Гомонидтер – адам тектес маймылдардың ең жоғары дамыған түрі.
Государственная дума – заң шығарушы жоғары өкілетті орган.
Губерния – облыстық ауқымдағы әкімшілік аймақ
ГУЛАГ – лагерьлердің Бас басқармасы.
Гуньмо – ежелгі үйсіндер басшысының, мемлекет билеушісінің лауазымы.
Гурхан – Қарақытай мемлекетін билеушісінің лауазымы.
Ғазнауи әулеті – Ғазнауи мемлекетіндегі түріктерден шыққан әулет.
Ғаныш – бор тасты күйдіру арқылы алынатын құрылыс материалы. Ол қалау жұмысына және сылаққа
қолданылған.
Ғибадатхана – жалбарыну, сиыну, Құдайға құлшылық ететін орын.
Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы.
Даруғ, даруға – ханның қаладағы әкімі, салық жинайтын т.б жұмыстар атқаратын өкілі.
Дастан – Орта және Таяу Шығыс халықтарының жазба және ауызша әдебиетіндегі көлемді батырлық немесе
махаббат поэмасы.
Дәнүккіш – ұн жасау мақсатында бидайды үгітуге қолданылған тас құрал
Дәстүр (лат. tradition – беру) – ұзақ уақыт бойы белгілі бір қоғамдар мен әлеуметтік топтарда сақталып,
ұрпақтан ұрпаққа берілетін әлеуметтік және мәдени мұралардың элементтері.
Декабристер – 1825 жылы Петербургтағы Сенат алаңында болған көтеріліске қатысушылар.
Декларация (лат. жариялау) – мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының бағыты, партиялармен халықаралық
ұйымдардың бағдарламалық ережелері жөніндегі ресми мәлімдеме.
Декрет (лат. қаулы) – мемлекеттік жоғарғы органдардың заңдық күші бар құжаты (мысалы, Бітім туралы
декрет, Жер туралы декрет – 1917 жылы 27 қазанға (9 қарашаға) қараған түні Кеңестердің ІІ съезінде
қабылданды).
Делегация – мемлекеттің өкілетті-құқықты өкілдігі.
Демобилизация – әскери қызметкерлерді міндетті қызметтен босату не отставкаға, резервке шығару.
Демобилизация – соғыс үшін, сонымен бірге халық шаруашылығының барлық саласын бейбіт қалпына көшіру.