Төтенше жағдайларда халықты қорғау – бұл Азаматтық қорғаныстың басты міндеттерінің бірі. Қорғау іс-шараларының көлемі мен сипаты жекелеген аудандар мен объектілердің ерекшеліктерімен, сондай-ақ химиялық, бактериологиялық (биологиялық) және инфекцияның басқа түрлерінің нәтижесінде пайда болуы мүмкін ықтимал жағдаймен анықталады.
Қорғау режимі деп адамдарды жұқтырудың, уланудың немесе сәулеленудің ықтимал жағдайларын барынша азайтуды және олардың зақымдану аймағындағы неғұрлым орынды әрекеттерін көздейтін адамдарды қорғау құралдары мен тәсілдерін қолдану түсініледі.
5) эвакуациялық іс-шараларды жүргізу (халықты қалалардан қала сыртындағы аймаққа тарату және эвакуациялау).
1) Халықты уақтылы хабардар ету:
Төтенше жағдайлар туындаған кезде халықты қорғау жөніндегі іс-шаралар кешенінің ішінде азаматтық қорғаныс органдарына жүктелетін уақтылы хабарлауды ұйымдастыру аса маңызды орынға жатады.
Сиреналарды қосу: «Баршаның назарына!» сигналы.
Сөйлеу ақпаратын қабылдау құралдары (радио, теледидар) – төтенше жағдайлардың сипаты мен дәрежесі туралы хабарламалар.
Халықты хабардар етудің негізгі жолы – хабар тарату желілері арқылы дауыстық хабарламаларды беру
2. Эвакуациялық іс-шараларды жүргізу (халықты қалалардан қала сыртындағы аймаққа тарату және эвакуациялау).
Хaлықты қорғaу əдістерінің ең негізгісі уaқытшa көшіру (эвaкуaция) шaрaлaры болып тaбылaды, оғaн:
- aдaмдaрдың өмірін сaқтaу мaқсaтындa төтенше жaғдaйлaр aймaғынaн жəне қaзіргі зaмaнғы қырып жою құрaлдaры қолдaнылуы мүмкін aудaндaрдaн хaлықты көшіру;
- соғыс уaқытындa сaнaттaлғaн қaлaлaрдa жұмыс істеп жaтқaн, ұйымдaрдың жұмысшылaры мен қызметкерлерін қaуіпсіз aймaққa жaйғaстырып бөлу жəне орнaлaстыру жaтaды.