6-сынып Тас дәуірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы



Pdf көрінісі
бет262/305
Дата26.09.2022
өлшемі1,65 Mb.
#40235
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   305
Байланысты:
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖҰБАНЫШЕВ(1)

Жер көріп қайтушылар (ходоктар) – құнарлы жер көріп, таңдау үшін жіберілген шаруалар. 
Жерді бірігіп өңдеу жөніндегі серіктестік (ТОЗ) – Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы жер үлестерін 
біріктіру мен бірігіп еңбек етуге негізделген ауыл шаруашылық кооперациясы. 
Жертөле – кейінгі палеолитте пайда болған, жерден қазылған және жыртылатын үйдің ең көне және кең тараған 
түрі. Жертөленің шатырына сырғауыл немесе бөрене қойып, үстін топырақ және шыммен жапқан.
Жол жөндеу салығы – көшпелі қазақтардың Сібір казактарының меншігі мен бақылауындағы жерлермен 
жүріп өткені үшін төлейтін ақысы. 
Жужань – ІV ғасырда Монғолия мен Батыс Манчьжурияда құрылған көшпелі тайпалар одағы. 
Жұт – қыс қатты болған жылдары аштықтан, суықтан малдың қырылуы, мал өлімі індет. 
Жүген – ер-тұман әбзелі. 
Жүз – бірнеше ұлыстың тайпалар одағы негізінде бірігуі. 
Жылу – малының қырылуына байланысты туысқандарынан сұрайтын көмек. 
Жырау – жырды көп білетін және жанынан өлең шығаратын жыршы адам. 
Жікіл – түрік тілдес тайпа. 
Зайырлы – діни емес, азаматтық өмір салты, білім – ғылыми білім негіздері. 
Зекет –шариғатқа негізделген, хандар мен сұлтандардың пайдасына мал шаруашылығымен айналысатын 
шаруалардан алынатын салық. 
Зеңгі баба – сиыр малының пірі. 
Зиялылар (интеллигенция лат.intelligens – түсінетін, ойлаушы, саналы) – ой еңбегімен, күрделі 
шығармашылық еңбекпен, мәдениетті дамыту және таратумен кәсіби түрде айналысатын адамдардың қоғамдық 
тобы. 
Зооморфтық үлгі – діни ұғымға байланысты қиял-ғажайып өнері. 
Зороастризм – ертедегі шығыс халықтарының дуалистік діні. 
Зороастрлық фарн – ертедегі парсылардың үй жануарларына табынатын наным-сенімдері. 
Идеология – адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін 
білдіретін идеялар мен көзқарастар жүйесі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет