6. И. Г. Песталоццидің, Ф. А. Вильгельм Дистервегтің педагогикалық теориясы мен тәжірибесі


Л.Н.Толостойдың бастауыш оқыту және халық мектебі теориясының дамытудағы педагогикалық еңбектерінің маңызы



бет5/6
Дата04.06.2023
өлшемі58,18 Kb.
#98590
1   2   3   4   5   6
9.Л.Н.Толостойдың бастауыш оқыту және халық мектебі теориясының дамытудағы педагогикалық еңбектерінің маңызы.
Педагогика, тәрбие және оқыту мәселелері Л.Н.Толстойдың практикалық және теориялық қызметінде ерекше орын алады.60-жылдардағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың әсерімен Л.Н.Толстой халық ағарту саласында қоғамдық-ағартушылық қызметпен қызыға айналысты. 1859 жылы Ясная Полянада шаруа балалары үшін мектеп ұйымдастырды, 1861-1862 ж.ж шақырылған мұғалімдермен бірге онда сабақ берді. Оның ынтасымен Ясная Полянаға жақын жерлердегі болыстарда көптеген бастауыш ауыл мектептерін ашты. 1860-1861 ж.ж шетелге барып, онда ол Францияның, Италияның, Бельгияның көптеген мектептерінің жұымысымен танысты. Бұл елдердің мектептері Л.Н.Толстойға жағымсыз әсер қалдырды. Бұл мектептердің әсіресе Германия мектептерінің негізгі кемшіліктері ретінде формализм, педантизм, оқушылар үшін еркіндіктің болмауын атап өтті. Толстой бұл мектептердің тәжірибесін алуға болмайтындығы туралы қорытындыға келді, Ресейде мектепті басқа негізде дербес құру керектігін атап өтті.
Ясная Поляна мектебінің жұмысы басқа негізде құрылды, сол кездегі орыс және батысеуропалық мектептерден түбірімен өзгеше негізде құруды жоспарлады.
Бұл мектепке тән ерекшелікң баланың жеке басын басып-жаншитын құралдардың болмауы, керісінше, толық еркіндік, баланың шығармашылық күшіне терең сене білу, оларға ізгілікпен қарау, білімге деген олардың сұранысы мен қызығуын қанағаттандыру туралы әруақытта да қамқорлық жасау.
Бұл ескі мектепке қарағанда оқушылар үшін қолайлы жағдайды жасады және олар мектепке ерекше қызығумен қатысып отырады, қызыға оқыды, үлкен шығармашылық белсенділікпен дербестік аңғартты. Ясная Поляна мектебінің тәжірибесімен өте қызыға айналысқан, оның нәтижелерімен қанағаттанған Толстой бұл тәжірибені басқа мектептерге тарату ісін қолға алды. Осы мақсатпен ол “Ясная Поляна” педагогикалық журналының басылымын ұйымдастырды, оның бірінші кітапшасында Ясная Поляна мектебінің тәжірибесі жан-жақты суреттелді.
1862 жылы Ясная Поляна мектебінде полицияның жүргізген тінтуінен кейін Ясная Поляна мектебі өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Толстой да педагогикалық қызметін біржола тоқтатып, “Соғыс және бейбітшілік” романын аяқтауға кірісті. 1870 жылы Толстой тағы да педагогикалық қызметке оралды (романмен жұмыс аяқталғаннан кейін). Осы кезде Толстой “Әліппе” атты алғашқы оқыту үшін оқу кітабын құрастырды, кейін “Жаңа әліппе” жарық көрді және сауат ашуға оқытудың жалпы мәселелерін талдайтын “Оқу кітабын” құрастыруға ерекше көңіл бөлді.
70-жылдардың екінші жартысында Толстой діни мәселелерге ерекше мән беруге байланысты педагогикалық қызметтен уақытша алыстауға тура келді, өмірінің соңғы кезінде ол педагогика мен тәрбие мәселелеріне қайта оралады. 70-жылдары Толстой балаларды тағы да Ясная Поляна мектебінде шәкірттерді қайта оқыта бастады, шаруа мұғалімдер семинариясының жобасын жасады. Өмірінің соңғы кездерінде Толстой тәрбиенің негізіне дінді қоя отырып, діни-адамгершілік ілімді насихаттады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет