6 Этнос және ұлт әлеуметтануы Мақсаты



бет1/3
Дата04.11.2022
өлшемі25,55 Kb.
#47456
  1   2   3
Байланысты:
Этнос және ұлт (1)


6 Этнос және ұлт әлеуметтануы


Мақсаты: студенттерге этнос, ұлт, ұлт этностың жоғары типі екендігі, қоғамдағы ұлттық, этникалық қатынастар, ұлт мәселесі, оның құрылымы, ұлт мәселесін шешудің принциптері, ұлтаралық қарым- қатынас мәдениеті және оның азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді нығайтудағы рөлі туралы түсінік беру.
Міндеті: алған білімді, тәжрибені қоғам дамуының қажеттігі ретінде өмірде қолдана алу.



  1. Этнос және ұлт.

  2. Ұлт этностық жоғары типі.

  3. Қоғамдағы ұлттық және этникалық қатынастар.

  4. Ұлт мәселесі және оның құрылымы.

  5. Ұлт мәселесін шешудің принциптері.

  6. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті және оның азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді нығайтудағы рөлі.

Этнос және ұлт


Этнос дегеніміз - бір мемлекет территориясында өмір сүретін адамдардың тұрақты өзара әрекеті.
Этнос - белгілі бір сыртқы түр-келбеттің ортақ белгілері, сондай-ақ біршама қалыпты мәдениеті және тіл белгілері бар адамдар тобының тарихи қалыптасқан бірлестігі, одағы.
Этностың сипатын, қатынасын көрсететін және басқа этностардан ажырататын белгілері: тіл, халықтық өнер, әдет-ғұрып, дәстүр, қалыптасқан тәртіп, дағды, яғни ұрпақтан ұрпаққа берілетін мәдениет компононттері. Бұлар өзіндік ерекшеліктері бар этностық мәдениетті құрайды. Этностың белгісі-мәдени құндылық. Сонымен этностың негізгі белгілеріне тіл,өнер, әдет-ғұрып, мәдениет, т.б.бірлігі жатады.Олар жиынтығында белгілі этникалық мәдениетті құрайды. Әдетте этнос территориялық және экономикалық бірлік негізінде құрылады. Қазіргі ұлттар- дамыған капитализмнің жемісі. Ал тайпа, халық, этностар қазіргі ұлттар қалыптасқанға дейін пайда болған.
Қазіргі заманғы ең негізгі этностық топ - ұлттық топтасу.
Ұлт дегеніміз территория бірлігі, тіл бірлігі, мәдениет және экономикалық өмір бірлігі негізінде тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты қауымдастығы.
Тек капитализмнің тууы мен дамуы ғана ұлттың пайда болуына жағдай жасайды. Ұлт – капиталистік дамудың жемісі. Ұлт феодалдық ыдыраудың және капитализмнің қалыптасуы дәуірінде әртүрлі халықтардың бірігуі нәтижесінде пайда болды. Бұл жаңа қатынас терең еңбек бөлінісі, кең ауқымды және мықты экономикалық байланысты, т.б. талап етеді. Ұлттың қалыптасуында мемлекет маңызды рөль атқарады.
Ұлт этностың жоғары типіҰлт этностың жоғарғы типі – ортақ тілі, қалыптасқан мәдениеті, біріктіруші салт–дәстүрлері мен діні бар адамдардың әлеуметтік бірлестігі. Сонымен бірге көптеген ұлттардың ортақ аумағы, ортақ эконмикасы, сол ұлт өкілдерінің біріктіретін мемлекеті болады. Ұлттың қалыптасуында адамдардың бірлігінің бастауы болатын ортақ этногенетикалық тек те маңызды рөл атқарады. Осындай талап тұрғысынан қарастырғанда «ұлт және этнос» ұғымдары біріне – бірі өте жақын, екіншісі біріншісінің туып, қалыптасуына негіз болады. Этностан айырмашылығы ұлттар этностық белгілерге қоса саяси, экономикалық және әлеуметтік белгілерге ие болады. Дегенмен, әлі де философиялық және саяси - әлеуметтік ой - пікірде «ұлт», «этнос» категориялары туралы бір арнаға тоғысқан түсінік қалыптаспаған.
Жер шарында 2 мыңнан астам ұлттармен этностар бар. Олар 5 мыңнан астам диалектілерде сөйлейді. 330 – ға жуық этностың 1 млн. және одан көп өкілдері бар. Ал қалған 1700 – ден астамы 1 млн-ға жетпейтің адамы бар аз саңды этностар қатарына жатады. Осыншама көп саңды ұлттар мен этностар әлемде 200-ден астам мемлекеттерге біріккен. Сондықтан әлемдегі мемлекеттердің 90% көп ұлтты немесе көп этносты мемлекет болып табылады. Көптеген көп миллионды халқы бар этностардың жеке, тәуелсіз мемлекеттері жоқ. 19–20 ғасырларда азсанды этностық топтар аса жылдам ассиммляциялана бастады. Мысалы 1939 ж өткен халық санағында Кеңес Одағында 193 этнос, ал 1959 ж 135 ұлт пен ұлыс ресми тіркелген. Немесе 20 жыл ішінде 60–қа жуық саны аз этностық топтар жойылып, ассимиляцияланып кеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет