Степлаг– Жезқазған маңында (Кеңгір) болған лагерь атауы.
Суверенитет (егемен) – мемлекеттің өзінің ішкі істері мен сыртқы саясатын жүргізудегі басқа
мемлекеттерден толық тәуелсіздігі.
Сұлтан – билеуші, әмірші.
Съезд – партия, кеңес және басқа қоғамдық ұйымдар өкілдерінің әлеуметтік, келелі мәселелерді қарайтын
талқылайтын, шешетін жиналысы.
Сырмақ– ақ және қара немесе басқа түсті киізді оюмен ойып, түрлі түсті жіппен сырып құрастыратын
төсеніш.
Сібір қоғамы – зиялылардың Сібірді Ресейден бөлуді көздейтін демократиялық қозғалысы.
Сюбашы – әскербасы.
Табыс табу – село тұрғындарының күнкөріс үшін табыс табу мақсатымен маусымдық уақытша жұмыс іздеп
қалаға не басқа жаққа кетуі.
Тағар – әскерді қамтамасыз ету үшін заттай алынатын салық.
Тайпа – адамзат қоғамындағы этникалық қауымдастық пен әлеуметтік ұйымдардың түрі. Тайпа белгілерінің
ерекшілігі – оның мүшелерінің арасында қатынас туыстық байланыстардың болуы, руларға бөліну.
Тайпин көтерілісі – 1850-1864 жылдары Қытайда болған ірі шаруалар көтерілісі.
Талас жазуы – VIII ғасырдағы түрік тайпаларының көне жазба мұрасы.
Тамыр – алыс-беріс жасап жүретін жақсы жолдас, сыйлас адамдар.
Танап – жер учаскелерінен алынатын ақшалай салық.
Тандыр – нан пісіретін пеш
Тарих – адамзаттың басынан өткен оқиғаларды зерттейтін ғылым. Тарих сөзі арабша «зерттеу» оқиғалар
туралы «әңгіме» деген мағына береді.
Тарихи деректер – тарихи процестерді айқындайтын және адамзат қоғамының өткенін зерттеуге мүмкіндік
беретін барлық объектілер; материалдық мәдениеттің, жазба ескерткіштердің, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың,
т.б. заттары.
Тарихилық – дүниеге келтіру себептермен табиғи байланыста, өмір мен құбылыстарды қалыптасу және даму
сатысында тану қағидасы.
Тархан – феодалдардың салықтан босатылған жерлері мен иеліктері.