Аяқталмаған күрделі жөндеулерді түгендеу нақты өндірістің заттай жұмысын, оның көлемін және қүнын белгілеуді білдіреді. Кассадағы ақша қаражатын кассадағы қолда бар ақшаны белгілеу жолымен және қатаң есеп берумен бланктерді полистік (сақтандыру куәлігі) қайта есептеумен түгендейді. Түгелдеу нәтижесін жеке «Қолда бар ақшаны түгендеу актісімен» ресімдейді. Кассаны түгендеу шаруашылық жүргізуші субъектінің басшылығымен әзірленген және бекітілген кассалық операцияларды жүргізу Ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Кассаны түгендеу, қатаң есеп берумен қркаттар жэне бланкілерді (әуе – және теміржол билеттері, жанар-жағар май (бензин) талондарын және т.б.) түгендеу әдетте бас бухгалтер мен кассирдің Қатысумен кенеттен болады. Түгендеу кезінде қолда бар ақша полистік қайта есептеліп, кассада сақтаулы басқа да құндылықтар тексеріледі. Түгендеу басталғанша (бірнеше касса) оларға сүргі салынады, яғни мөрленеді. Кассир түгендеу сәтінде кассалық есеп беруді жасау керек және кассалық кітапша бойынша ақша қаражатының қалдығын шыгаруы керек. Кассирден барлық кіріс және шыгыс құжаттары есеп беруге кірді және кассада кірістелінбеген, есептен шығарылмаған сома қалган жоқ, деген қолхат алынады. Ақша қайта есептелінгеннен кейін кассадағы ақша қаражатын түгендеу актісі жасалады. Түгендеу нәтижесі кассалық кітапша бойынша бухгалтерлік есеп деректерімен салыстырылады. Актіге анықталған жолсыздықтар туралы кассирдің түсініктемесі және түгендеу нәтижесі бойынша ары карай шешім туралы субъект басшысының қарары жазылады. Түгендеу барысында мыналарды тексеру аса қажет: кассирмен толық материалдық жауапқершілік туралы келісімшарт бекітілді ме, касса талапка сай жарақталған ба, сейф кілттерінің дубликаты (көшірме нұсқасы) қайда сақталады. Мысалы. Кассаны түгендеу барысында 150 теңге артық шыкты. Мүндай жағдайда кассалык кіріс ордері жазылып, мына жазулар бойынша ресімделетін субъект қызметінің нэтижесіне кірістеледі (жаткызылады): 451 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі колма-кол ақшалар» шот дебеті