5) Салық түлеуші ретінде есепке қойғаны туралы салық орғанының анықтамасы. Резидент заңды тұғалардың валюталық шотты, жүргізуі және жабуы «Клиенттердің екінші деңгейдегі банктерде банк шоттарын ашу, жүргізуі және жабу тәртібі туралы» 1997 жылғы 4 наурыздағы №61 нұсқаулықта көзделген тәртіппен жүргізіледі. 9- «Шетелдік валютадағы операцияларының есебі» БЕС — ына сәйкес валютадағы операциялар болып табылады. Мүндай кезде субъект: Мүлікті (тауарлы — материалдық қорларды, негізгі құралдарды және т.б. айналым активтерін) шетелдік валютаға сатып алады немесе сатады.
Түленуге немесе алынуға тиіс сомасы шетелдік валютада белгіленген несиелерді алады немесе береді.
Өзгедей жолмен активтерді шетелдік валютаға сатып алады немесе сатады, шетелдік валютамен үзіне міндеттеме алады немесе сол міндеттемелер бойынша валютамен есептеседі.
Заңды тұлға — резиденттерге валюталық оп ерация бойынша есеп айырысуды қолма-қол нысанда жүзеге асыруға рұқсат берілмейді. Валюталармен операциялар жүніндегі бухгалтерлік есептегі жазулар бухгалтерлік есептің шоттарында операция жасалған күнгі Ұлттық Банктің бағамына қайта есептелген ҚР-ның валютасында көрсетілуге тиіс. Бұған қоса, валюталық шоттардағы ақша қаражаттарының қозғалысы туралы және шетелдік валютадағы басқа операциялар бойынша талдамалы шоттағы жазулар сонымен бірге есеп айырысу немесе төлем валютасында жүргізілуге тиісті. Шетелдік валютамен есеп айырысу әдетте мынадай нысандарда жүргізіледі: 1)Банктік аударым — бұл бір банктің төлем тапсырмасының басқа банкке пошта немесе телеграф бойынша салып жіберуімен жүргізілетін операциясы; 2)Құжаттамалық инкассо — бүл импортшыдан (түлеушіден) ақша сомасын немесе тауар құжаттарына қарсы белгілі бір мерзімде түленетіндігін растауды алуға экспортшының (кредитордың) үз банкіне берген талсырмасы; 3)Құжаттамалық аккредитив — бұл-импортшы клиентінің талсырмасы негізінде экспортшының пайдасына берілген банктік ақшалай міндеттеме. Валюталық шоттар бойынша операциялар мынадай құжаттармен ресімделеді: қолма-қол валютаның (түсім, пайдаланыпмаған сома, есеп беретін сомалар және басқалар) келіп түсуі валюталық кіріс ордерімен ресімделеді;
қолма-қол валютаның берілуі (шығысы) — валюталық шығыс касса ордерімен (тапсырмамен);
шетелдік жүрген бенефициарға (алушыға) валюта қаражатын аудару аударым үтінішімен ресімделеді.