Кооперация– ортақмақсатты жүзеге асыру үшін адамдардың өзара бірігіп жұміс істеуі.
Космополитизм – Отан қорғауды, өз мәдениеті мен дәстүрін мойындамайтын, патриотизмнен бас тартуды
уағыздайтын көзқарас.
Көкбөрі – ежелгі түрік тайпасының құты (тотемі)
Көкеркіндер – түрік тілдес тайпа.
Көкілташ – хан мұрагерін тәрбиелеуші ұстаз.
Көлеңкелі экономика – үкіметтің, құзырлы мекемелердің бақылауынан тыс тауар-материалдық құндылықтар
өндіру, арқылы қызмет көрсету. Мемлекеттен жасырылатын заңсыз экономикалық қызмет.
Көпвекторлық – белгілі бір мәселені шешудің алуан түрлі бағыты.
Кредо – біреудің кәміл сенімі, дүниеге көзқарасы.
Кремация – неолит соңында пайда болған, мәйітті өртеп, қалдығын жерлеу ғұрпының бір түрі. Қазақстан
аумағында қазылған обалардан қазақ жерін мекендеген ежелгі тайпалар да кремация дәстүрінің кең
таралғанын байқаймыз.
Кроманьон – адамның эволюциялық дамуы сатысында неандерталь адамынан соң қалыптасқан қазіргіге
ұқсас саналы адам. Бұл адамның қаңқасы 1868 жылы Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен табылғандықтан,
оны «кроманьондық» деп атайды. Оның миының көлемі – 1500-1800 см
3
, бойы – 1,68-1,94 метр, жасы б.з.б. 40
мың жыл.
Кулак – ауқатты шаруа.
Кундар немесе командар – венгр тіліндегі қыпшақ атауы.
Купон – бағалы қағаздардан кесіп алынатын талоны.
Күй – қазақ халқының музыкалық шығармасының бір түрі.
Күйші – қазақтың ұлт-аспаптық музыкалық жанрын орындаушы.
Күл-еркіндер – билік иелері өкілдерінің құрылған кеңесші ұйым.
Күлтегін тас жазуы – VIII ғасырдағы көне түрік ескерткіші.
Кісе – күміс, жез қаптырмалармен безендіріп, қалташалар салған жалпақ былғары белдік.
Қағба – ислам дінін ұстанушылардың негізгі қасиетті орны, Меккенің бас мешітінің ішінде орналасқан
қасиетті «қара тас». Ол адамдарға Алланың жіберген құдіретінің символы саналады.