8.Стоматологиядағы құрал-саймандарды залалсыздандырудан алдыңғы өңдеу кезінде бүркелген қанды анықтау үшін азопирам сынамасын дайындау қажет. 1- Азопирам сынамасының құрамына қандай заттар кіреді? 2- Азопирам ерітіндісін дайындау ережесі кандай? 3- Азопирам ерітіндісін қолдану тәртібі қандай? Жауап: 1ерітіндіні дайындау: 100 мл ерітіндіні әзірлеу үшін 10 гр амидоприн және 0,5 грамм анилиннің тұзды қышқылын өлшеп аламыз. Құрғақ ыдыста араластырып 100 мл-ге дейін 95 % этил спиртін құямыз.
2 Дайын ерітіндіні аузы жабылып +4гр –та тоңазытқышта 2 айға дейін сақтауға болады. Жұмысшы ерітінді дайындау үшін дайын еретінді мен 3% сүтегі асқын тотығын тең мөлшерде араластырамыз.
3 Сынама қою үшін құрал-саймандар ға 2-3 тамшы реактив тамызылады не мақта ерітіндіге малынып, онымен сүртіледі. Егер құрал-саймандарға қан қалдығы болса ол 1-1,5 минут уақыттың өзінде сия-көк түске енеді.
9.Сіз медбикенің стоматологиядағы құрал-саймандарды залалсыздандырудан алдыңғы өңдеу кезеңдерін жүргізуін бақылауға келдіңіз. Ол құрал саймандарды 1 сағатқа дезинфектантқа салып қойды, одан алып жуу ерітіндісіне бөктірді. 1- Медбике дұрыс орындап жатыр ма?. 2- Құрал –саймандарды өңдеу кезеңдері қанша? 3- Құрал –саймандарды өңдеу кезеңдерінің реттілігін айтыңыз. 1. Медбике стоматологиядағы құрал-саймандарды залалсыздандырудан алдыңғы өңдеу кезеңдерінде құрал-саймандарды 1 сағатқа дезинфектантқа салып, одан алып жуып дұрыс орындамады. Ол бірінші стерилизация алдыңғы кезеңді орындауы керек еді яғни, құрал-саймандарды, көзге көрінетін қан, дәрі, пломбалық материалдан тазалау үшін №1 дезинфектант құйылған ыдыста механикалық жолмен жуып-тазалап алып, механикалық өндеуден өткізілген құрал-саймандарды дезинфектант салынған №2 ыдысқа 1 сағатка салып жібітіп қойып, құрал-саймандар 2- ыдыстан алып, ағын суда шаюы керек еді.
2. Құрал- саймандарды өңдеу кезеңдері 6 кезеңден тұрады.
1 – кезең )
Құрас – саймандарды, көзге көрінетін қан, дәрі, пломбалық материалдан тазалау үшін дезинфектант құйылған ыдыста механикалық жолмен жуып – тазалап аламыз.
Механикалық өңдеуден өткізілген құрал- саймандарды дезинфектант салынған 2 ыдысқа 1 сағатқа салып жібітіп қоямыз. Құрал-саймандар 2 ыдыстан алынып, ағын суда шайылып алынады.
2- кезең )
Алдын жуу ерітіндісін дайындап аламыз. Жуатын ерітіндінің құрамы : 1 литр жуатын ерітінді дайындау үшін 5 грамм жуатын ұнтақ + 20 мл. 33% пергидроль + 975 мл су құямыз. Құрал саймандар 50-60 градусқа дейін ысытылған ерітіндіге 15 минутқа салып жібітіледі. Шүберектен әр бір құралды ысқалап жуамыз.
3 – кезең )
Кейін 3-6 минут ағын суда шайылады.
4- кезең )
Бүркелген қанға азопирам сынамасы қойылады. Егер нәтиже оң болса құрал-саймандар қайта 2 кезеңе қайтарылып жалғастырылады. Егер нәтиже теріс болса , онда жуатын ерітінді қалдығын анықтау үшін фенолфталиен сынамасы қойылады. Егер нәтиже оң болса қайтадан ағын суда шайылады.
5- кезең )
Теріс нәтиже болғанда олар дистелденген суда 10 минут қайнатылады.
6 – кезең )
Құрал – саймандар құрғақтық шкафында кептіріліп, жиылып, залалсыздандыруға жіберіледі.
3.
Инструкцияға сай қолын жуып, биялай мен бетперде киді
Лотоктан науқасқа қолданылған таңу материалдары және қоқыстарды «Б» қорабына салды.
Құрал-саймандарды, көзге көрінетін қан, дәрі, пломбалық материалдан тазалау үшін №1 дезинфектант құйылған ыдыста механикалық жолмен жуып-тазалап алды.
Механикалық өндеуден өткізілген құрал-саймандарды дезинфектант салынған №2 ыдысқа 1 сағатка салып жібітіп қойды.
Құрал-саймандар 2- ыдыстан алып, ағын суда шайды.
Алдын жуу ерітіндісін дайындап алды. Жуатын ерітіндінің құрамы: 1 литр жуатын ерітінді дайындау үшін 5 грамм жуатын ұнтақ + 20 мл. 33% пергидроль + 975 мл су құйды. Құрал саймандар 50-60 градусқа дейін ысытылған ерітіндіге 15 минутқа салып жібітті. Шүберекпен әр бір құралды ысқалап жуды.
Құрал-саймандар 3-6 минут ағын суда шайды.
Бүркелген қаңға азопирам сынамасын қойды.
10.Стоматолог дәрігерге 36 жастағы А. есімді науқас алдын алу мақсатта тістерін көрсетуге келді. Ауыз қуысын стоматологиялық айна және зонд көмегімен объективті қарау кезінде 46,47,18-ші тістерінің табиғий ойықтарында ақ дақ пайда болғаны анықталды. Науқаста ешқандай шағым жоқ. ЭОМ 2 мкА көрсетеді. Термометрияда теріс көрсеткіш көрсетті.