6-сынып Тас дәірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы



бет185/228
Дата03.12.2023
өлшемі0,53 Mb.
#133500
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   228
Байланысты:
жубанышов

Контрибуция – соғыста жеңген жақтың жеңілген жақтан соғыс шығындарын өндіріп алу жөнінде салатын салығы.
Контрреволюция – әлеуметтік топтардың күні біткен қоғамдық және мемлекеттік құрылысты қалпына келтіру немесе сақтап қалуға бағытталған күресі. Контрреволюцияның формалары мен әдістері әртүрлі: бүліктер, кастандықтар, Азамат соғысы, саботаж, диверциялар, шетелдік интервенция, блокада.
Конфедерация (кейінгі лат. confederatio – одақ, бірлестік) – әрқайсысы өз тәуелсіздігін сақтайтын өзінің мемлекеттік өкімет және басқару органдары бар егеменді мемлекеттер бірлестігінің формасы. Конфедерация мүшелері белгілі бір салаларда барлық мемлекеттердің мүддесіне сай мәселелер мен әрекеттерді үйлестіру мен талқылау үшін арнайы органдар құрады.
Конфискация – сот үкімінің қаулысына сәйкес мемлекет пайдасына жеке мүліктің тәркіленуі.
Концепция – тұжырымдама, белгілі бір мәселеге немесе құбылысқа қатысты көзқарастар жүйесі.
Кооперация (лат. ынтымақтастық) – шаруашылықты бірігіп жүргізу, кәсіпкерлікті, ұсақ өндіріс пен маусымдық еңбек қызметін ұйымдастыру жөніндегі ерікті серіктестік, акционерлік қоғам нысаны.
Кооперация – ортақмақсатты жүзеге асыру үшін адамдардың өзара бірігіп жұміс істеуі.
КосмополитизмОтан қорғауды, өз мәдениеті мен дәстүрін мойындамайтын, патриотизмнен бас тартуды уағыздайтын көзқарас.
Көкбөрі – ежелгі түрік тайпасының құты (тотемі)
Көкеркіндер – түрік тілдес тайпа.
Көкілташ – хан мұрагерін тәрбиелеуші ұстаз.
Көлеңкелі экономика – үкіметтің, құзырлы мекемелердің бақылауынан тыс тауар-материалдық құндылықтар өндіру, арқылы қызмет көрсету. Мемлекеттен жасырылатын заңсыз экономикалық қызмет.
Көпвекторлық – белгілі бір мәселені шешудің алуан түрлі бағыты.
Кредо біреудің кәміл сенімі, дүниеге көзқарасы.
Кремация – неолит соңында пайда болған, мәйітті өртеп, қалдығын жерлеу ғұрпының бір түрі. Қазақстан аумағында қазылған обалардан қазақ жерін мекендеген ежелгі тайпалар да кремация дәстүрінің кең таралғанын байқаймыз.
Кроманьон – адамның эволюциялық дамуы сатысында неандерталь адамынан соң қалыптасқан қазіргіге ұқсас саналы адам. Бұл адамның қаңқасы 1868 жылы Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен табылғандықтан, оны «кроманьондық» деп атайды. Оның миының көлемі – 1500-1800 см3, бойы – 1,68-1,94 метр, жасы б.з.б. 40 мың жыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   228




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет