6. И. Г. Песталоццидің, Ф. А. Вильгельм Дистервегтің педагогикалық теориясы мен тәжірибесі


К.Д.Ушинский — Ресей ғылыми педагогикасының негізін қалаушы



бет4/6
Дата04.06.2023
өлшемі58,18 Kb.
#98590
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
6-10 Пед тарих

К.Д.Ушинский — Ресей ғылыми педагогикасының негізін қалаушы.К.Д.Ушинский теориясының басты идеясы — халықтық тәрбие беруге саяды, ол халықтың шығармашылық қабілеті мен күшіне сенім арту қажеттілігін және олардың білім алуға құқы болуы керектігін айтты.
Оның халықшылдық идеясы ұлттық тұрғыдан шектелу дегенді білдірмейді. Өзге халықтардың жетістіктерінің пайдасын жоғары бағалай келіп, ол халықтық білім беру негізінің мықтылығына тоқталады. Мектеп ісін басқаруда қоғамдық ой-пікір мен халықтық идеяны басшылыққа алудың маңызын көрсетеді. Осы ұстаным тұрғысынан К.Д.Ушинский ер балалар мен қыздарға жалпы білімді ана тілінде беру керек дегенді баса айтты.
Орыс мектептерінде халықтық ұстанымды сақтау үшін орыс тілінің алдыңғы пәндер қатарына шығарылуын талап етті. Ана тілінде оқыту баланың сөзді түйсініп, сезіну, түсіну қабілетін, дүниетанымын арттырады, сөз құпиясын ашады (“кез келген білім — ана тілге оранған болуы тиіс”) деді. Халықтық принцип еңбекпен тығыз байланысты, бұл жеке тұлғаны дамытудыңнегізгі факторы, баланы еңбекке баулу арқылы халықтың өміріне терең бойлап, оны мейілінше түсініп, сезінуіне болады дептүсіндірді.
К.Д.Ушинский тәрбиені “тарихты жасаушы” деп қарастырды. Адам тәрбие пәні болса, ал педагогика адам тәрбиелеудіжан-жақты қарастыру үшін оны терең зерттеп білуі тиіс. Адамды физиологиялық және психикалық тұрғыдан зерттеп, қоғамдық ортаның “уақыт рухын”, оның мәдениеті мен қоғам идеалының ықпалын — “бағытталмаған тәрбие” ықпалын ескерукерекдепсанады.Педагогика “бағытты тәрбиені” ұйымдастыру үрдісінде адам туралы ғылым жетістіктерін қолданады, оны К.Д.Ушинский “антропологиялық” деп атады: философия, саясиэкономия, тарих, әдебиет, психология, анатомия, физиология, т.б.
К.Д.Ушинскийдің “антропологиялық” ұстанымыфизиологиялық және психикалық үдерістерді жоғары ғылыми деңгейде түсінуге, іргелі педагогикалық мәселелерді, әсіресе дидактика саласындағы мәселелерді шешуге көмектесті. Сонымен қатар ол, оқытуды ақыл-ой, адамгершілік, дене дамуының құралы деп қарастырды. Оқытубілім беру жәнетәрбиелеудіжүзегеасырады.Оқытуүдерісіндемұғалімоқушыларға білім беріп, дағдыны қалыптастырса, ал оқушылар білім мен дағдыны меңгереді.
Көрнекті педагог оқыту үдерісінде екі кезеңге бөлді. Бірінші кезеңде — білімдібелгілі бір жүйеге келтіру. Ол үшін зат пен құбылысты біртіндеп қабылдау керек; оларды салыстырып, ортақ қасиеттерін табу шарт; алғашқы ұғымдарын қалыптастыру; ол ұғымдарды жүйеге келтіру.
Екінші кезеңнің мәні — алған білімі мен дағдысын қорытып, бекіту.
Оқыту үдерісі негізгі дидактикалық ұстанымдарға негізделуі тиіс: саналылық пен белсенділік, көрнекілік, бірізділік, түсініктілік, беріктік.
Ол оқытудағы әлемдік сыныптық-сабақтық жүйені қолдап, оны мектептегі оқытуды ұйымдастырудың ең тиімдісі деп санады. Оның жүйесінде белгілі тәртіпті қадағалауы тиіс: сыныптағы тұрақты оқушылар санының болуы; сабақтың өтілу реті сақталып оқу кестесінің құрылуы; мұғалімнің бүкіл сынып оқушыларымен және жеке оқушымен жұмыс жасауы.
К.Д.Ушинский оқытудың сабақтық-сыныптық жүйесіндегі жетекші рөлді мұғалім атқарады, сабақтың әр түрлі өтуі оның мақсатына байланысты екендігін айтты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет