6-сынып Тас дәірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы


Шаньюй – Ғұн мемлекеті билеушісінің лауазымы. Шаңырақ



бет303/356
Дата19.01.2022
өлшемі464,03 Kb.
#24115
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   356
Байланысты:
Tarikh Zh 1201 banysh

Шаньюй – Ғұн мемлекеті билеушісінің лауазымы.

Шаңырақ – киіз үй сүйегінің негізгі бір бөлігі.

Шапан – қалың матадан арасына жүн, мақта салып, астарлап сырып тігілген сырт киім.

Шапқы жұмыр тастың екі жағында өңдеп, ұшын үшкірлеп жасаған ерте палеолитте кең тараған қару. Шапқының ұзындығы – 10-20 см, салмағы 0,5-2 килограмдай болған.

Шариғат – мұсылмандық құқық.

Шаруа бастығы – лауазымды әкімшілік қызмет. Ол Қазақстанға 1902 жылы енгізілді. Ондағы мақсат Ресейден қоныс аударып келген орыс шаруаларын, сондай-ақ жергілікті қазақтарды басқару болатын.

Шаруалар – жеке-дара отбасылық еңбекпен айналысатын ауыл шаруашылық өндірушілері. КСРО –дағы шаруалардың негізгі бұқарасы 135 жеке тап ретінде ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы ұжымдастыру кезеңінде жойылды.

Шаруашылық есеп – кәсіпорындарда шаруашылықты жоспарлы жүргізу әдісі, ол өндірістің өнім өндіруде жұмсалатын шығындары мен нәтижелерін салыстыруға, шығындардың орнын өз табыстарының есебінен толтыруға және өндірістің тиімділігін қамтамасыз етуге негізделген. Шаруашылық есептегі кәсіпорын шаруашылық есебін жүргізуде өз дербестігін сақтайды.

Шахристан – ортағасырлық қалалардағы қолөнершілер, саудагерлер мен жасақшылар мекені.

Шежіре – қазақтардың генеологиялық кестесі, тарихи жылнама.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   356




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет