасалуы қажет. Подтекст туралы былай деуге болады: ойды жеткізуді сөзбен емес, немесе тікелей айту емес, ерекше тұспалмен оқушы өзінің көңіл көзімен аңғаратын тұстар болады. Мәселен, сипаттамалы суреттеу, кейіпкердің мінез-құлқын баяндау, ауа - райын суреттеу. Суреттеу контексінің мақсаты - алдын ала болатын оқиғаны болжамдау, оқушысын дайындау.

Мәтін адамның жан - жақты көрінуіне оның жеке тұлға ретінде толық ашылуына мүмкіндік береді. Көркем шығарманың эстетикалық әсері - түрлі әлеуметтік мәдени факторларға, әрі жеке стильге байланысты.

Мәтін адамның жан - жақты көрінуіне оның жеке тұлға ретінде толық ашылуына мүмкіндік береді. Көркем шығарманың эстетикалық әсері - түрлі әлеуметтік мәдени факторларға, әрі жеке стильге байланысты.

Мәтіннің прагматикалық бағыты оның құрылысымен байланысты болады. Қандайда болмасын сөйлеу актісі белгілі бір адресаттың моделіне есептелген.

Мәтіннің ұсынылу формасына қарай


Ауызша

Жазбаша


монолог

диалог


полилог

Ауызша және жазбаша берілген сөйлеудің түрлері



Мәтін көлеміне қарай

Микромәтін

(дара сөйлем, мағыналық және интонациялық жағынан аяқталған сөйлемдердің тізбегі)

Макромәтін

(тұтас шығарма)

Мысалдар:


Микромәтін

(шағын мәтін)

Макромәтін

(көлемді мәтін)

Афоризмдер,

мақал-мәтелдер, фразеологизмдер,

әзіл әңгімелер (қысқа анекдоттар),жұмбақтар, жаңылтпаштар



Газет, ғылыми жорнал мақалалары, монография, оқулық, ресми іс-қағаздары, роман, повесть, поэма,т.б.

Мәтін түрлері мен жанрлары


Мәтіннің баяндалу қабаты немесе мәтін түрлері

Әңгімелеу мәтіні

суреттеу мәтіні

Пайымдау (ойталқы) мәтіні

Мәтін жанрлары

Поэзия

Проза

Драма

Мәтіннің композициялық құрылымы:

    • Бастауы
    • дамуы
    • қорытуы

Бұл бөліктер мәтіннің тұтасымын құрайды
    • Мәтін байласымына қатысатын тілдік амал-тәсілдерге: есімдіктер, зат есім мен сан есімдер, шылаулар, т.б. жатады. Олардың түрлі қолданыста жұмсалуынан стильдік айшық пайда болады.

Ал мәтіндегі сөйлемдердің көлденеңінен өзара байланыста келуін мәтіннің байласымы дейміз

Мәтін және стиль Стиль – сөйлеушінің, жазушының белгілі бір тақырыпқа қатысты сөз саптауы


Ауызекі сөйлеу стилі

Ғылыми стиль

Ресми іс-қағаздар стилі

Публицистикалық стиль

Көркем әдебиет стилі

Мәтін талдауда қолданылатын ұғымдар:


Мәтін тудырушы адам - автор, адресант, таңба иесі

Мәтін – таңба, тілдік таңба

Мәтінді оқитын адам - адресат

Әсер ету күші бар тіл құралдары – прагматикалық тіл құралдары

Таңбааралық қарым-қатынас – адресант пен адресат қарым-қатынасы

Сөздің мақсатқа сай қызметін өзгертіп қолдану – сөз ойнату

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет