Қаңтарда ақцептелінген шот: Жабдықтаушылармен есеп айырысу есебі бір айға ашылатын 671 «Төлеу шоты» қредит шоты бойынша №6 журнал-ордердегі төлемді талап ету-тапсырудың әрбір фактура-шоты бойынша жүргізіледі. Бұл журнал-ордердегі сэйқесетін шоттардың дебетіне 671 кредит шоты бойынша жазудан басқа корреспондентке (байланыстырма) шоты қоса қөрсетіліп Жабдықтаушылармен жэне мердігерлермен есеп айырысу бойынша дебеттік айналым да көрініс табады. Айдың аяғында айналымдар саналады, ал төленбеген шоттар бойянша қалдықтары шығарылады. II ТАРАУ. 2.1. Қаржылық есеп беруді жасау және ұсыну. Қаржылық есеп беруді жасамас бұрын оның деректерінің шынайылығын қамтамасыз ету үшін «Бухгалтерлік есеп жэне қаржылық есеп беру туралы» Заңға, 24 «Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру» бухгалтерлік есептің стандартьша сәйкес субъект мүлікті және міндеттемелерді түгендеуге міндетті. Есептік кезеңдегі түгендеу саньш, оның жүргізілетін күнін, оның әрбіреуін тексеретін мүлік тізбесін субъект белгілейді. Субъект түгендеуді жүргізу міндетті мына жағдайларда қалыс қалады:
субъект мүлікті жалға, сатуға, сатып алуға, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектінің қайта құрылуына тапсырғанда;
материалды-жауапты тұлға ауысқанда (істі қабылдау-тапсыру күні); талан-тараж және қаскүнемдік фактілерін белгілегенде, сондай-ақ құндылықтар бүлдірілгенде — мұндай фактілерде дереу түгендеу;
төтенше жағдайдан болатын өрт немесе стихиялық (дүлей) апат кезінде, бұл апаттар басылғаннан кейін түгендеуді дереу қолға алу;
тарату (бөліністік) балансы жасалмастан бұрын субъекті таратуда (қайта ұйымдастыруда);
негізгі құралды және тауарлы-материалдык қорларын қайта бағалауда — субъектінің есептік саясатымен белгіленген мерзімде және Қазақстан Республикасы заңында қарастырылған басқа жағдайлар;
Аяқталмаған құрылысты түгендеу барысында оның бар-жоқтығын (его наличие) және заттай көлемі тексеріледі, сонымен бірге оның құрамына құрал-сайман, құрастырылмай есептен шығарылған монтаж кіретінін немесе кірмейтінін аныктау; құрылыс-монтаж жұмыстарының қүрамында — жоспарсыз жұмыстың бар-жоғы анықталуы кереқ; тоқтатылған және уақытша тоқтатылған құрылыс объектілерінің жағдайын анықтайды.