E-learning (қысқаша ағылш. Electronic Learning) — электронды оқыту жүйесі, электронды оқыту, қашықтықтан оқыту, компьютерді қолдана отырып оқыту, желілік оқыту, виртуалды оқыту, ақпараттық, электрондық технологиялардың көмегімен оқыту сияқты терминдердің синонимі.
Юнеско мамандарының берген келесі анықтамасы бар: «е-Learning –Интернет пен мультимедиа көмегімен оқыту».
Бірнеше мағынасы болу мүмкін:
• Дербес компьютерді, ұялы телефонды, DVD-ойнатқышты, теледидарды пайдалана отырып электрондық құжаттармен өзіндік жұмыс жасау;
• Шалғай жердегі экспертіңнен (мұғалімнен) ақыл-кеңес, баға алу, қашықтықтан әрекеттесу мүмкіндігі;
• Жалпы бір виртуалды оқу қызметін жүргізетін әр жердегі (әлеуметтік желілердің) пайдаланушыларының қоғамын құру;
• Электронды оқу құжаттарын уақытылы тәулік бойы жеткізу;
• Электронды оқу құжаттарына және технологияларына, қашықтықтан оқыту құралдарына арнайы стандарттар мен сертификаттар
• Инновациялық педагогикалық технологияларды меңгеру және таныстыру, оны мұғалімдерге тарату;
• Оқу веб-ресурстарын дамыту мүмкіндіктері;
• Әлемнің әр жерінен кез-келген жерден, кез-келген уақытта заманауи білім алу мүмкіндігі.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарын құруда қосымша ресурс ретінде е-learning технологияларын қолданудың тиімділігі келесі факторлармен айқындалады:
• Оқушылардың топтық және өзіндік жұмыстарының арқасында оқу материалдарын меңгеру деңгейінің көтерілуі.
• Білімді бақылау, оқу ақпаратын ашу үрдісін автоматтандыруда.
• Оқу материалының көрнекілігінің жақсаруы.
• Берілген оқу ақпаратының көлемінің өсуі.
Е-learning технологиясын дидактикалық тұрғыдан педагогикалық үрдіске еңгізуге болады. Технологиялардың берілгендерінің ішінен интернет-платформаларды (виртуалды оқыту құралдары) бөліп шығаруға болады: виртуалды сыныптар, мұғалімнің оқу сайты; дискуссиялық форумдар, блогтар; әлеуметтік желілер, интернет-телефония (Skype типті) бағдарламалары. Берілген технологиялардың әр қайсысына терең тоқталсақ. Виртуалды сыныптар мұғалімге көп оқушылармен бір уақытта қатар көпжақты бейнеконференциялардың немесе аудиоконференциялардың көмегімен, презентацияларды көрсету, виртуалды тақтада жазулар(сурет салу) сызу, оқушыларға сұрақ-жауап қою (чатта, тақтадағы жазу), on-line оқытуды ұйымдастыруға үлкен мүмкіндік береді. Виртуалды сыныптардың қосымша міндеттері мұғалімге оқушының қызметін педагогикалық бақылауға алуға (оқушының сабаққа қатысуын бақылауға) мүмкіндік береді. Тәжірибеге сүйенсек, виртуалды сыныптарды ң мүмкіндіктерін оқушылардың дискуссиялық топ жұмыстарында (жобалар, кейс топпен шешу), оқушылардың өзіндік жұмыстарының нәтижесін бағалауда пайдаланған тиімді.
Е-learning-тің басқа технологиясы –бұл мұғалімнің оқу сайты. Мұғалімнің оқу сайттарының ресурстары (бейнелекциялар, тесттық жұмыстар, практикалық тапсырмалар, форумдағы дискуссиялар, есептер шығару практикумдары, компаниялардың оқу-жаттығу жұмыстары) оқушыларға ыңғайлы уақытта керекті тақырыбымен өз бабымен жұмыстануға мүмкіндік береді. Мұғалімнің оқыту сайты уақытылы тәулік бойы электронды оқыту материалдарына қолжетімділікті, кеңес алуды, ұсыныстарды, мұғалімнің бағалауын қамтамасыз етеді. Сайтта тіркелген барлық қатысушылардың электронды пошталарына мұғалім тез арада хабарламалар жібере алады. Құндылығы бұл оқытуды асинхронды режимде ұйымдастыруға болады: блогта қандай да бір тақырыпта дискуссия жүргізуге болады. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақ-жауап арқылы әртүрлі қатысушылардың пікірлерін біле алады. Осылайша, оқу үрдісінің дәстүрлі жүйесіне ұсынылған қосымша e-learning технологияларының көмегімен ұйымдастырылған қосымша педагогикалық әрекеттесу формаларынан тұрады:
• Синхронды (чат, скайп) немесе асинхронды (пошта, форум) мұғаліммен оқушының хабар алмасуы, оқушылардың өзара блогта, форумда, чатта пікір-таластырулары;
• Оқушылардың чаттың синхронды форматында немесе топтық конференцияларда хабар алмасулары.
Е-learning технологиялары оқу үрдісіне келесі мүмкіндіктер береді:
• Берілген материалды меңгеруге жағдай жасау үшін өте қолайлы және ыңғайлы;
• Оқу материалынын меңгеруде қиындық деңгейін, уақытын және көлемін таңдаудағы жекешілдік;
• Интерактивті, өйткені, мұғаліммен, сыныптастарыңмен синхронды және асинхронды әрекеттесу арқылы оқуға болады.
Ал әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, е-learnіng жүйесі білім беруді жаңғыртуға арналған негізгі құралдардың бірі болып табылады. Оңтүстік Корея, Финляндия мен Ирландияда электронды білім беру жөнінде арнайы ұлттық бағдарламалар жүзеге асырылады. Францияда балабақшадан бастап, үлкендерді оқытуға дейін білім беру үрдісінің барлық саласына ақпараттық-коммуникациялық технология енгізілген. АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Жаңа Зеландия, Канада елдерінде электронды білім беру күнделікті өмірдегі тәжірибе сияқты көрініс тапқан. Ал Қазақстанда білім берудің ақпараттық жүйесі қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда Қазақстан мектептерінде 16 балаға 1 компьютерден келеді. Мектептердің 98 пайызы, ал ауыл мектептерінің 91 пайызы ғаламтор желісіне қосылған. Білім беру ошақтарының 43,1 пайызына кең жолақты ғаламтор тартылған. Ал 459 мектеп лингафонды және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған.
Е-learnіng жүйесінде алға ілгерілеу үшін «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 5-11 сынып оқушыларына арналған қазақ және орыс тілдерінде жүздеген сандық білім беру ресурсы, соның ішінде қазақ тілінде, орыс тілінде ресурс әзірленген. Қазіргі таңда республикалық жоғары оқу орныаралық электрондық кітапхана құрылғаны белгілі. Оның құрамына Қазақстанның 38 жоғары оқу орны кіреді. Жоғары оқу орнының кітапханаларында 90 мыңнан астам оқулық, миллионға жуық мақала мен оқу құралдары жинақталған.
Е-learning технологияларының көмегімен педагогикалық үрдісте қолданылатын келесі әдістерді бөлуге болады: