6 тақырып. Бухгалтерлік шоттар мен екі жақты жазу Бухгалтерлік есеп шоттарының құрылымы және жіктелуі



бет12/21
Дата21.04.2022
өлшемі41,39 Kb.
#31768
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Байланысты:
^M6 тақырып БЕА

    Бұл бет үшін навигация:
  • Дт Кт
Реттеуші деп олардың көмегімен есеп объектісі жөнінде қосымша құндық сипаттама алынуы мүмкін бухгалтерлік есептің шоттарын атаймыз. Олар екі түрлі қолданылады: а) баланста негізгі шотты реттеуші ретінде жеке жолда көрсетіледі; б) негізгі шоттағы бағаны нақтылайды, осы нақты анықталған құн баланста көрсетіледі. Реттеуші шоттардың екі түрін ажыратады: қосымша және контрарлы. Қосымша реттеуші шоттар – бұлар қорлар құнын өсімшесі арқылы бағалауға көмек беретін шоттар. Бұл шоттағы қалдық сомасы негізгі шоттағы қалдық сомасына қосылады.

Қосымша активті шоттардағы қалдық сомасына негізгі активті шоттағы қалдық сомасы артады. Оларға 5610 негізгі шотына қатысты 7110 шотын алуға болады. 7110 шоты активті және ондағы қалдық өнімдерді сатумен байланысты шығыстар сомасына тең, дебеттік айналымы есепті кезеңдегі өнімдерді тиеп-жөнелтумен байланысты шығыстар сомасына, ал кредиттік айналымы есепті кезең соңында жиынтық табысқа апарылған сомаларға тең болады. Соманың есептен шығарылуы Дт 5610 Кт 7110 немесе Дт 2420 Кт 5420 проводкалары арқылы көрсетіледі.

Қосымша пассивті шоттың қалдық сомасы сәйкес негізгі пассивті шоттағы қалдық сомасын толықтырады. Мұнда екі шот та пассивті болып табылады. Мысалы, 5610 шотына қатысты 5420 шотын алайық. 5420 шотының кредитінде негізгі құралдарды қайта бағалау нәтижесіндегі бастапқы құнының өсамортизауиясын есептеу әдісі бойынша анықталған мөлшерде бөлінбеген табысқа жатқызылады және Дт 5420 Кт 5610 проводкасы арқылы көрсетіледі.

Контрарлы шоттар – бұлардың көмегімен қорлардың немесе олардың қорлану көздерінің құнының кемуі орын алады. Олар контрактивті және контрпассивті болып бөлінеді.

Контрактивті шоттар негізгі активті шоттардың қалдығын анықтау үшін қолданылады. Мұнда негізгі және реттеуші екі шот есепке алынады (2420 шоты 2410 шотына , 2720 және 2740 шоттары сәйкес 2710 және 2730 шоттарына). Мысалы қалдық құн 20 000 теңге. Бұл жағдайда 2410 шоты негізі шот болады, ал 2420 шоты контрарлы реттеуші шот болып табылады.
2410 Үйлер мен ғимараттар

Дт Кт


Сальдо 25000



2420 Үйлер мен ғимараттардың амортизациясы


Дт Кт




Сальдо 5000

Контрпассивті шот мүліктердің қорлану көздерінің сомасын анықтау мақсатында қолданылады. Контрпассивті шоттағы қалдық негізгі пассивті шоттағы қорлану көзінің мөлшерін азайтады (5210 шоты 5010 шотына).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет