6 тақырып. Бухгалтерлік шоттар мен екі жақты жазу Бухгалтерлік есеп шоттарының құрылымы және жіктелуі



бет2/21
Дата21.04.2022
өлшемі41,39 Kb.
#31768
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Бухгалтерлік есеп шоттары ұйымның шаруашылық қызметін басқаруға қажетті жинақталған ақпарат алу үшін шаруашылық қорлары мен олардың қорлану көздерінің нақты жағдайы мен шаруашылық операцияларының әсерінен өзгеруін ағымдағы есепке алу арқылы экономикалық топтастыру әдісі болып табылады. Шоттар арқылы біртектес объектілердің экономикалық топтастырылуын және ағымдағы бақылауын жүзеге асыруға болады.

Шоттар баланспен өзара байланысты. Актив және пассивтің әрбір бабына сәйкесінше аталатын шот ашылады.

Шоттың ең қарапайым үлгісі үш элементтен тұрады: (1) аты, шоттың активке, міндеттемеге немесе капитал есебіне қатысын сипаттайды; (2) сол жағы дебет деп аталады; (3) оң жағы, кредит деп аталады. Т-шот деп аталу себебі ол құрылысы бойынша Т әрпінің нысанына ұқсайды, әдетте кәсіби бухгалтерлер ортасында «самолетик» деп те аталады.

Айдың басында шоттар өткен айдағы баланс негізінде ашылады. Шаруашылық қорлары мен олардың қорлану көздерінің әрқайсысына жеке шот ашылады.

Барлық бухгалтерлік шоттар келесідей жіктеледі:


  • активті және пассивті;

  • жинақтамалы және талдамалы;

  • баланстық және баланстан тыс;

  • капиталдандырылатын және капиталдандырылмайтын.

Шоттардың бірінші тобы: активті және пассивті. Олардың аты баланстың екі жағының аттарына сәйкес және солардың мазмұнын көрсетеді. Шотты ашу дегеніміз оған ай басындағы қалдығын (сальдоны) жазу дегенді білдіреді. Активті шоттарда сальдо дебетте, пассивті шоттарда кредитте жазылады.

Шоттарда ағымдағы ай бойында көрсетілетін сомалар айналым деп аталады. Дебет жағында көрсетілген сомалар дебеттік айналым, ал кредит жағында көрсетілген сомалар кредиттік айналым деп аталады. Сальдо дебеттік, немесе кредиттік, кейде нөлге тең болуы мүмкін. Сальдосы жоқ шот жабық шот деп аталады. Шотты ашылған деп есептеу үшін оған кем дегенде бір шаруашылық операциясының сомасын көрсету қажет, шотты жабу дегеніміз оның сальдосын нөлге теңестіру.



Активті шоттар негізгі құралдардың, материалды емес активтердің, материалдық және ақша қаражаттарының, дебиторлармен есеп айырысу есебін жүргізу мен бақылауға арналған. Олардың құрылымдары бірдей, тек дебеттік сальдо ғана болуы мүмкін. Шоттың дебетінде материалдық және ақша қаражаттарының бастапқы және соңғы қалдықтары, келіп түсуі көрсетілсе, кредитінде олардың есептен шығарылуы көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет