6. Тақырып: Тұтас педагогикалық процестегі оқыту Тақырыптың негізгі сұрақтары: Дидактика – оқыту және білім беру теориясы


Дидактиканың негізгі категориялары



бет3/17
Дата25.11.2023
өлшемі59,71 Kb.
#126813
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Қали Жұлдыз екі шет тілі 12-13

3. Дидактиканың негізгі категориялары.
Зерттеу пәні аясына байланысты жалпы және жеке дидактикалар айқындалады.Жалпы дидактика оқытудың заңдылықтырын, принциптерін қарастырады.
Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұнын, барысын, түрі мен әдістерін зерттеуіне қарап оқыту әдістемесі деп аталады. Мысалы: Математиканың оқыту әдістемесі.
Дидактика әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми- теориялық және қолданбалы қызыметтер орындайды.
Дидактиканың ғылыми- териялық қызыметі: білім беру мен оқыту процестерінің мәні мен заңдлықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу.
Дидактиканың қолданбалы қызметі: білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендіру, оқыту прирнциптерін белгілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу.
Соымен қатар дидактиканың өз категориялары бар: білім беру, оқыту, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.
Оқыту-  мұғалім мен оқушылардың беліленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, біпрлескен іс- әрекеті, оқушылардың танымдық іс- әрекетін арнайы ұйымдастыру.
Білім беру—табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады.
Оқыту мазмұны - оқытудың нәтижесі болатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.
Оқыту мақсаты- әдіс тәсілдер мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.
Оқыту процесі-білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш- қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс- әрекет барысы.
Оқу- оқушының сана сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық тағамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.
Оқыту принциптері - оқытудың мазмұнын , ұйымдастыру түрлерін, әдістерін оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі.
Оқыту түрлері- жалпы дидактика тарихында оқытудың 3 түрі қалыптасқан : Түсіндірмелі- иллюстрациялы (дәстүрлі), проблемалы, бағдарламалы ( компьютерлік).
Оқыту әдістері- оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызыметі мен қарым – қатынасының тәсіл амлдары, білім мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал- тәсілдер мен құалдарының жиынтығы болып табылады.Білім берудің көздеріне қарай сөздік, көрнекілік, тәжірибелік әдістер болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет