Сабақ тақырыбы: Шеңбер, дөңгелек, олардың элементтері мен бөліктері
геометрия
Сабақ тақырыбы:
Шеңбер, дөңгелек, олардың элементтері мен бөліктері 7.1.1.31 нүктелердің геометриялық орнының анықтамасын білу;
7.1.1.28 шеңбер мен дөңгелектің және олардың элементтерінің (центр, радиус, диаметр, хорда) анықтамаларын білу;
7.1.1.29 центрлік бұрыштың анықтамасы мен қасиеттерін білу және қолдану;
7.1.1.30 шеңбер диаметрі мен хордасының перпендикулярлығы туралы теоремаларды дәлелдеу және қолдану;
Бүгінгі сабақта:
Анықтама.
Анықтама.
Берілген нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелерден тұратын геометриялық фигура шеңбер деп аталады. Берілген нүктені шеңбердің центрі деп атайды. Шеңбердің кез келген нүктесін оның центрімен қосатын кесінді радиус деп аталады.
О нүктесі – шеңбердің центрі,
АО – радиусы.
Белгіленуі: R немесе r.
(O, R) – центрі О нүктесі болатын,
радиусы R-ге тең шеңбер.
Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесіндіні хорда деп аталады. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорданы диаметр деп атайды. Диаметр – ең үлкен хорда. Шеңбердің центрі диаметрдің ортасында жатады.
CD, AB, EF – хордалар,
AB – диаметр, AB=2R.
Шеңбердің бөлігі доға деп аталады. Доғаны «» белгісімен белгілейді. Шеңбердің кез келген екі нүктесі оны екі доғаға бөледі. Екі радиустың арасындағы бұрыш центрлік бұрыш деп аталады.
АОВ бұрышы – центрлік бұрыш. АВ доғасының градустық өлшемі АОВ центрлік бұрышының градустық өлшеміне тең.
Жазықтықтың шеңбермен шектелген бөлігін дөңгелек деп атайды
Бірлескен жұмыс
№1. Шеңбердің радиусы 2,5 см-ге тең. Шеңбер хордасы 6 см- ге тең болуы мүмкін бе?
Шешуі: D =2 R =2*2,5=5см
d = 5 см, хорда 6 см болуы мүмкін емес
№2. Шеңбердің АВ хордасы АО радиусына тең. АОВ бұрышы неге тең?
Шешуі: АОВ үшбұрышы дұрыс үшбұрыш, олай болса, АОВ бұрышы 600-қа тең.
Жеке жұмыс
№1. Радиусты диаметр арқылы өрнекте. Диаметрді радиус арқылы өрнекте.
Шешуі: D =2 R; R = D/2
Жеке жұмыс №2. Артығын тап, негізде.
Центр
Радиус
Доға
Диаметр
Ұзындығы
Хорда
Көлем
Циркуль
Транспортир
Градус
Сызу
Жауабы: Көлем, себебі шеңбер де, дөңгелек те жазықтықтың фигуралары. Жазықтық фигураларының көлемі болмайды.