6 Сабақтың тақырыбы: жоспар кіріспе


Хеджерлеудегі есепте хеджерлеу құралының әділ бағасындағы және сәйкес хеджерленентін баптың өзара есептелетін нәтижелері мойындалады



бет11/19
Дата30.11.2022
өлшемі46,69 Kb.
#54004
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Байланысты:
22.11. практика саба0

Хеджерлеудегі есепте хеджерлеу құралының әділ бағасындағы және сәйкес хеджерленентін баптың өзара есептелетін нәтижелері мойындалады.
Хеджерлеу қатынастарының үш түрі бар:
а) әділ құнды хеджерлеу: актив (міндеттемелер) балансында мойындалған әділ бағадағы өзгерістерден болған шығындарды немесе мұндай активтің (міндеттеменің) нақты тәуекелге жататын және есепті кезеңнің таза пайдасына ықпал ететін белгілі бір бөлігін хеджерлеу;
ә) ақша ағындарын хеджерлеу: баланста мойындалған активке немесе міндетемеге (мысалы, өзгермелі проценттік көрсеткіштері бар борыштық міндетемелердің барлығьш немесе кейбір болашақ проценттерін төлемдерді хеджерлеу) немесе күтілетін мәмілеге (мысалы, күтілетін сатып алу мен сатуды хеджерлеу) байланысты нақты тәуекелге қатысты ақшалай ағынның өзгерістерінен болған шығындарды хеджерлеу, сондай-ақ таза пайда немесе есепті кезеңнің шығынына ықпал етеді. Кәсіпорынның (қаржылық есеп беруде қолданатын валюталық есепте көрсетілғен кесімді баға бойынша активті сатып алу немесе сатуға арналған тұрақты келісім балансында мойындалмаған хеджерлеу әділ баға өзгеруінің тәуекеліне қарамастан ақшалай ағынды хеджерлеу ретінде саналады.
б) таза инвестицияларды шетелдік кәсіпорынға хеджерлеу «Валюталық бағам өзгерістерінің ықпалы» ҚЕХС 21-ге сәйкес).
Хеджерлеу барлығы мынандай шарттар орындалғанда ғана әділ бағаны хеджерлеуде арнайы есепті қолдана алады:
а) Хеджерлеу катынастары басталысымен кәсіпорынның тәуекелділікті басқару аумағындағы міндеттері мен хеджерлеуді жүзеге асыру стратегиясы ресми құжаттамада баяндалады. Бұл құжаттамада хеджерлеу құралын, оған байланысты хеджерленетін топ немесе мәміле, хеджерленетін тәуекелдің сипатын анықтаған жөн. Сондай-ақ кәсіпорын хеджирлеу құралы тиімділігін тікелей хеджерленетін баптың әділ бағасын өзгерту хеджерленуші тәуекеліне байланысты немесе хеджерленетін мәміленің ақшалай ағымынан болатын шығынның азаюына орай калайша бағалайтын анықтау керек.
ә) Хеджерлеу әділ бағаны өзгерту тәуекелі хеджерленуіне байланысты өзара есепке алуды немесе хеджерлеудің осы нақты қатынасы үшін әуел баста қисындасқан тәуекелді басқару стратегиясьша сәйкес ақшалай ағынды қамтамасыз ететін өте ұтымды құрал болып шығады деп қүтілуде.
б) Ақшалай ағынды (түсімді) хеджерлегенде таза пайда немесе шығынның түпкілікті қорытындысына әсер ететін ақшалай ағынның өзгерту тәуекелі ілесуі тиісті қүтілетін мәмілені хеджерлеуге жататын атқарудың үлкен ықтималдығы қажет.
в) Хеджерлеудің тиімділігін күмәнсіз сенімділіктің жеткілікті деңгейімен бағалауға болады, яғни әділ қүнды күмәнсіз сеніммен анықтауға немесе хеджерленетін баптың ақшалай түсімін бағалауға, сондай-ақ хеджерлеу құралының әділ құнын бағалауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет