2. Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясы. Коменскийдiң педагогика туралы алғашқы еңбегi 1630 жылы отбасында тəрбиелейтiн аналар мен бала күтетiн адамдарға арналды. 1631 жылы ''Тiлдер мен барлық ғылымдардың ашық есiгi'' атты еңбегi жарық көрдi. Бұл латын тiлiндегi оқуға революциялық дəстүрде соққы берген еңбек болды. Кiтапта екi колоннаға бөлiнген - Чех тiлi мен латын тiлiн салыстыра оқытудың мəнжайы түсiндiрiлдi. Еңбекте латынша оқытудың кемшiлiктерiн баса көрсеттi. Бұл кiтаптың құндылығы сонда, ол 16 елдiң тiлiне аударылды. Коменскийдiң көпке, оқушылар қауымына таныс жұмыстарының бiрi - ''Картинада бейнеленген əлем заттарының көрiнiсi'' атты еңбегi. Бұл жасөспiрiмдерге арналған едi. ХХ ғасырда педагогика профессоры Элвуд Кабберли былай дедi. ''Бұл кiтап Еуропада бастауыш оқуда 150 жыл орнына 200 жыл пайдаланылды, бұған теңдес кiтаптың болмағанының куəсi'' - деп, жазды. Қазiргi кiтаптар мен оқулықтар Коменский еңбектерi негiзiнде иллюстрация-ланып жарық көруде. 1657 жылы Коменский латын тiлiнде ''Ұлы дидактика'' атты еңбегiн жариялады. Бұл кiтап, оны дүние жүзiне танытты. Кiтап Коменскийдiң педагогикалық жүйесiн толық жəне дəлелдi түрде баяндаған шығарма болды. Я. А. Коменскийдiң кейбiр педагогикалық принциптерi: Мұғалiм материалының көлемi. ''Мұғалiм материалды қанша, бiлгенiнше үйретуi қажет емес, оны оқушылардың меңгергенiнше үйретуi тиiс'' - деп көрсеттi. Оқыту əдiстерi. ''Барлық уақытта практикалық, əр кезде қызығатын тартымды, осының нəтижесiнде мектепте шын мəнiнде өмiрдiң барлық үлгiлерiн көрсетiп тамаша шығарма-шылық өнер - бастауы болуы тиiс'' ''Жақсы оқу - бiреуге жай ғана көмек сияқты болмауы керек, ол аса бiр ғанибеттiлiкпен шын мəнiнде бiлiмдi меңгеру''-дедi Коменский. ''Қабiлеттi мұғалiм деп соларды ғана атауға болады, кiм - өте шыдамдылықпен балаға бiлiм бұлағын егетiн, қиыншылықпен оны жеңе бiлетiн адамды айтамыз'' (Коменский Я. А.) ''Оқыту жай ғана көрсету емес: бiр заттың пайдалана-тын орнына байланысты, екiншi заттан айырмашылығын, формасын, шығу тегiн т. б. кiм жақсы айыра, талдай бiлсе, сол ғана жақсы оқыта алады'' (Коменский Я. А.) Логикалық байланыстар. ''Мағынасыз нəрсенi қанша айтсаңда, түсiне алмайсың, бағалайда алмайсың, дəлiрек айтсақ, оны еске түсiруде мүмкiн емес'' (Коменский Я. А.) ''Бiр бөлшегi жоқ дүние - түсiнiксiзде, материалды талдайда алмайсың, алайда оны есiңе де түсiре алмайсың'' (Коменский Я. А.) Түсiну. ''Түсiну көп жағдайда адамдар арасындағы ұғынысқа жəне қарым-қатынасқа байланысы. Неге, ол кiммен, немен байланысты, қандай жағдайда, қалай бiрiнен-бiрiнiң айырмашылығы, ұқсастығы неде? ''өте жақсы айтылған, алғаш рет бiз текстiнi оқуымыз қажет, демек, оның мазмұнымен танысу үiшн, екiншi рет - оны түсiну үшiн, үшiншi рет оны өзiнiң есiнде жаңғырту үшiн, төртiншi рет бiз оны өзiмiзше қайталауымыз қажет, мақсат оны қалай игергенiмiзде''. ''Оқудың негiзi айнала затты жəне құбылысты таным процесiмен байланыстыру, басқалар байқағанда жəне зат туралы куəлiктi жаттаудың қажетi жоқ''. ''Құлақ көру мен сөздi байланыстырады - қолменде жалғастырады''. Үйрену сыртқы сезiм мен ақылдың арақатынасын айқындайды''. (Əбиев Ж. Ə., Бабаев С. Б. Құдиярова А. М. Педагогика Оқу құралы 160-бет)