6 тақырып. Бухгалтерлік шоттар мен екі жақты жазу Бухгалтерлік есеп шоттарының құрылымы және жіктелуі



бет13/21
Дата21.04.2022
өлшемі41,39 Kb.
#31768
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Бөліп-таратушы шоттар ұйымның шығындарының жекелеген түрлерінің есебін жүргізуге және бақылауға, оларды жекелеген есеп объектілері арасында бөліп-таратуға арналған шоттар. Екі топқа бөлінеді: жинақтап бөліп-таратушы 7110, 7210, 8400 және бюджеттік бөліп-таратушы 1620,2920, 3520, 4420

Жинақтап бөліп-таратушы шоттар төлеу және есептеу кезінде сәйкес нақты объектілерге тікелей апаруға болатын шығыстар мен табыстарды жинақтауға арналған – 8410, 7110, 7210.

8410 шоты – негізгі және көмекші өндірістерге қызмет көрсетумен байланысты шығындар шоты. Онда келесідей шығындар есепке алынады:


  • Машиналар мен жабдықтарды ұстау және күту шығындары;

  • Өндірістік мақсаттағы негізгі құралдарды жөндеу шығындары мен толық қалпына келтіруге амортизациялық аударымдар;

  • Өндірістік мүлікті сақтандыру шығындары;

  • Өндірістік ғимаратты жылыту, жарық беру және күту шығындары;

  • Өндірістік мақсатта қолданылатын өндірістік ғимараттар, машиналар мен жабдықтар үшін жалдық төлем;

  • Өндіріске қызмет көрсететін өндіріс жұмысшыларына еңбек ақы төлеу;

  • Басқа да ұқсас мақсаттағы шығындар.

8410 шоты активті және жинақтап бөліп-таратушы шот болып табылады. Ай соңында шоттың дебетіне 8411-8418 шоттарының кредитінен негізгі және көмекші өндірістер бойынша үстеме шығындар сомасы көшіріледі.

8410 шотының кредитінен үстеме шығындар сомасы сәйкесінше 8110, 8210, 8310 шоттарына бөлініп-таратылады. Есептің жекелеген объектілері арасында үстеме шығындарды бөліп-тарату тәртібі сәйкес нормативтік актілермен реттеледі.

7210 «Әкімшілік шығыстар» шоты өндіріс үрдісімен байланыспаған басқарушылық және шаруашылық шығыстары жөніндегі ақпаратты жинақтауға арналған. Бұл шотта келесі шығыстар есепке алынады:



  • Әкімшілік-басқару шығыстары;

  • Өндіріспен байланысы жоқ жалпы шаруашылық қызметкерлеріне арналған шығыстар;

  • Басқарушылық мақсаттағы негізгі құралдарды жөндеу шығындары мен толық қалпына келтіруге амортизациялық аударымдар;

  • Әкімшілік мақсаттағы ғимарат үшін жалдық төлем;

  • Ақпараттық, аудиторлық және кеңес беру қызметтерін төлеумен байланысты шығыстар;

  • Коммерциялық қызметпен байланысты өкілетті шығыстар; ресми күту, түскі ас беру, көлікпен қамтамасыз ету, мәдени-көрме шараларына бару, келіссөздер барысында буфеттік қызмет көрсету, аудармашылар қызметін төлеу және басқалары.

7210 шотының дебетінде сәйкес ақша қаражаттары, ТМҚ құнын төлеу, еңбек ақы есептеу, одан аударымдар жасау, негізгі құралдар мен материалды емес активтердің тозуы шоттарымен корреспонденциясында жалпы және әкімшілік шығыстарының сомасы көрсетіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет