6-сынып Тас дәуірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы


Болыс – әкімшілік-аумақтық бөлік, сондай-ақ осы бөлікті басқарушы лауазымды қызмет иесі.  Большевизм



Pdf көрінісі
бет257/305
Дата26.09.2022
өлшемі1,65 Mb.
#40235
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   305
Байланысты:
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖҰБАНЫШЕВ(1)

Болыс – әкімшілік-аумақтық бөлік, сондай-ақ осы бөлікті басқарушы лауазымды қызмет иесі. 
Большевизм – В.И.Ленин бастаған саяси қозғалыс пен саяси ойдың ағымы. РСДЖП ІІ съезінде (1903 ж.) 
басқарушы органдарды сайлау кезінде В.И.Лениннің жақтастары көпшілік дауысқа ие болып, большевиктер 
деп атала бастады. 
Боз – мақта матадан тоқылған кездеме. 
Бөрі – ежелгі түрік қағанатының дербес жасағының атағы. 
Буржуазиялық революция – негізгі міндеті феодалдық құрылыс пен оның сарқыншақтарын жою, буржуазия 
билігін орнату, буржуазиялық мемлекет құру болатын әлеуметтік революция. 
Бұйда – түйенің мұрындығына тағылатын бас жіп. 
Бұлақ – түрік тілдес тайпа. 
Бұратана – бодан, бағынышты, кіріптер жұрт, халық. 
Білікшілер – іс-қағазын жүргізушілер, хатшылар. 
Бюрократия – қоғам мүшелеріне белгілі бір артықшылықтары бар үкімет аппаратының көмегімен іске 
асырылатын басқару жүйесі, шенеуніктердің билігі. 
Вақф, Вакуф – мұсылман елдеріндегі діни немесе қайырымдылық ұғымдарының сыйға тартқан ие болмаса 
өсиет еткен түрде ұсынылған, салық салынбайтын, тартып алынбайтын мүлік (тиісті жер) 


Вақф – мешіттер мен медселердің жер иелігі. 
Валюта – бір мемлекеттің тұрақты ақша бірлігі. 
Ведомство – нақты бір мемлекетте қоғамдық өмірдің бір саласын немесе аясын басқаратын жіне мемлекеттік 
басқару органдары жүйесіне кіретін орталық мекеме. 
Волюнтаризм (лат. voluntas – ерік) – 1) ерікті болмыстың жоғарғы қағидасы ретінде 
қарастыратынфилософиялық бағыт; 2) объективті шарттарды ескермейтін, ерікті шешімдермен сипатталатын 
әрекет. 
Гарпун – ұшы сүйектен жасалған, аңға қадалғанда шықпай қалатын ілмек кертігі бар сүңгі найза.
Геноцид – халықтың жекелеген топтарын нәсілдік, ұлттық және діни белгілеріне қарай жою. 
Геосаясат – мемлекеттердің немесе мемлекет блоктарының аумақтық-кеңістік ерекше жағдайларының 
жергілікті, аймақтық, құрлықтық және әлемдік халықаралық үдерістердегі орны мен нақты тарихи ықпалын 
түсіндіретін теория.
Геосаясат – мемлекеттің сыртқы саясатының географиялық факторларға – аумағына, ауа райына, қазба 
байлықтарына, т.б тәуелділігі мен байланысын көрсететін тұжырымдама.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет