6-сынып Тас дәуірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы


Мәтінде берілген тарихи кезеңді анықтаңыз



Pdf көрінісі
бет34/305
Дата26.09.2022
өлшемі1,65 Mb.
#40235
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   305
Байланысты:
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖҰБАНЫШЕВ(1)

Мәтінде берілген тарихи кезеңді анықтаңыз: «...біреуді достық қатынас жасау үшін түрік сұлтаны Бумынға 
жібереді. Түріктерге 545 ж. келген елші қуанышпен қарсы алынады. «Ордадағылар: «бүгін бізге ұлы 
мемлекеттен елші келді, ұзамай біздің мемлекетіміз де өрге өрлейді деп бірін-бірі құттықтай бастайды.» Осынау 
елеусіз фактінің өзі жужандар өктемдігі түріктерге ауыр тигені, бостандық жолындағы қашса құтылмайтын 


соғыстан олардың тайсалмайтыны айқын көрінеді. Халқының көңіл күйіне бейімделген Бумын өз алдияры – 
Жужан ханына адал еместігін танытып, Батыс Вэй астанасы Чаньанға жауап ретінде көп тарту-таралғымен 
елшілер аттандырады, сөйтіп өз мырзасының жауымен одақ құрады.Алайда бұдан жужандармен арақатынас 
үзілмейді: тегі, келіссөз аса құпия жағдайда жүргізілгенге ұқсайды. Осынау елшілер Түрік мемлекетінің Батыс 
Вэй және оның мұрагері Бэй-Чжоу империясының одақтасы ретінде, 550 жылдан бастап Бэй-Ци әулеті бекіп 
алған Солтүстік-Шығыс Қытайға қарсы бағытталған шығыстың саясатын алдағы ширек ғасыр бойына белгілеп 
береді. Алайда әлемдік саясатқа араласқан Бумын, өзі кіріптар болып отырған жужандарға қарсы күресуге әлі 
де әлсіз екенін анық түсінген. Бумын сол себепті де әрі одақтас, әрі бағынышты рөлін адал орындауға бел 
байлады.»: Теле тайпаларының аварларға қарсы күрес бастауы
Қытай деректері бойынша авар (жужан) қағаны үшін темір өндіргендер: Түріктер 
Түркіттер өз үйінде Түркіттердің жалпы тарих сахнасына ала шыққан мамандығы темір өңдеу ісі болатын. 
Олардың аңызға айналған арғы атасы Ашин теріскейге қашып келіп, «оларға темір өндіреді». 546 ж. оның 
қағаны Анахуан түркіттер көсемін: «Менің темір қорытатын тұтқыным» деп, түркіттердің басты кәсібін 
айрықша атайды. Археологиялық барлау ісі түркіт металлургиясының VІ-ІХ ғ. жәдігерлерін тапқан. Алтайдан 
сол кезеңдерге жататын тайыз апандар, забойлар сияқты темір өңдіру ісінің іздері кездескен. Темір балқытып 
алу әдісі – сазды үрлеу. Темір қызқылын көміртегі қышқылымен химиялық жол арқылы қосылғанда, ол 
кәдімгідей күйтіне келіп, кеуекті құйма металл болып шығады. Кеуек темірдің сапасы қазірдің өзінде домналық 
темірден артық саналады. Жоғары сапалы темірден алтайлық ұсталар бір жүзді пышақ, балта-шоттар, үзеңгілер 
мен ауыздықтар, семсерлер мен наркескендер, найза мен жебе ұштарын, сол сияқты қазанның екі түрін – 
аспалы және тағанды қазандар жасайтын болған. Металдарды өндіріп, өңдеу ісі сол заманда қазіргі Тува 
жерінде де жүргізілген, онда тек темір ғана емес, алтын мен күміс те, қалайы мен мыс та өндірілген. Қырғыз 
қағанатының кіндігін құраған Хакасияда темір көптеген жерлерде өндірілгенге ұқсайды. Қарағай ормандары 
атаулының бәрінен ертедегі темір балқытатын пештер орны кездеседі. Алтай тауындағы сияқты, бұл арада да 
еңбек құралдары мен қару-жарақтар – семсерлер мен қанжарлар, сол сияқты ат ер-тұрмандарының бөлшектері 
жасалынған. Түркіттерге тұстас-тұрғылас болған аңғар өңірі құрықандарының мәдениеті де көз тартады. Әуелгі 
кезде 1912-1914 ж. археологиялық қазбалар нәтижесінде олар «құрымшы ұсталар» деген атақ алады, ал 
А.П.Окладников олардың құрықандар екенін анық дәлелдеді. Құрықандардың құйма темірі құрамының 99,45%-
ы таза металл болған, сол себепті де ол өте берік, өңдеуге, шыңдауға қолайлы болған. Олар бұдан пышақ, найза 
мен жебе ұштарын жасаған, тесілген қазан түбін жамаған. Соңымен бірге құрықандар мал шаруашығымен 
айналысқан, тіпті жер суарып, егін еккен. Металлургияны дамыту түркіт хандарының қалың әскерін қайта 
қаруландырып, сауытты аттылардан таңдаулы да пәрменді бөлімдер – қытай бастау дерегінде айтылатын 
фулилерді (яғни бөрілерді – өздерінің тегі бөрі болғасын осылай атаған) құрған. Оларда ер қаруы – мүйіз 
садақтар, көк сауыттар, найзалар, қылыштар мен шоқпарлар түгел береді.»: Жужан
Аварлардың басқаша атауы: жужан 
Түрік қағанатының негізін қалаған билеуші: Бумын 
Бумын елді қай кезеңде басқарды: Түрік кезеңінде 
Билеуші Бумынның саяси қызметі: 552 жылы жужандарды талқандады 
Қандай оқиғадан кейін Бумын Түрік қағанатының билеушісі болды: Жужандарды жеңген соң 
Бумын қағанға брілген атақ:Елхан 
Бумынның мұрагері: Қара-Еске 
Аварларды Букрат тауы етегінде екінші рет жеңген түрік қағаны: Қара-Еске 
Бумынның баласыҚара Еске қаған аварларды екінші рет жеңді: Букрат тауларында 
Түріктер осы қағанның тұсында Ұлы Даланың шығыстағы қожасына айналды: Мұқан қаған 
Жужандар Түрік қағанатынан түпкілікт жеңілді: Мұқан қаған кезінде 
Түріктердің Ұлы Дала қожасына айналуына әкелген оқиға: Жужандардың толық жеңілуі 
Қытай билеушілері Түрік қағанатына жібек матамен салық төлеп отырды: Мұқан қаған кезінде 
Мұқан қағанқа салық төлеп тұрды: қытайлар 
Түрік қағанатында Мұқан қағаннан кейін билікке келді. Тобо 
Түрік қағанатының шығыстағы саяси ықпалы күшейген кезең: 570-580 жж 
Сауда қатынасын дамыту мақсатында Иран, Византиямен байланыс орнатуға ұмтылған түрік қағаны: Иштеми 
Сауда жағдайына байланысты Иран мен Византияға елшіліктер жіберіп, келіссөз жүргізген түрік 
қағаны:Иштеми 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет