6-сынып Тас дәуірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы


Тарихилық – дүниеге келтіру себептермен табиғи байланыста, өмір мен құбылыстарды қалыптасу және даму  сатысында тану қағидасы.  Тархан



Pdf көрінісі
бет279/305
Дата26.09.2022
өлшемі1,65 Mb.
#40235
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   305
Тарихилық – дүниеге келтіру себептермен табиғи байланыста, өмір мен құбылыстарды қалыптасу және даму 
сатысында тану қағидасы. 
Тархан – феодалдардың салықтан босатылған жерлері мен иеліктері. 
Тас дәуірі – адамзат баласының тас құралдары өндірген және пайдаланған уақыты. 


Тасаттық – құрғақшылық кезінде тәңірден жаңбыр тілеп құрбандық шалу рәсімі. 
Тасымал жасау – атпен, түйемен адам немесе жүк тасу кәсіпшілігі. 
Ташнау – жуынды су ағызатын құдық. Оны жер астынан қыш құбырмен қала сыртына да шығаратын болған. 
Тәлімді егіс – қолдан суарылмайтын егін. 
Тәркілеу (конфискация) – қандай да бір дүние-мүлікті мемлекет меншігіне ақсыз пұлсыз тартып алу.
Тәті (диадема) – төбесі мен шүйде тұсы ашық, кішігірім тәж тәрізді әшекейлі баскиім. Тәті негізінен асыл 
металдардан жасалған.
Тегін – хан ұрпағы. 
Текемет – бетіне түрлі түсті ою-өрнек басылған киіз төсеніш. 
Теле – тайпа, көптеген түрік тілдес тайпалардың ортақ атауы. 
Темір дәуірі – адамзаттың темірді ойлап тауып, одан құрал жасаған кезеңі. 
Темірші – ұста, зергер. 
Теология – құдай жайлы ілім. 
Терракота – ғимаратқа сән беру үшін қолданылатын шағын көзе кірпіш. 
Террор – лаңкестік. 
Терімшілік – жинау, теру. Алғашқы адамдар жер бетінде ағаш, бұта басындағы өсіп тұрған әртүрлі жеміс-
жидектерді терді. Жеуге жарамды тамырларды қазып алды. Құстардың жұмыртқасын жинап қорек етті. Бұл 
адамдардың ең алғашқы өмір сүру тәсілі, кәсібі болды. Мұндай кәсіп терімшілік деп аталды. 
Технология – ғылыми-практикалық негізде шикізатты дайын өнімге айналдыру әдісі, тәсілдерінің жүйесі.
Тоғай – сазды жерлерде өсетін бұта түріндегі шағын тал шоғыры. 
Тоқсоба – Қыпшақ бірлестігіне енген тайпа. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет