Эпикалық, лирикалық, драмалық образ.
Әдебиеттегі образдың да бір түрі болмайды. Оның өзіне тәні мағынасына,қ ұрамына қарай бірнеше түрі бар. Олар: әдістік, тектік, тәсілдік. Бұлардың түр емес фактор деп те алуға болады. Ал көркемдік жағынан келгенде негізі екі түрлі.
Романтикалық образ.
Реалистік образ.
Ал әдебитетің тегі жағынан келгенде образ үш түрлі болады.
Эпикалық образ
Лирикалық образ
Драмалық образ
Ал осы образдың жасалуына келсек тағы да бірнеше түрге бөлінеді: юморлық образ, сатиралық образ, фантастикалық образ, трагедиялық образ, геройлық образ деген сынды атаулармен кете береді. Ал осылардың әрқайсысын білу, және жеке тоқталу осы жұмыстың басты жұмысы.
Сомен жеке-жеке тоқталып өтсек:
Романтикалық образ – әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі болып табылады. Бұл образдың, алғашқы үлгілері баяғы көне дүние әдебиетінде, оның «әрі өнген топырағы, әрі байлық қоры» боп табылатын мифте, қала берсе, қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде жатыр. Әрқашан алға, алысқа, арманға асыққан халықтың қиялы да телегей – теңіз. Ал романтикалық образдың негізінде қиял жатады.
Қазақ әдебиетіндегі романтикалық образдың көне түрі халық ертегілері мен аңыздарында жатыр. Және батырлық дастандары мен тарихи еңбектерінде жасалды. Кезіндегі Желаяқ пен Көрегеннен, Саққұлақ пен Таусоғардан бастап Алдар Көсе мен Асанқайғыға дейін,одан Алпамыс пен Қобыландыға, Тарғын мен Қамбар-ға дейін қазақ фольклорындағы романтикалық образдың небір ғажайып үлгі-лерін көруге болады. Ал жазба әдебиетімізге келер болсақ, кезіндегі Мағауия Абайұлы және Ығылман Шөрекұлының, одан келе Мұхамбетжан Сералин мен Сұлтанмахмұт Торғайғыровтың атаулы шығармаларында да көптеген тамаша романтикалық образдар бейнеленген. Қазақтың маңдайы жарық Сәбит Мұқановтың Сұлушашы мен Жұмағали Саинның Күләндасын қайда қоясыз. Әбділдә Тәжібаевтың Абылын, Қасым Аманжоловтың Абдолласы – тегіндегі қазақ совет әдебиетіндегі ең бір романтикалық образдарды жекелей қалыптастырған үлгілері. Бұл тек берісі, әйтпесе тізім жалғасын таба бермек.
Романтикалық образ – кез келген жандың туындыларында болсын кездеседі. Тіпті бір ғана Ғабит Мүсіреповтың өзі қазақ прозасындағы аналар бейнесін образдау дейтін бір шыңдғы бағындырып тастаса керек.
Көне грек әдебиетіндегі Прометей, кешегі қазақ әдебиетіндегі Асан, бүгінгі орыс әдебиетіндегі Данко — әдебиеттер тарихына жалпы дүние жүзілік тұрғыдан қарағанда,— шын мәніндегі мәңгілік образдар. Бұлардың қай-қайсысы да халық үшін жанын құрбан еткен үлы арманнын, адамдары. Қараңғы қауымның зердесін жарық сәулемен жадыратпақ болған Прометей тәңірінің отын ұрлаймын деп, тасқа шегеленіп қалды. Қалың елге қой үстіне боз торғай жұмыртқалайтын құтты қоныс іздеген Асан Желмаямен жиһан кезіп жүріп, адасып кетті. Дүйім жұрт душар болған түн түнегін серчіу үшін өзінің өртті кеудесін өзі сөккен Данко жалын атқан, шұғыла шашқан отты жүрегін жұлып қолына алды да, өлді… Қарап отырсақ, осы адамдар істеген әрекеттің қай-қайсысы да ақиқат өмірде қолдан келетін нәрсе емес, бірақ ұғымға сыйымды, болған нәрсе емес, бірақ соншалық нанымды.
Ал реалистік образға тоқталсақ. Реалситік образ – әдебиеттегі адам бейнесінің ең қасиетті, сымбатты, шынайы бір түрі. Мұның қиасиеті де, шынайы, сымбаттылығы да ақиқатында; бұл дегеніміз – күнделікті өмірде болған, бар және бола беретін, бірқ ешқашан қайталанбайтын, әрқашан бұрын-соңды белгісіз тың қырынан көрініп, ылғыи жаңару үстінде болатын тип. Зерттеп келе түсінгеніміз образдың түрленуінің ішіндегі ең дұрысы осы реалистік образ. Өйткені бұл образдың эстетикалық мәні – романтикалық образдағыдай бұлыңғыр тартып тұрмайды, адам қолы жетпестей асқа, аңсау емес, қолмен ұстап, көзбен көргендей жетуізуге болатын образдың ерекше түрі. Содан болар реалситік образдың эстетикалық әрі тәрбиелік мәні зор. Қоғамға әсер етуі де күшті. Мәселен Тахауи Ахтановтың «Дала сырындағы» Қоспан образын алайық. Бұл қарапайым адам; күнделікті өмірде кездестіріп жүрген қарапайым пенде. Әрі көптің бірі. Командирі «Үлкен қара» атап кекен болмаса еңгезердей денесіне қарап Қоспанның. «Әскерде теңкиіп оң жақ қанатта» тұратыны, «жан біткенге сеніммен қарайтын нұры жұмсақ томпақ көзі, жылы шырайлыашық жүзі», еңарғы жағы аяғына да үлкен размер киетін. Бұл Қоспанның кәдімгі образы. Реалистік образы.
Реалистік образ – нанымды образ болып табылады: мінез –құлқы, іс пен әрекеті, оның қоршаған ортасы, оның басынан өткен оқиға, бәрі де өлшеулі. Себебі суреткер шыншыл образ жасау кезінде өзіне ақиқат шеңберінен шықпау керек дейтін талап қоя білуінде.
Реалистік образ – типтік де образ. Ол бізге күнделікті көріп жүрген етене таныс болғаынмен, «таныс бейтаныс», көптің бірі секілді болғанымен ол – бірегей. Өйткені әдебиеттегі шыншыл образ өмірдегі бір адамның бейнесінен көшірілген жоқ. Ол бірнеше адамның типінен безендіріліп отырып жасалған.
Жоғарыда атап көрсеткеніміз реалистік және романтикалық образдардың берілуі еді. Екеуіне талдау жасай келе, ғалымдардың еңбегімен салыстырып реалистік образдың шынайыға жақын екенін аңғардық. Келесі образ ол бізде эпикалық образ.
Эпикалық образ – кескін –кейпі, мінез-құлқы, іс-әеркетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип. Портрет пен мінездеу, диало пен монолог, түрлі де сезімдер және характерлерді суреттеу сияқты көркем бейне тудырудың көп әрі түрлі амал-тәсілдері, әсіресе осы эпикалық образ үшін аса қажет. Себебі бұл жерде адамның түр-түсін де, ішіне еніп те, ісіне баға беріп те, суреттеп те, жан-жақты танытуға мүмкіндік бар. Ал оған аталған эпикалық шығарманың өрісі де, жетер құшағы да еркін жетіп жатыр.
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі қандай эпикалық образды алмайық, бәрінен бұрын, біздің көз алдымызға оның сыртқы түрі, кескін-кейпі келеді: «басының құлақтан жоғары жері қаз жұмыртқасындай» жалтыраған, жалтұмсық, «не қылайыны жоқ» қатал сақшы — жалғыз көзбен жан біткенге «тесіле, сыздана қарайтын» Құнанбай, шуда сақалы “тағалы ат тайып жығылғандай тақыр иегінен” зырғанап шықшытына ұйлыға қалған Жұман, көзінде наз, ернінде «ерке күлкі, жұмсақ білегін» жігіт мойнына салса, «хош иіс, ыстық леппен» шарпып қалатын «мүсінді Мұкарама», «салпы етек бөз көйлектің шалғайын жоғары көтеріп, ышқырлығына қыстыра сала» аузы-басы сүйрендеп өсекке кірісетін «тырыли арық Қарақатын…» Осы мүсіндердің қай-қайсысын болса да кез келген қыл қалам оп-оңай һәм айнытпай көшіріп, суретке салып ала қойғандай емес пе? Оны өз алдына десек, осынау Құнанбай мен Жұман болсын немесе Мүкарама мен Қарақатын болсын, әрқайсысы-ақ тасқа қашалғандай қаздиып, оқырманның көз алдында тұрған жоқ па? Міне, осының бәрі — эпостың қисапсыз жанрлық мүмкіндігінен туған эпикалық образдың сыртқы түрі.
Белгілі болғанай оқырман эпикалық образдың түсін танып қана қоймайды, әрі қарай ішіне еніп кеткісі келеді. Ал осы ретте эпикалық жанр болса мінез – құлқын асықпай ашып барып танытуға, ойын, ішкі сезімін, сөз мәнері мен сөйлеу шеберлігіне дейін оқырманның алдында арын таза ұстағысы келеді. Мәселен, аталған образдардың бәрін бас-басына салып тергемей-ақ М.Әуезовтың Құнанбайы мен Қарақаттың мінездері мен сөйлеген сөздеріне аз-кем назар аударып көрейік.
Құнанбай көл-көсір кісілік болмысын, ағыл-тегіл ақыл-ойын, қырық катпар амал-айласын айтпағандая кан ішер қаталдығымен, найза бойламас тұңғиық әрі тоң мойын сұмдығымен дараланып шықса, Қарақатын тобық жасырмас жайдақ, жадағай құлқымен, жер ошақ басында шаңытқан көн-қоқыр өсек-аяңымен, өзге қатындардың өзінен қыл елі артықшылығын көрсе, өле жаздайтын іші тар, іш пыстырар, сол халге түсіп байқағысы келген адамды азып-тоздырар алапес, күйкі қызғанышымен ерекшеленеді.
Ал енді осы екі образдың сөздеріне құлақ түріп көрелік.
—Ей, Сүйіндік, албасты да қабаққа қарай басатын. Қыры жоқ, қасиеті жоқ басшы болса, ыбылыс, жын иектемей нетеді. Адал десек, аман десек, жан берейік, ақтайық, ақыретте айыбын өз мойынымызға алайық. Бірақ менің екі бірдей жаным жоқ. Майысар болсаң, жанымды да берерсің. Беремісің, жанымды?!
Әрине, бұл — тек қана Құнанбайдың сөзі.
— Ене-ау, не есіткенін бар? Әлгі Қаратаздың.. қойлы таздың інісі бар емес пе? Тәңірберген деген сері інісі бар еді ғой? Не басыңды ауыртайын, сенің. Сол сері жігіт кеп, Еламанның үйіне түсті. Аты қара тер. Қанжығасында бір қоян, бір түлкісі бар, Қояны ақ тушадай-ау, ақ тушадай! Ақбала сыртқа шығып, сері жігітті аттан түсірді. Ал екеуінің қалай көріскенін көрсең!.. Масқара-ай!.. Бетім- ай!.. О, жүзі қара! О, қара бет!..
Бұл сүйреңдеп тұрған, сөз жоқ, Қарақатын.
Міне, осының бәрі — элостың қисапсыз жанрлық мүмкіндігінен туған эликалық образдың ішкі сыры.
Образдың тағы бір түрі ол драмалық образ. Драмалық образ – бұл образдың ерекшлігі, эпикалық не лирикалық образдар секілді қағаз бетіне түскен қоспасы бар дүние емес. Бұл образдың ерекшелігі шынайы. Өмірдің өзінен алынған образы. Тіршіліктің ортасында қайнап жүрген тұрмыстың нағыз өз бейнесі. Мысалға, Антигона мөн Отелло, Тартюф пен Хлестяков, Сатин мен Яровая, Қарабай мен Телқара, Жүзтайлақ пен Сәуле — бәрі де драмалық образдар.
Драмалық образдарды берушілер көбінесе актерлар мен актрисалар. Олардың сомдауындағы протоиптер яғни ойнаушы образдары өмірдегі шынайы бір бейне. Ол бейнені қайта жұртпен табыстыру ол ендігі жерде өнердің шеберлігі болып кетеді.
Драмалық образдың жасалу тәсілдері де өзінше бөлек. Эпикалық образ кең құлашты баяндаулар мен суреттеулер арқылы, лирикалық образ түрліше көңіл күйлері мен шабытты толғаныстар арқылы жасалса, драмалық образ шиеленіскен тартыстар мен қым-қиғаш қимыл-әрекеттер арқылы жасалады. Әрине, бұл — сахнада психологиялық ой образын жасауға болмайды деген байлау емес. Қандай да болмасын, парасат пен ойсыз, сыр мен сезімсіз образ жасау мүмкін емес. Бірақ, бұл сахнадағы шешуші нәрсе қимыл-әрекет, тартыс пен қақтығыс екенін де жоққа шығармаса керек. Қаншама ойшыл адамның драмалық образын жасамақ болсаңыз да, бәрі бір, оны сахнаға жетелеп әкеліп, үш сағат бойы үн-түнсіз, қимыл-қозғалыссыз ойлантып қоя алмайсыз. Ондай жым-жырт «ойшылға» театр көруші жұрт үш сағат түгіл үш минут та шыдап отырмайды. Демек, драмалық образ оймен қатар іске, сезіммен бірге қимылға құрылады.
Образ-шығармашылық ой жемісі. Сондықтан ойлау үрдісіне тəн сипаттарға образ да ин болады. Яғни образ тек қана ақиқатты суреттеп берумен шектелмейді. Өмір шындығын жинақтай отырып, жекелегкн оқиғаларды, құбылыстарды бейнелей отырып, адам баласын толғандырып келе жатқан мəңгілік сауалдардың мəніне де үңіледі. Образ-нақты ұғым. Қандай құбылысқа негізделсе де, образ ол құбылысты дерексіз, тиянақсыз əлденелерге бөлшектемей керісіеше, оның тұтастығын, өзіндік бітімін сақтап қалады. Əдебиетте адам бейнесін жасаудың амалы алуан түрлі. Ол сөздегі суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет өмірлік материалды жинақтаудан əдеби тұлғаны даралауға дейін барады. Жинақтау дегеннің өзі-əдеби тип жасау əрекеті. «Типтендіру деген суреткердің іс жүзінде өмір шындығын өз дүние танымы тұрғысынан белгілі бір уақытпен кеңістікке, əлеуметтік орта мен дəуірге сай талғап-тануы, таңдап іріктеуі жəне жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралуы болып табылады» дейді академик З.Қабдолов.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/referattar/45353/
Достарыңызбен бөлісу: |