Жалпы оқу орындарында шетел тілін оқыту б. Х. Истуаниева



жүктеу 79.75 Kb.

Дата03.03.2017
өлшемі79.75 Kb.

ЖАЛПЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ 

 

Б.Х. Истуаниева  



№ 30 ЖОББМ, Орал қаласы 

 

Қазақстан  Республикасы    заңнамасына  сәйкес  елдегі    беделді  



тілдің    бірі  –  халықаралық    қатынастағы    ағылшын  тілі  болып 

саналады.  Ағылшын  тілі  –  XXI  ғасырдың  тілі.  Ағылшын  тілі 

халықаралық  қатынаста  қолданылатын  ортақ  тіл,  бүгінгі  таңда 

алыс-жақын  шетелге  шығушылар,    шетелде  оқушылар,    білім 

жетілдірушілер  ,    қызметкерлер  үшін  тіл  үлкен  маңызға  ие  болып 

отыр.  Қазіргі  кезде  мектеп  оқушылары  ағылшын  тілінде    еркін 

сөйлеуді  мақсат  етеді,  олар  өзінің  болашақ  оқуы  мен  қызметіне 

кажет екенін түсінеді.  Ағылшын тілі дүние жүзіне кең тараған тіл. 

Ол    Канада,  Ұлыбритания,  АҚШ,  Австралия,  Жаңа  Зеландия 

елдерінің  мемлекеттік тілі болып табылады. Канада  , Ирландияда 

мемлекеттеріндегі  қос тілдің бірі. Алты құрлыққа кең тараған бұл 

тілде қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді. Қазақстанда да XX-ғ-

дың  50-жылдарынан  бастап  жоғары  және  орта  оқу  орындарында 

ағылшын  тілі  оқытылып,  мамандар  дайындалуды.  Ағылшын  тілі 

Британдық және Американдық болып екі түрге бөлінеді. Британдық 

ағылшын  тілі  өз  ішінде  шотландиялық,  солтүстік,  батыс,  шығыс, 

оңтүстік диалектілерге жіктеледі.             

Ағылшын 


тілі 

біздің 


мемлекетіміздің 

халықаралық 

байланыстарын  дамытуға  мүмкіндік  беретін  тұлғааралық  және 

мәдениаралық  қарым-қатынастардың  аса  маңызды  құралы  болып 

табылады.  Мемлекеттің  халықаралық  байланыстарының  сапалық 

өзгерістері  адамның  практикалық  және  зияткерлік  іс-әрекетінде 

ағылшын тілі сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр. 


ХХІ  ғасыр  табалдырығын  білім  мен  ғылымды  инновациялық 

технология  бағытымен  дамыту  мақсатымен  аттауымыз  үлкен 

үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың 

болашағы бұлынғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән- 

мағыналы, өнегелі, тәрбиелі, білім беру бүгінгі күннің талабы. 

Еліміздің  басқа  мемлекеттермен  қарым-қатынасы  артып 

отырған  шақта  ағылшын  тілін  еркін  меңгерген,  келешекте  білімін 

түрлі  саладағы  қарым-қатынас  жағдайында  пайдалана  алатын 

адамды  мектеп  қабырғасынан  оқытып  шығару  -  біздің  казіргі 

кездегі міндетіміз. Ағылшын тілін тереңдетіп, жан-жақты оқытуды 

қоғам, уақыт қажет етіп отыр. Қазақстан Республикасының тәуелсіз 

елге  айналып,  әлемдік  өркениеттің  даму  жолына  түсуі,  ағылшын 

тілін  жетік  меңгертуді  талап  етеді.  Ағылшын  тілін  ерте  жастан 

оқытудың    мақсаты  –  оқушылардың  ағылшын  тілінде  қарым-

қатынас  жасай  алу  негіздерін  меңгеруі  болып  табылады.  Ерте 

жастан  ағылшын  тілін  оқыту  оқушылардың  коммуникативті  даму 

біліктілігін  арттырады,  оқушылардың  қызығушылығын  оятуға 

мүмкіндік  береді,  бірден  көп  тілдерде  сөйлеуге  мүмкіндік  алады. 

Ал,  әлемдік  тіл  ретінде  бейресми  түрде  орныққан  ағылшын  тілін 

меңгеру  ұлттың  бәсекеге  қабілеттілігін  шыңдай  түседі.  Қазір 

ағылшын тілін білу – уақыт талабы. 

Бағдарламаның  мақсаты:  оқушыларды  әр  түрлі  соңғы 

әдістемелер  арқылы  еркін  де  сенімді  сөйлеуге  үйрету, 

коммуникативті тәсіл арқылы алған білімін өз ортасында, қоғамдық 

орында  қолдануға  дағдыландырып,  білім  деңгейін  тереңдету, 

ағылшын  және  қазақ  елдері  туралы  ауқымды  мағлұмат  беру, 

таныстыру.  

 

Міндеттері:  



-Оқушының    бойына  тілдерге  деген  қызығушылығын,  оны 

үйренуге құштарлығын сіңіру;  

-жеке  тұлғаның  заман  талабына  сай  өмірге  икемделуіне 

бағыттау  және  оның  басқа  елдің  тілін,  мәдениетін,  тарихын  және 

әдет-ғұрпын танып білуіне ықпал ету;  

-  Оқушының  сезімтал,  шығармашыл,  әлеуметтік,  танымдық 

және  тілдік  қабілеттерінің  дамуына  жағдай  жасай  отырып,  оның 

жалпы дамуына едәуір үлес қосу;  

-бастауыш  сынып  оқушыларын  шетелдік  құрдастар  әлемімен, 

әндермен,  тақпақтармен,  оқулық  және  ертегі  кейіпкерлерімен 



таныстыра отырып, тілді тез меңгеруге және өздерін еркін сезінуге 

көмек тигізу.  

Оқыту  барысында  тыңдау,  сөйлеу,  оқу,  жазу  дағдылары 

біртіндеп  дамиды.  Тыңдауға  үйрету  мүмкіндігінше  барлық 

сабақтарда  жүреді,  оқушы  мұғалімнің,  достарының  айтқанын 

тыңдап  түсіне  алады.  Сөйлеу  көбіне  жұптық,  топтық  жұмыстар 

кезінде іске асады. 

Бағдарлама бойынша 1 сыныпта ауызша кіріспе курсы жүреді, 

оған  ең  негізгі  деген  тақырыптар  таңдалып  алынды.  Мысалы: 

Жанұя, түр-түс,  1-10 дейінгі сан, жануарлар, ауа-райы, спорт, дене 

мүшелері ең жиі кезігетін етістіктер, модалды етістік, «болу» «бар 

болу»  етістіктерін  қолдану.  Ал  2  сыныптың  бірінші  жарты 

жылдығында өткен сынып материалдарын қайталау болып табылса, 

екінші  жарты  жылдықта    әріптерді  танып,  жазуға  үйренеді,  сөздік 

қорын  кеңейтеді.  Келесі  сыныптарда  тақырып  ауқымы  кеңіп, 

граматикалық материалдар қосылып білім аумағы кеңейе береді.  

Ағылшын  тілін  оқытуда  оқушылардың  қызығушылығын  ояту  - 

басты мәселе. Шетел тілін меңгеруде көп қиыншылықтар кездеседі. 

Бұл  қиыншылықтарды  жеңу  үшін  пәнге  деген  ынтасын  әуестігін 

арттыру керек.  

Оқушылардың 

шығармашылық 

 

қабілетін 



арттырып, 

ынталандыру  үшін  сабақтарды  мынадай  жолдармен  өткізуге 

болады: 

1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану

2. Сабақты түрлендіріп өткізу; 

3.  Сабақта  оқушылар  өздері  жасаған  суреттер,  схемаларды 

пайдалану; 

4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану

5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету. 

Ағылшын  тілі  сабақтарында  оқушылардың  білім  –біліктілік, 

танымдық,  коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыруда  ойын 

элементтерін  қолданудың  маңызы  зор.  Ойын  –  ақыл-ой  мен  сезім 

күшін  талап  ететін  ерекше  ұйымдастырылатын  сабақтар.  Ойын 

әрқашан шешім қабылдауды ұсынады – қалай істеу, не айту, қалай 

ұту  қажет?  Осы  мәселелерді  шешу  тілегі  ойнаушылардың  ойлау 

әрекетін  арттырады.  Ал  егер  оқушы  сонымен  қатар  шетел  тілінде 

сөйлесе,  ол  оқытудың  бай  мүмкіндігін  ашады.  Балалар  ол  туралы 

ойланбайды.  Ойын  олар  үшін  ең  бастысы  –  еліктіргіш  сабақ. 

Сонысымен  ол  оқытушыларды,  соның  ішінде  шет  тілдер 


оқытушыларын қызықтырады. Ойын кезінде барлығы тең. Ол тіпті 

нашар  оқушылардың  да  қолынан  келеді.Тіпті  тіл  даярлығынан 

нашар  оқушы  ойында  бастаушы  болуы  да  мүмкін:  кей  кезде  бұл 

жердегі  тапқыштық  пен  түсінгіштік  пәнді  білуден  де  маңызды 

болады.  Теңдік  сезімі,  қуаныш  атмосферасы,  тапсырманың 

қолынан  келетіндігін  сезіну  –  сөзінде  басқа  тіл  сөздерін  еркін 

қолдануға  бөгет  жасайтын  балалардың  ұялшақтық  сезімін  жеңуге 

мүмкіндік береді  және оқыту нәтижесіне жағымды әсерін тигізеді. 

Байқаусыз  тіл материалы меңгеріледі  –  «мен басқаларымен бірдей 

сөйлесе алады екенмін» деген ой оқушы жадына келеді. 

Сонымен  бірге  ойынды  оған  тән  белгілермен  –  сөйлеу 

ықпалының  мақсаттылығымен,  күтпегендігімен,  әсерлілігімен 

шынайы сөйлеу арқылы араласуға барынша жақындатылған сөйлеу 

үлгісінің  көп  қайталанатын  пысықтауы  үшін  мүмкіндік  туатын 

жағдайдағы түрлі-жағдайлы жаттығу ретінде қаралады. 

Ойындар  маңызды  әдістемелік  тапсырмалардың  орындалуына 

мүмкіндік туғызады: 

1.  Балалардың  сөйлеу  арқылы  араласуына  психологиялық 

дайындығын жасауға; 

2.  Олардың  тіл  материалын  көп  қайталауына  табиғи 

қажеттілікті қамтамасыз етуге

3.  Сөйлеудің  жалпы  алғанда  күтпеген  жағдайға  дайындығы 

болып  табылатын  оқушылардың  қажетті  сөйлеу  үлгісін  таңдап 

алуға жаттықтыруға. 

 

 

Міндеттері: 



1. 

Ойын 


әдістемелерін 

ағылшын 


тілі 

сабағында 

жасөспірімдердің 

танымдық 

белсенділігіне 

ынталандыру 

құралдары  ретінде  пайдалану  проблемалары  жөніндегі  әдебиетті 

зерделеуге. 

2.  Ойын  әдістемелерін  топтастыруға  әртүрлі  көзқарастарды 

талдауға. 

3.Жасөспірімдердің 

ағылшын 


тілін 

үйренудегі 

ойын 

әдістемелерін  пайдалану  ерекшеліктерін  атап  көрсетуге.    Сабақ 



үрдісінде  оқушыларға  ойынның    мақсаты  мен    талаптары,  ережесі 

толық  түсінікті  болуы  өте  маңызды  рөл  атқарады.  Ойын  әдісі 

арқылы  оқыту  олардың,  пәнге  деген  қызығуын  арттырамыз,  өз 

ойын,  пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның   жауабын 



тыңдап,  оны  толықтыруға,  жетістіктері  мен    кемшіліктерін  айта 

білуге  жаттығады.  Жақсы  құрастырылған  және  де  үздік  әдіспен 

ұйымдастырылған 

ойын 


 

практикалық, 

тәрбиелік 

және 


дамытушылық  жағынан  оқыту  тәсілі  болып  табылады.  Ойынға 

қойылатын әдістемелік талаптар: 

1.Ойынның мақсаты нақты болуы керек.  

2.Ойын тәртібі әбден түсіндірілуі керек  

3.Көрнекіліктер мен материалдар алдын ала таныс болуы керек  

4.Оқушылар  түгел  қамтылуы  тиіс.  Дұрыс  шешім  қабылдауға 

дайын болу керек. 

Оқытушы  ойынның  жүру  барысында  оқушылардың  түгел 

қатысуын  қадағалаумен  қатар  оларды  ойын  үстінде  дұрыс  шешім 

қабылдай білуге жетелеуі маңызды болып табылады. Жеке тұлғаны 

қалыптастыру  үстінде  оқушы  қабілетін  зерттеудің  тиімділігін  де 

пайдаланған  абзал.  Біздің  мақсатымыз  –ақыл  –ойын,  сезімін, 

білімін,  құзыреттілігін  еркін  үйлесімділікте  ұстай  білетін,  өнегелі 

мінез  қалыптастырып,  адамгершілік  қағидаларды  меңгерген  тұлға 

тәрбиелеу.  Бұл  ретте  білім  мен  тәрбиені  ұштастыра  отырып 

оқушылардың  бойында  өзіне  сын  тұрғысында  қарау  түсінігін 

қалыптастыруға  күш  салуымыз  қажет.  Ол  үшін  әңгіме,  пікірталас, 

және басқа әдіс –тәсілдерді, сондай –ақ ролдік, іскерлік ойындарды 

енгізіп отырған жөн.  

Ағылшын тілін үйрету барысында музыканың ықпалы зор. Ән 

тілідік  қарым-қатынас  құралы  ретінде  жаңа  сөздер  мен  сөз 

тіркестері  құралып  оқушының  сөздік  қорының  көбеюіне    ықпал 

етеді.  Ән,  өлең  тыңдау  кезінде  таныс  лексика  оқушы  есінде  тез 

жатталады.  Шет  тілінде  ән  айтып  үйрену  барысында  оқушы 

дыбыстарды  дұрыс  атап  үйренеді,  сөйлемге  дұрыс  екпін  қояды. 

Әнмен  жұмыс  барысында  оқушының  көңіл  күйі  көтеріліп,  тілге 

деген қызығушылығы арта түседі.Сабақ барысындағы әндер мұқият 

жас  ерекшелігі  ескеріліп  таңдап  алынуы  керек.  Сонымен  қатар 

электронды  оқулықтардың  пайдасы  өте  зор.  Сабақта  электронды 

оқулықтарды  пайдалану  арқылы  оқушының  шығармашылық 

қабілетін  арттыруға,  ізденісін  ұлғайтуға,  танымдық  көзқарасын 

қалыптастыруға, 

өзіндік 

жұмыстарды 

тез 

орындауға 



машықтануына негіз қаланады. 

Электрондық  оқулықта  тәжірибелер  мен  басты  кейіпкерлердің  

өмірі,  анықтамалық  сөздік,  әр  тарау  бойынша  тестік  сұрақтар  бар. 


Бұл  мәлімет  оқушылардың  өзіндік  ізденісін  тудырады  және  осы 

бағытта жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Қазіргі  заманғы  жаңа  ақпараттық  технологияны  қолдану 

арқылы  оқу-тәрбие  үрдісінің  барлық  деңгейінде  пәнаралық 

байланыстарды  тереңдетуге  мүмкіндік  туады.  Бұл  оқушының 

ақпаратты,  қоғам  жағдайында  ойлау  қабілетін  арттыра  түседі. 

Осындай 

бағыттағы 

білім 

оқушыларды 



Отанға 

деген 


сүйіспеншілікке, достық пен ынтымаққа баулиды. 

Оқушылдарының 

оқу-танымдық 

құзыреттіліктерін 

қалыптастыра  отырып,  танымдық  іс-әрекет  белсенділіктерін 

арттыру  үшін,  көрнекі  құралдар,  техникалық  құралдарды  жиі 

пайдалану қажет.  

Мұнда  оқушыда  кез-келген  ақпаратты  алғаннан  кейін  немесе 

мәтінді  алғаннан  кейін  сол  мәліметке  қатысты  өзіндік  көзқарас 

туындайды.  Яғни,  адамның  ішкі  жан  дүниесінде  сезімдік, 

эмоционалдық  із  қалдырады,  сол  себепті  мұғалім  берілетін 

ақпараттарға  жағымды  қатынас  туындатып,  білімнің  негізін 

қалайды.  

Бастауыш сынып барлық білімнің қалануының негізі.Бастауыш 

сынып оқушыларына нені үйретсең соны санасына сіңіретін нағыз 

қабылдау  жасында  болғандықтан,  мейлі  қандай  тіл  болмасын  өте 

тез  игеріп  алуға  болады.3  тұғырлы  тілді  алға  ұстаған  қазіргі  кезде 

біздің  мектебімізде  ағылшын  тілі  бірінші  сыныпта  факультативті 

түрде  және  үшінші  сыныптан  бастап  өтуді  негіз  етіп  отыр. 

Балдырғандарымыз  тіл  жағындағы  қадамын  нық  басса,  алдағы 

болашақта  нұрлы  жолға  қадам  тастауына  негіз  қаланар  еді. 

Бастауыш 

сынып 

оқушыларының 



тілі 

толық 


дамып 

жетілмегендіктен  әрине,  ағылшын  тілі  басында  қиынырақ 

сезілгенімен, соңына келе біртіндеп қалыптасып, жаттық  әрі әдемі 

ағылшын  тілін  сөйлеуіне  болады.  Бастауыш  сынып  оқушылары 

ауыр  сабақ  жүгін  алып  жүре  алмайтындықтан  біз  балаларды 

ағылшын  тілінен  жалықпауы  үшін  көбінесе  жаңаша  үйрету 

тәсілдерімен  тәрбиелеуіміз  қажет.  Тіл  адамның  қарым-қатынас 

құралы  болғандықтан,  ол  адам  баласы  сөйлеу  әрекетінің  ғылыми 

тұрғыда  жан-жақты  зерттелуі  тіл  білімінде        ХХ  ғасырда  бастау 

алады. Тіл білімі үшін сөйлеу әрекетін зерттеу үлкен мәселелердің 

бірі  екендігін  швед  лингвисі  Фердинанд  де  Соссюр  алғаш  болып 

көрсеткен.Бала тілін зерттеген ғалымдар: А.Шахнарович, Л.Щерба, 

Е.Кубрякова,  С.Канцельсон,  Т.Аяпова  т.б  Л.Щерба:  «Сөйлеу 

әрекеті  дегеніміз-үздіксіз  үрдіс  және  ол  сөйлеу  үрдісі  мен 



тыңдаудан  тұрады»,-  деген.  Т.Аяпова:  «Адам  баласының  сөйлеуі-

баланың  алғашқы  сөйлеуі  -  және  тілдік  ортада  түсінуі,  белгілі  бір 

жағдаятқа байланысты, мақсатты, қажетті болып  табылатындығын 

айқындайды»,-  дейді.  Зерттеу  жұмысында  ауызекі  сөйлеу 

мәдениетінің теориялық негіздері қарастырылады. Бірінші бөлімде 

тіл  мәдениеті  туралы  ғалымдар  көзқарасы  көрсетіледі.  Сонымен 

қатар ауызекі сөйлеудің өлшемдері мен оған қойылатын талаптары 

баяндалады. Екінші бөлімде оқушылар ауызекі сөйлеуге үйретудегі 

коммуникативтік  әдістер  туралы  сөз  болады.  Орта  буын 

оқушыларын  тіл  мәдениетіне,  яғни  ауызекі  сөйлеуге  үйретуден 

алынған  нәтижелер  және  эксперимент  сынып  оқушыларын  тіл 

мәдениетіне  үйретуден  алынған  нәтижелер  салыстырылады. 

Зерттеудің  ғылыми  болжамы:  Оқушылар  тілін  дамыту  белгілі  бір 

жүйемен үздіксіз жүргізіліп, оларды жүйелі сөйлеуге дағдыландыру 

кешенді  жұмыстар  мен  жаттығулар  негізінде  ұйымдастырылса, 

оқытудын  жаңа  техналогияларын  қолдану  арқылы  күтілетін  білім 

нәтижелері  оқушылардың  ауызша  сөйлеу  дағдысын  дамытуға 

негізделсе,  онда  оқушылардың  тілін  дамытудың,  сөздік  қорын 

байытудың  нәтижесі  мен  мүмкіндігі  арта  түседі.  Мектеп 

оқушыларының  ауызша  сөйлеу  дағдысын  қалыптастыра,  онда 

оқушы  келешекте  қоғамдық-әулеметтік  ортада  ойын  еркін 

жеткізуге,  әдеби  нормада  жүйелі,  шебер  сөйлеуге  дағдыланады. 

Зерттеудің  теориялық  маңыздылығы:  Сөйлеу  аудирование,  оқу 

және  жазумен  тығыз  байланысты.  Сөйлеу  тікелей  оқумен 

байланысты.  Коммуникативтік  оқытуда  білім  беру  -  оқушы  өзін 

ауызша  (тыңдап  түсіну,  сөйлеу)  және  коммуникацияға  (оқу  және 

жазбаша)  тарту,  яғни,  оқылып  жатқан  тілде  қарым-қатынасын 

қалыптастыру  деген  сөз.  Бұл  бағытты  ағылшын  тілін  оқытуда 

кеңінен  пайдалануды  үйрету  зерттеу  жумысының  теориялық 

маңызын  құрайды.  Қазіргі  Қазақстандық  қоғам  көп  ұлттық,  көп 

тілдік  және  көп  мәдениеттілік  жағдайда.  Сондықтан  осы  қоғамға 

бейімделген  көп  тілді  меңгерген  мәдениетті  тұлға  қалыптастыру  - 

өзекті мәселелердің бірі. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында 

сөйлеген  сөзінде:  «Біз  алдағы  уақытта  осы  алған  бағытымыздан 

таймай әлемдік биіктерді бағындыра беретін боламыз Сондай биік 

белестердің  бірі-  Қазақстанның  дүние  жүзіндегі  бәсекеге  қабілетті 

50 елдің қатарына кіруі. Ол мақсатқа жету үшін, ең алдымен, әрбір 

қазақстандық    бәсекеге  қабілетті  болу  керек»  деген  болатын. 

Сонымен  қатар  осы  мақсатқа  жету  жолдарымен  де  таныстырып 



өтті.  Тіл  мәселесін  сөзге  тиек  ете  отырып,  Н.Ә.Назарбаев 

қазақстандықтардың  жаңа  ұрпағы  ең  кем  дегенде  үш  тілді  біліп, 

қазақ, орыс, және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін айтты. 

Сонымен қатар ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлттың бәсекеге 

шынайы  қабілеттілігі  туралы  айту  қиын  болатындығын  ескерте 

отырып,  барлық  ата-аналарды  балаларын  үш  тілде  оқытуға 

шақырды.  Шәкіттер  қазақ  тілін  толық  әдеби  нормада  меңгеріп, 

орыс  тілі  мен  ағылшын  тілін  еркін  білу  қажет.  Ал  ғалымдардың 

зерттеуінше,  бала  жас  кезінде  тілді  қиналмай  әрі  еркін  меңгереді 

екен.  Осы  ретте  Білім  және  Ғылым  министрлігінің  ағылшын  тілін 

бастауыш  сыныптан  бастап  үйретуге  назар  аударуы-дұрыс  талап. 

Бүлдіршін  жаста  меңгерілген  білімнің  іргетасы  берік  әрі  мықты 

болмақ.  Ал  осы  берік  әрі  мықты  білімді  санаға  себелеп,  жанға 

ұялататын  әрине  мұғалім.  Ағылшын  тілі  пәні  мұғалімдері  қазіргі 

кезде    ағылшын  тілін  оқыту  сапасын  жақсарту  мақсатында  тіл 

үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерді, жаңа техналогиялар 

мен  әдістерді  барынша  қолдануда.  Ағылшын  тілі  сабағында 

оқушылардың  тілін  дамыту,  білім  -  білік  дағдыларын 

қалыптастыру,  сөйлеуге  деген  қызығушылығын,  белсенділігін 

арттыру  мақсатында  жүргізілетін  жұмыстарға  төмендегідей 

әдістерді  жатқызуға  болады:  ауызша  әдіс,  көрнекі  әдіс, 

практикалық  әдіс,  іздену  әдісі,  индуктивтік  әдіс,  өзіндік  жұмыс 

әдісі,  ойын  әдісі  болып  келеді..Елдің  болашағы  келешек  ұрпақтың 

қолында,  яғни  олар  мұратты,  маральды,  тәртіпті  болумен  қатар 

мықты  білім  иесі  болуы  тиіс.  Бұнымен  қоса  дүниенің  қай 

бұрышында  болмасын    өзін  алып  шығатын  қабілетке  ие  болулары 

керек  емеспе?  Бұған  қазіргі  заманда  дүние  жүзінің  ортақ  тіліне 

айналған ағылшын тілінің қатысы қалай болмасын. 



 

Әдебиеттер 

 

1.  «Ойын  әрекеті  арқылы  белсенділікке  баулу».  Петров  А.В. 

2001. 

2. «Бастауыш мектептегі ойын технологиясы арқылы оқыту». 

Калмыкова Е.В, 2007. 

3. Ойын технологиясының ерекшеліктері // Интернет. 

4.  Креативтілікті  дамытудағы  ойын  технологиясы  // 

Интернет. 

5. Колесникова И.Е. Игры на уроке английского языка. 1999 ж. 

6. Мектептегі шет тілі, 2006 ж.  №2 

7. Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері. 2008 ж.  №5  

8. Қазақстан мектептерінде ағылшын тілін үйрету журналы. 

– Алматы: 

9.  Амандыкова  Г.Н,Мұхтарова  Ш.Е,  Баймұқанова  Б.С  «Шет 

тілін оқыту әдістемесі» 

 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал