Негізгі шоттар жіктеледі: активті - 1000 (1010-1070),1100 (1110-1150 1200 (1210-1280), 1300(1310-1360), 1400 (1410-1430), 1500 (1510-1520), 1600 (1610-1630), 2000 (2010-2040), 2100 (2110-2180), 2200 (2210), 2300 (2310), 2400 (2410), 2500 (2510-2520), 2600 (2610), 2700 (2710, 2730), 2800 (2810) 2900 (2910-2940).
Негізгі активті шоттар негізгі құралдардың, материалды емес активтердің, материалдық және ақшалай қаражаттардың, дебиторлармен есеп айырысулардың есебін жүргізуге және бақылауға қолданылады. Олардың барлығының құрылымы бірдей және тек дебеттік қалдықтары болуы мүмкін. Шоттың дебетінде бастапқы және соңғы қалдық, сонымен қатар материалдық және ақшалай ресурстардың келіп түсуі, ал кредитінде олардың есептен шығарылуы немесе дебиторлық борыштың өтелуі көрсетіледі.
Негізгі активті шоттың құрылымы
Дт Кт
Бастапқы қалдық – НҚ, МЕА, ТМҚ, АҚ, Инвестициялардың, дебиторлық борыштардың қалдығы.
|
|
Айналым –мүліктің келіп түсуі немесе дебиторлардың осы ұйымға борышының артуы.
|
Айналым – мүліктердің есептен шығарылуы (шығарылуы, берілуі) немесе дебиторлық борыштың азаюы (өтелуі).
|
Соңғы қалдық-есепті кезең соңындағы НҚ, МЕА, ТМҚ, АҚ, инвестициялардың немесе осы ұйымға қарыздың қолда бары.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |