6-сынып Тас дәірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы


Торсық – қымыз т.б. сусын құюға ешкі немесе жылқы терісінен жасалған ыдыс.  Тоталитаризм



Pdf көрінісі
бет281/308
Дата07.12.2022
өлшемі3,22 Mb.
#55499
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   308
Байланысты:
Жұбанышев

Торсық – қымыз т.б. сусын құюға ешкі немесе жылқы терісінен жасалған ыдыс. 
Тоталитаризм – қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандықтары мен 
құқықтары жойылатын басқару түрі. 
Тотем – адамдардың шығу тегін жануарлармен, өсімдіктермен немесе табиғат құбылыстарымен 
байланыстыру негізінде қалыптасқан сенімі. 
Төлеңгіт – хан мен сұлтандар кезіндегі жасақтар, олар, әдетте, тұтқындардан немесе азат етілген құлдардың 
ішінен, кейбір жағдайларда өзінің рулық қауымның жырақ кеткен қазақтардан жиналды. 
Трагедия – апатты зардаптары болатын қайғылы оқиға. 
Тухси – түрік тілдес тайпа. 
Тұрақ – тас дәуіріндегі адамдар мекендеген орын. Тұрақтар үңгірдегі және аспан астындағы болып екіге 
бөлінеді. Үңгір тұрақтарын адамдар бірнеше күннен мыңдаған жылдарға дейін мекендеген. 
Түркістан автономиясы – 1917 жылы 28 қарашада Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын 
қамтамасыз ету мақсатында құрылған мемлекеттік құрылым. 
Тың игеру – КСРО-да астық өнімін артыру мақсатында 1954-1964 жылдар аралығында жүзеге асырылған 
мемлекеттік іс-шара. 
Тілмаш – бір тілді екінші тілге аударатын адам. 
Уәзір – хан кеңесшісі. 
Уәлаят – аймақтық-әкімшілік бөлік. 
Уезд – ХVІІІ-ХХ ғасырлардың бас кезіндегі Ресей империясының әкімшілік-аумақтық бірлігі. 
Унитарлы – құрамында федеративтік құрылымдары болмайтын мемлекеттік құрылыс формасы. 
Унитарлық мемлекет – федерациядан өзгеше, өз құрамында федерациялық бірліктер (штаттар, жерлер, 
автономиялар, автономиялық республикалар мен округтер) болмайтын, тек әкімшілік-аумақтық бірліктерге 
(аудан,облыс т.б.) бөлінетін мемлекеттік құрылымының формасы. 
Урбанизация – қала тұрғындарының өсуі. 
Утилизация – пайдаға асырып қолдану. 
Учредительное собрание – мемлекеттік мәселелер қарастырылатын үлкен жиын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   308




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет