Тасаттық – құрғақшылық кезінде тәңірден жаңбыр тілеп құрбандық шалу рәсімі.
Тасымал жасау – атпен, түйемен адам немесе жүк тасу кәсіпшілігі.
Ташнау – жуынды су ағызатын құдық. Оны жер астынан қыш құбырмен қала сыртына да шығаратын болған.
Тәлімді егіс – қолдан суарылмайтын егін.
Тәркілеу (конфискация) – қандай да бір дүние-мүлікті мемлекет меншігіне ақсыз пұлсыз тартып алу.
Тәті (диадема) – төбесі мен шүйде тұсы ашық, кішігірім тәж тәрізді әшекейлі баскиім. Тәті негізінен асыл
металдардан жасалған.
Тегін – хан ұрпағы.
Текемет – бетіне түрлі түсті ою-өрнек басылған киіз төсеніш.
Теле – тайпа, көптеген түрік тілдес тайпалардың ортақ атауы.
Темір дәуірі – адамзаттың темірді ойлап тауып, одан құрал жасаған кезеңі.
Темірші – ұста, зергер.
Теология – құдай жайлы ілім.
Терракота – ғимаратқа сән беру үшін қолданылатын шағын көзе кірпіш.
Террор – лаңкестік.
Терімшілік – жинау, теру. Алғашқы адамдар жер бетінде ағаш, бұта басындағы өсіп тұрған әртүрлі жеміс-
жидектерді терді. Жеуге жарамды тамырларды қазып алды. Құстардың жұмыртқасын жинап қорек етті. Бұл
адамдардың ең алғашқы өмір сүру тәсілі, кәсібі болды. Мұндай кәсіп терімшілік деп аталды.
Технология – ғылыми-практикалық негізде шикізатты дайын өнімге айналдыру әдісі, тәсілдерінің жүйесі.
Тоғай – сазды жерлерде өсетін бұта түріндегі шағын тал шоғыры.
Тоқсоба – Қыпшақ бірлестігіне енген тайпа.
Достарыңызбен бөлісу: