Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) – кеңес басшылығы 1921 жылғы наурыздағы РК(б)П Х съезінен кейін
енгізді, «әскери коммунизм» саясатына жаппай наразылықты басуға бағытталды.
Жаңару – саяси жүйе, ел өмірінің саны мен сапасына байланысты өзгеру.
Жарғы – белгілі бір ұйымның атқаруы тиіс қызметі туралы, оның құқықтары мен міндеттері туралы ережелер
жиынтығы. Қазақ қоғамының әкімшілік заңдарының жинағы.
Жариялылық – ақпараттардың қоғамдық таныстыруға, талқылауға, ұйымдардың, мекемелердің және
лауазым иелерінің қызметтерін бақылау үшін ашықтығы, қол жетерлілігі.
«Жасақ» («Яса») – Шыңғысханның заң ережелері мен қаулы-қараларының жиынтығы.
Жас тұлпар – Мәскеуде оқып жүрген қазақ жастарының бейресми қоғамдық ұйымы. 1963 жылы құрылған.
Жасауыл – патша армиясының казак офицерлерінің шені.
Жатақ – кедейленген малшылардан шыққан егіншілікпен айналысатын кедей-шаруалар.
Жәдитшілдік – мұсылмандар арасындағы ұлттық қозғалыс, саяси ағымды жақтаушылық.
Жебе – садақ оғының, назаның ұшы. Садақ оғы да осылай аталады.
Жеке басқа табыну (культ личности лат. табыну) – КСРО-дағы И.В.Сталинге табыну ретінде қалыптасқан,
тоталитарлық тәртіптің жеке билігі. Бір адамның ролін дәріптеу, оған көзінің тірісінде тарихи дамудың
барысына шешуші ықпал жасауды телу, жеке адамның елді алқалы басқаруды ауыстырып, демократияны
жойып, диктаторлық тәртіп орнатуы.
Жекеменшік – азаматтық немесе заңдық тұлғаның нақты бір дүние мүлікке (жер, жылжымайтын және
жылжымалы мүлік) шексіз құқық беретін меншікті форма.
Жекешелендіру – меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа
нысандарына айналдыру үдерісі.
Желі – құлын байлауға арнап әдейі керілген арқан.
Жер аудару – қылмыс жасағаны үшін берілетін жаза. Оңдай жаза бойынша кінәлі адам қиыр шеттегі алыс
аймақта белгілі бір мерзім ішінде айдауда болады.