6 тақырып. Бухгалтерлік шоттар мен екі жақты жазу Бухгалтерлік есеп шоттарының құрылымы және жіктелуі



бет20/21
Дата21.04.2022
өлшемі41,39 Kb.
#31768
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Қаржылық-нәтижелік шоттар. Оған 5610 «Жиынтық пайда (жиынтық зиян)» шоты жатады, онда ұйымның есепті кезеңдегі соңғы қаржылық нәтижесінің қалыптасуы жөніндегі ақпарат жинақталады. 5610 «Жиынтық пайда (жиынтық зиян)» шотының дебетінде шығыстар мен зиян, ал кредитінде табыстар мен пайда сомасы көрсетіледі. Дебеттік және кредиттік айналымдарды салыстыру есепті кезеңдегі соңғы қаржылық нәтижені көрсетеді. Есепті жыл соңында 5610 «Жиынтық пайда (жиынтық зиян)» шоты жабылады. Егер пайда алынған болса, онда 5610 «Жиынтық пайда (жиынтық зиян)» шотының кредиттік қалдығы есептен шығарылып, 5610 «Жиынтық пайда (жиынтық зиян)» шотының дебетінде 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған зияны)» шоты кредитінде көрсетіледі.

Ал егер зиян шеккен болса, керісінше болады:

Дебет 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған зияны)» шоты Кредит 5610 «Жиынтық пайда (жиынтық зиян)» шоты
Дт Қаржылық-нәтижелік шоттың құрылымы Кт

Сальдо – өткен кезеңдердің жабылмаған зияны

Сальдо - өткен кезеңдердің бөлінбеген пайдасы

Айналым –есепті кезеңдегі зиянның есепке алынуы

Айналым - есепті жылдың пайдасының есепке алынуы

Сальдо – келесі кезеңге өтетін жабылмаған зиянының қалдығы

Сальдо - келесі кезеңге өтетін бөлінбеген пайданың қалдығы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет