6 тақырып. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, тетіктері мен даму институттары. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін тәрбиелеуде отбасының рөлі. – «Қандай қоғам болса, отбасы да сондай»


Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру – бұл үздіксіз процесс, оның негізгі бағыттары



бет8/9
Дата15.11.2023
өлшемі48,71 Kb.
#124108
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
6 тақырып

Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру – бұл үздіксіз процесс, оның негізгі бағыттары:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды сіңіру;
2) тиісті моральдық сенімдерді, қасиеттер мен сезімдерді қалыптастыру;
3) қажетті моральдық қажеттіліктер мен әдеттерді дамыту. Бұл бағыттар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие міндеттерін білдіреді.
Бүгінде білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жүйесінің мынадай негізгі компоненттері бөліп көрсетіледі:
– білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық әрекеттері жағдайларының болмауы;
– сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту ісі;
– білім беру субъектілерінің өзара іс-қимылы негізіндегі өмір-тіршілігі проблемаларын шешу тәжірибесін алу;
– білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру бойынша педагогикалық қызмет.
Бұл жүйеде әртүрлі жас кезеңінде қалыптасуы мүмкін бірқатар тұлғалық құрылымдарды бөліп көрсетуге болады.
Мәселен, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста (3-6 жас – әлеуметтік маңызды тәжірибені қарқынды жинақтау және әлеуметтік кеңістікте бағдар алу кезеңі) балаларға Отанға деген махаббат, туған табиғатқа махаббат және оны қорғау қажеттілігі, өзін қоршаған адамдар мен қазақстандық халықты құрметтеу, тәртіптілік, адалдық сияқты құндылықтарды сіңіруге айрықша көңіл бөлу керек.
Мектеп жасына дейінгі балалармен тәрбие жұмысының негізгі бағыттылығы – бұл олардың рухани-адамгершілік және әлеуметтік-мәдени құндылықтарды, қоғамда қабылданған жүріс-тұрыс қағидалары мен нормаларын қалыптастыру.
Кіші мектеп жасында (7-10 жас – кемел балалық шақ, дене және рухани күш жинақтау уақыты) біршама өзгермеген түрде өмір бойы сақталатын тұлғалық қасиеттер мен саралардың қарқынды қалыптасуы жүзеге асырылады. Сондықтан бұл жаста рухани мәдениеттің қалыптасуының маңызы зор. Ар-ождан, абырой, ұят, қайрымдылық, жанашырлық, адалдық, әділдік, жауапкершілік және т.с.с. рухани қасиеттердің қалыптасуына ерекше назар салған жөн. Бұл кезеңде балалардың сыбайлас жемқорлық пен оның залалы туралы дүниетаным сипатындағы түсінік пен ұғымның қалыптасуы маңызды. Негізгі дүниетаным идеясы қоғамды тану заңдарымен байланысты болуға тиіс. Бұл ретте баланың ұғымды салмақтау білуіне, өз көзқарасын айтуына үйрету, оны қиын жағдайға қойып көру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет