6 тақырып. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, тетіктері мен даму институттары. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін тәрбиелеуде отбасының рөлі. – «Қандай қоғам болса, отбасы да сондай»



бет6/9
Дата15.11.2023
өлшемі48,71 Kb.
#124108
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
6 тақырып

Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасасуының негізгі нысандары мыналар болып табылады:
– мемлекеттік құрылымдар қызметін мемлекеттік бақылау;
– қазақстандық заңнаманы сақтаудың қоғамдық сараптамасы;
– азаматтардың жергілікті мәндегі мәселелерді шешуге қатысуы;
– мамандандырылған кеңесші, консультативтік, үйлестіруші және сараптамалық органдарды құру.
Қоғамдық бақылау жүйесін жалпы қамту, жалпыға жариялау, жариялылық, міндеттілік, нысандардың көп түрлілігі және қоғамдық мүдделерді қорғауға ат салысатын белгілі бір топ өкілдерінің қоғамдық бақылау органдарын заңды деп тануы қағидаттарында құру ұсынылады.
Сыбайлас жемқорлықты қоғамдық бақылау институттары Сыбайлас жемқорлықты қоғамдық бақылаудың негізгі институттары мыналар болып табылады:
– қоғамның әртүрлі көзқарастарға ие әртүрлі әлеуметтік-мәдени және кәсіби топтарының мүдделерін танытатын саяси партиялар; мемлекеттік биліктің заңнамалық (өкілеттік) сайлауларында осы немесе өзге партия сайлауларының сайланушылары атқарушы биліктің саяси бағыттылығын негіздемелі бақылайды, сондай-ақ олардың сенімін ақтамаған партияларға сенім білдіруден бас тартады;
– ол арқылы еңбек ұжымдары өз мүдделерін таныта алатын кәсіби одақтар;
– мемлекеттік органдарда қоғамның мүдделерін қорғау және таныту үшін құрылатын қоғамдық ұйымдар мен коммерциялық емес сипаттағы бірлестіктер;
– мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарының қызметін қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қоғамдық кеңестер;
– сайлауды өткізу барысын бақылауды және қолданыстағы сайлау заңнамасын сақтауды жүзеге асыруға қатысатын бақылаушылар.

4. Саяси партиялар мен БАҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру құралы ретінде
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда саяси партиялар мен партиялық ұйымдар белсенді қатысуда. Саяси партиялар азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық орнатуға және қоғамдық бақылауды дамытуға ерекше көңіл бөледі. Әріптестер ретіндегі осы институттардың оң әсері олардың тәуелсіздігін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы мүдделілігін қамтиды.
БАҚ-тың сыбайлас жемқорлық дүниетанымы мен мәдениетін қалыптастырудағы рөлі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс тиімділігінің басты қағидаттарының бірі жариялылық болып табылады. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы органның маңызды міндеті БАҚ-ты сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті танымал етуге тарту, БАҚ-та өңірлерді, салаларды, ірі кәсіпорындарды, мемлекеттік органдардың шешімдері мен олардың өкілдерінің нақты қызметін өзара салыстыруға мүмкіндік беретін сыбайлас жемқорлық деңгейі индексін жариялау болып табылады.
БАҚ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі мақсаты сыбайлас жемқорлықтың қазіргі қазақстандық қоғамда таралуына мүмкіндік бермей оның жасырын тетіктерін қоғамға түсіндіру болып табылады.
БАҚ-тың мейлінше пәрменді әдісі сыбайлас жемқорлық фактілеріне журналистік тексеру жүргізу және материалдар мен фактілерге жария сипат беру болып табылады, бұл қоғам мен жемқорларға қоғамға қарсы әрекет үшін жазалаудың болмай қоймауын көрсетуі тиіс.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелі түрде жариялау проблемасы әртүрлі деңгейде жүйелі түрде талқыланады. Баспа басылымы, радио, телевидениенің сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлкен ықпал ете алуы БАҚ-тың айрықша рөлі екені сөзсіз.
Журналистік қоғамдастыққа кәсіби этика қағидаларын әзірлеуіне және сақтауына, журналистік тексеру стандарттарын енгізуіне қолдау көрсету қажет. Бұқаралық ақпарат құралдары қоғам мүдделерін көрсетеді, азаматтардың толық және объективті шынайы ақпарат алу құқығын іске асырады. Бұл ретте БАҚ жарияланған материалдар мен деректердің анықтығы үшін толық жауапты болады.
Қазақстан Республикасында мемлекеттің саяси, экономикалық стратегиясын, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерін жария етудің белсенді құралы болатын БАҚ тәуелсіздігіне кепілдік беріледі. Ақпараттық орган мен мемлекеттік саясатты көрсетуші болатын газеттер, журналдар, сайттар әртүрлі проблемаларды айқындап және жария ете отырып, халықтың үлкен сеніміне кіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес фактілерін объективті жариялау басылымға қызығушылықты арттырады, бұл өз кезегінде басылымның тиражына әсер етеді.
Халыққа құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру саласындағы әртүрлі ақпараттық іс-шаралар өткізіледі, кейбір ақпараттық басылымдар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның салдарына қарсы күрес аспектілеріне назар аударады.
БАҚ-тың сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша басты мақсаты ол бойынша ақпарат берушілік деңгейін жақсарту және қазіргі заманғы келеңсіз құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлыққа қоғамдық қатынасты өзгерту болып табылады. Бұл салада жұмыс істейтін журналистер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесіне баса көңіл бөледі.
Тәуелсіз және экономикалық ашық кәсіби БАҚ тұтастай сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың да жекелей алғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда да қоғамның тиімді құралы бола алады.
БАҚ-тың толыққанды қызметі үшін бұқаралық ақпарат саласындағы құқықтық қатынастарды нормативтік реттеудің және БАҚ меншік иелері арасында ашық қатынастар орнатудың маңызы зор. Сыбайлас жемқорлықтың қазіргі заманғы проблемалары мен әртүрлі аспектілерін ашық талқылау қажет.
Мемлекеттік органдар мемлекеттік даму бағдарламаларында бұқаралық ақпарат құралдарының мәртебесін арттыру үшін бар күшін салады, бұқаралық баспасөз бен журналистік қоғамдастықты қолдау бойынша шаралар қабылдайды.
БАҚ қызметін көтермелеу жөніндегі іс-шаралар өткізіледі, журналистер арасында үздік жарияланымдарға арналған жыл сайынғы конкурстар, құқық қорғау органдарының басшылары мен баспасөз қызметтерінің құқық бұзушылықтың ірі фактілерін айқындау мәселелері жөніндегі брифингі ұйымдастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет