Бекітемін:
Тақырыбы: Дені саудың жаны сау.
Мақсаты:
«Қазақстан 2030» бағдарламасында көрсетілгендей әр
оқушының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болу
үшін зиянды әдеттерден сақтану. Олардың денсаулыққа
зиянды екенін түсіндіру, гигена талаптарын сақтай
білетін тұлға тәрбиелеу
Кіріспе
Денсаулық ең қасиетті де, құнды, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазына.
Салауатты өмір салтының мақсаты--өмір сүрудің мағанасы терең екенін білдіруде Темекі ,ішімдік адамның қас жауы Бұл жолдан аулақ жүру керек. Барлық байлық денсаулық екендігіне сендердін көздеріңді жеткізу.
Олай болса тәуелсіз еліміздің келешегі сендерсіңдер,
«Денсаулық» тобы мен «Болашақ» тобын ортаға шақырамыз
Сайыс шарты
1 Таныстыру /әр топ өзін таныстырады , атына ,ұранына тоқталады/
2 «Салауаттылық-өмір салты» /жалпы денсаулыққа байланысты суреттің мағанасын ашу мақал мәтел кірістіріп/
3 «Денсаулығым байлығым» денсаулық тақырыбына өлең тақпақтар айту.
4 «Тазалық - саулық негізі» /шаш күтімі , тіс күтімі жайлы шығарма жазу /
5 «Тәні саудың жаны сау» / сұрақтарға жауап/
6. Не білдік? не үйрендік? /оқушылардың қорытындысы/
І Тобымыздың аты «Денсаулық» өйткені бүгінгі дені сау ұрпақ тәуелсіз еліміздің болашағы.
Топтың ұраны : «Денсаулығы ғаламның- денсаулығы баланың» біз үлкендерден үлгі алып, өсіп келе жатқан ұрпақпыз Тәуелсіз еліміздің 20 жылдығына сапалы білім саналы тәртіп, денсаулығы мықты оқушы болуға тырысамыз.
ІІ Тобымыздың аты «Болашақ» себебі денсаулық кепілі –ұқыптылық тазалық Біз спортпен шұғылдануды , жаман қылықтардан аулақ болуды қолдаймыз.
Топтың ұраны: «Еліміздің болашағы –дені сау азаматтың қолында»
Тәуелсіз еліміздің болашағы біздер, сондықтан да біз еліміздің салауатты ұрпағы болғымыз келеді.
ІІ Суреттің мағанасын мақал мәтелді қолдана отырып ашу.
1 Сақ жүрсең, сау жүресің
2 Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады.
3 Тыста ұзақ жүргенің –ұзақ өмір сүргенің
4 Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі
5 Елемеген ауру жаман ескермеген дау жаман.
6 Іздеп алған аурудың емі табылмас
ІІІ «Өнерім -алтын діңгегім» / денсаулық тақырыбына тақпақ/
ІҮ. «Тазалық – саулық негізі» / бірінші топтың тапсырмасы Шаш күтімі /
/ екінші топ Тіс күтудің жолдары /
Ү. «Тәні саудың- жаны сау» / сұрақ жауап/
1 Шылымның зияны тиетін мүше? / өкпе/
2 Салауатты өмір салты деген не? /Салауатты өмір салты – спортпен шүғылдану , күн тәртібін , жеке бас гигенасын сақтау жаман әдеттерден аулақ болу.
3 Денсаулыққа зиян келтіретін не? /Жеке бас тазалығын сақтамау , аз қозғалу. артық тамақтану/
4 Темекі құрамындағы улы зат ? / никотин/
5 Сара Назарбаеваның салауатты өмір салты туралы қандай кітабы бар? «Ұстаздан ұлағат»
6 Туберкулезге қарсы күрес күні? / 24 науырыз/
ҮІ Денсаулық туралы фильм көрсету.
Қазақтың ұлттық ойындары жөнінде түсінік беру./
ҮІІ Не білдім ? Не үйрендім ? /Топ қорытындысы/
«Денсаулық» тобы
Тәуелсіз елдің жастары
Бүгін міне тамаша іс бастады.
Салауатты өмір салтын қолдаймыз
Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.
«Болашақ» тобын
Бүгінгі тәрбие сағаты
Денсаулық жайлы сөз еткен
Көп нәрсені ұғып алдық
Кетпейтұғын мәңгі естен
Мұғалім :
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп халқымыз бекер айтпаған Жақсыны көріп тыңдап , соған ұқсау керек Салмақты, сабырлы , білімді жат қылықтан аулақ болып өсе берейік.
Достарыңызбен бөлісу: |