6-сынып Тас дәірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы


Сенім – жеке адамдар арасындағы не жеке адамдар мен қоғам арасындағы қатынастардың сапалық өлшемі,  наным.  Сепаратизм



Pdf көрінісі
бет278/308
Дата07.12.2022
өлшемі3,22 Mb.
#55499
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   308
Байланысты:
Жұбанышев

Сенім – жеке адамдар арасындағы не жеке адамдар мен қоғам арасындағы қатынастардың сапалық өлшемі, 
наным. 
Сепаратизм – өзінше бөлініп шығуға, жеке билікке ұмтылу. 
Серіктестік – бірлестік, мүдде бірлестігі негізінде құрылған серіктестік.
Синантроп – ерте палеолитте өмір сүрген «тік жүретін адамның» екінші түрі. Алғаш рет 1927 жылы 
Қытайдағы Чжоу-коу-дянь үңгірінен қазып алынған. 
Собор – христиан діни құрылыстарының бір түрі. 
Совхоз (советское хозяйство – кеңес шаруашылығы) – мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорны, КСРО-дағы 
алғашқы совхоздар 1918 жылы құрылды. Олардың дүние-мүлкі мемлекеттік меншік болып саналып, ол 
совхоздарға шаруашылық жүргізу құқығымен бекітіліп берілді. 
Сойыл – ат үстіне пайдалануға лайықты, мықты ағаштан жасалған қару. 
Сойырғал – моңғолдық кезеңнен кейінгі Қазақстан аумағында кең таралған салық және мұрагерлік жер 
иелігінің бір түрі, әскери қызметі үшін мұраға түпкілікті берілетін жер. 
Соқа – егін егу үшін жер жыртуға арналған металл тісті негізгі жер өңдеу құралы. 
Сопылық – аскеттік қозғалыс ретінде пайда болған исламдағы мистикалық бағыт. 
Социал-демократ – социал-демократиялық партияның мүшесі. 


Социал-демократия – дүнежүзілік демократиялық жұмысшы қозғалысындағы ықпалды күші, ХІХ ғасырдың 
соңы – ХХ ғасырдың бас кезінде пайда болды. Кең көлемді демократиялық қайта құруларды жүргізіп, 
революциялық жолмен социализмге жетуге ұмтылатын жұмысшы тобының партиясы. 
Сөзсіз тізе бүгу (капитуляция) жеңілген соғысушы мемлекеттің қарулы қарсылықты тоқтатуы мен жеңімпаз 
мемлекетке қарулы күштерін тапсыруы. 
Стан – лагерь, тұрақты орын. 
Стандарт – 1)қалып, үлгі; 2) өлшеуіш 
Станица – елді мекен 
Старшын – ру басшысы. 
Стелла – ескерткіш құлпытас 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   308




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет