6. И. Г. Песталоццидің, Ф. А. Вильгельм Дистервегтің педагогикалық теориясы мен тәжірибесі



бет3/6
Дата04.06.2023
өлшемі58,18 Kb.
#98590
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
6-10 Пед тарих

X-XYlI ғРесейдегі тәлімтербие мен білім беру


Ежелгі Русьте білім беру және тәрбиелеу мәдениеті қалыптаса бастады. Прокопий Кесарийскийдің (VI ғ.) шығармаларында славяндарға тән тұлғалық мынадай сапалар аталады: көпшілдік және әділдік, жоғары құдыретті күштің бар екендігін мойындау, сиқырлыққа сену, қайырымды болу, жауынгерлік, еркіндікті сүйетін, батыр, денесішымыр, күштіболу.Ежелгіславяндардыңтыныс-тіршілігіндеалғашқы қауымдық құрылыстағы білім беру мен тәрбиелеу дәстүрлері сақталды, олар:
балаларды балалық шақтан бастап түрлі істерге араластыру көзделді;
ер және қыз балаларды тәрбиелеудің өзіндік ерекшеліктерінің болуы;
түрліғұрыптардысақтаудыұстану.Алғашқықауымдағыэкономикалықүдерістердің дамуынан шаруашылықтың түр-түрі пайда болды. Ол отбасының жіктелуіне, сөйтіп, түрлі әлеуметтік топтардың, яғни жер иеленушілер, қолөнершілер, ақсүйектер, дін иелері, т.б. пайда болуына ықпал етті. Осыған орай әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүддесіне қажетті тәрбие ерекшеліктері қалыптасты.
Бала тәрбиесіқашанда отбасынанбасталады. Онда әсіресе ана тәрбиесі басым еді. Балаларды жас ерекшеліктеріне қарай былайша бөлген: “ сәби”- емшек еметіндер; “балдырған”- 3-6 жастағы ана тәрбиесіндегілер; “жеткіншек”- 7-12 жас аралықтарындағылар (сауат ашуға тартылғандар); “бозбала” –12-15 жасар балалар отбасының түрлі кәсіби шаруашылық дағдыларын меңгеріп, тайпадағыересектерқатарынақосылғандар.Экономикалықжағынандамығанқауым “бозбалалардан” дайындықтан өткен жауынгерлер жасақтарын құрды.
Қауымдағы алуан түрлі кәсіптердің дамуына байланысты, кәсіби дайындықты меңгеру үрдісі біртіндеп күрделене түсті. Соған байланысты VI – IX ғ. ғ. шығыс славяндар арасында шәкірттік — оқыту формасы пайда болдыҚолөнерші шәкіртіне нақты кәсіби дағдыларды меңгертумен бірге, шеберліктің құпия сырын түсінуге және оның түрлі рәсімдерін орындауға да баулыды. Шығыс славяндар арасында шеберлер ерекше киелі қасиетке ие деген ұғым қалыптасты.
Ежелгі славяндардың тәрбиесі көптәңірлі дүниетанымға байланысты болды. Тәңірлердің дәрежесі әр түрлі еді. Мәселен, жер, найзағай, жануарлар, байлық, т.б. тәңірлер көптеп саналды. Сонымен қатар, олар жоғары құдыретті күшке де сыйынды.
Түйіндей келе, ежелгі славяндар табиғаттың тылсым сырын қайырымды және жауыз күштермен байланыстырды. Қауымдағы көптәңірлі дүниетаным бала тәрбиесіне жан-жақты ықпал жасады. Осы күнге дейінорыс деревняларында сақталған тұрмыстық салттар (нәрестенің дүниеге келуі, үйлену, адамды жерлеу, жыл мезгіліндегі түрлі мерекелер — масленица, Иван Купала, т.б.) сол дүниетанымның нышаны болып табылады.
Шығыс славяндарда тәрбие балаларды әрекетке араластырумен іске асқан.
Отбасы тәрбиесі:
туғаннан 3-4 жасқа дейін — анасының қамқорлығы, қарапайым тәжірибе беру;
3-4 жастан 7 жасқа дейін — баланың шамасы келетін жұмыс, анасына көмек;
7 жастан 14 жасқа дейін жыныстық ерекшелігінебайланыстыжұмыстарменайналысу.

8.К.Д.Ушинский – ғылыми педагогиканың негізін салушы.Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870) Тула қаласындадүниегекелген. Оның балалық шағы Чернигов губерниясындағы ата-анасының шағын иелігінде өтті.
1844 жылы Мәскеу университетінің заң факултетін үздік бітіріп шықты. Ярослав заң лицейінде әкімшілік және экономикалық ғылымдардың профессоры міндетін атқарушы болып тағайындалды. 1849 жылы лицейдегі студенттер арасындағы толқуларға байланысты қызметінен босатылды.
К.Д.Ушинскийеңбектерініңжетістігініңбірі — бастауыш оқыту мәселесін мейлінше зерттеді. Оның негізгі еңбектері: “Сауат ашу — білімді кеңейту құралы” (1858), ”Балалар әлемі мен Хрестоматия”, “Оқу кітабы. Ақыл-ойды жаттықтыруға арналған табиғат әлемімен біртіндеп танысу” (1865), “Алғаш орыс тілін оқыту” (1864) оқушыларға арналған “Ана тілі” және “Ана тілін оқытуға ата-аналарға кеңес” (1864).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет