Селекция – будандастыру арқылы малдың не өсімдіктің жаңа түрлерін шығару, джақсарту, сұрыптау алу әдісі.
Семинария – мұғалімдер даярлайтын кәсіби оқу орындарының бір түрі.
Семсер – болаттың ең асылынан жасалатын ұрыс қаруы.
Сенат – 1) Ежелгі Римде жоғарғы мемлекеттік органдардың бірі; 2) Қазақстан Парламентінің жоғарғы палатасы.
Сенім – жеке адамдар арасындағы не жеке адамдар мен қоғам арасындағы
қатынастардың сапалық өлшемі,
наным.
Сепаратизм – өзінше бөлініп шығуға, жеке билікке ұмтылу.
Серіктестік – бірлестік, мүдде бірлестігі негізінде құрылған серіктестік.
Синантроп – ерте палеолитте өмір сүрген «тік жүретін адамның» екінші түрі. Алғаш рет 1927 жылы Қытайдағы
Чжоу-коу-дянь үңгірінен қазып алынған.
Собор – христиан діни құрылыстарының бір түрі.
Совхоз (советское хозяйство – кеңес шаруашылығы) – мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорны, КСРО-дағы
алғашқы совхоздар 1918 жылы құрылды. Олардың дүние-мүлкі мемлекеттік
меншік болып саналып, ол
совхоздарға шаруашылық жүргізу құқығымен бекітіліп берілді.
Сойыл – ат үстіне пайдалануға лайықты, мықты ағаштан жасалған қару.
Сойырғал – моңғолдық кезеңнен кейінгі Қазақстан аумағында кең таралған
салық және мұрагерлік жер
иелігінің бір түрі, әскери қызметі үшін мұраға түпкілікті берілетін жер.
Соқа – егін егу үшін жер жыртуға арналған металл тісті негізгі жер өңдеу құралы.
Сопылық – аскеттік қозғалыс ретінде пайда болған исламдағы мистикалық бағыт.
Социал-демократ – социал-демократиялық партияның мүшесі.
Социал-демократия – дүнежүзілік демократиялық жұмысшы қозғалысындағы ықпалды күші, ХІХ ғасырдың
соңы – ХХ ғасырдың бас кезінде пайда болды. Кең көлемді демократиялық қайта құруларды жүргізіп,
революциялық жолмен социализмге жетуге ұмтылатын жұмысшы тобының партиясы.
Достарыңызбен бөлісу: