6 сынып. 1-тоқсан. №1 «Отан отбасынан басталады» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет1/43
Дата21.10.2022
өлшемі1,86 Mb.
#44512
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
6 сынып СОР иСОЧ Й


6 сынып. 1-тоқсан. №1 «Отан отбасынан басталады» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқылым Жазылым

Оқу мақсаты

6.1.1.1.Тірек сөздер, мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты және көтерілетін мәселені болжау
6.2.2.1.Тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебімен сөйлеу этикеті формаларын білу

Бағалау критерийі

- Мәтін бөліктері, тірек сөздер негізінде тақырыпты, мәселені болжайды
- Диалогке қатысуда сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану Жоғары деңгей дағдылары

Орындылу уақыты

20-25 минут



Оқушының аты – жөні________________________________________________________
Сыныбы_____________________________________________________________________
Тапсырма
1. Мәтінді тыңда. Төмендегі кестені толтыр. Ақпараттың дұрыс, бұрыстығын тап.



  1. Мәтінге ат қояды _________________________________________________1 балл

Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста бірлесіп өмір сүретін адамдар. Олар отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Отбасында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер өмір бойына серік болады. Оны ешкім түзете алмайды.
Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген. Олардың тікелей үрім-бұтақтары ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті болған. Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әке-шешелері қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті.
Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдайды. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды. Әке мен шеше ақылдасып, үйленген ұлдарына енші бөледі, тұрмысқа шыққан қыздарына жасау береді. Қазақ отбасында қыздың орны да үлкен. Қызды ерекше құрметтейді.
Кенже бала - отбасындағы ең кіші бала, кіші ұл. Кенже баланың өз отбасы болса да, ата-анасымен бірге тұрады. Себебі ол – қара шаңырақтың иесі. Қара шаңырақ - үлкен үй, әке-шеше үйі. Қара шаңыраққа барлық осы отбасының балалары, туыстары жиналады. Қара шаңырақта балаға туыстарын, нағашыларын, ата-бабасын, үлкен аталарын, жеті атасын үнемі айтып отырған.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет