6 ТАРАУ. ӨЛШЕУ-БАҚЫЛАУ ӘДІСТЕРІ
(5 СЕМЕСТР)
6.1
Емтихан сұрақтары
1.
Математика ғылымы мен пәні. Математиканы оқыту ілімі мен әдістемесі пәні
2.
Математиканы оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы
3.
Математиканы оқыту әдістемесі әдістері мен өзекті мәселелері
4.
Математиканы оқыту үрдісіндегі қарама-қайшылықтар
5.
«Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерді дамыту тұжырымдамасы»
6.
«Қазақстан Республикасының жалпы білім беру тұжырымдамасы»
7.
Жалпы білім берудің Мемлекеттік Стандарты ұғымы, құрылымы
8.
Мектептердің базистік оқу жоспарының сипаттамасы
9.
Қазіргі заманғы мектептегі математикалық білімнің дамуы
10.
Математиканы оқытудың мақсаттары мен функциялары
11.
Математикалық білімді ізгілендіру мәселелері
12.
Математиканы оқыту мазмұнының негізгі құрамдас бөліктері
13.
Математиканы оқытудың негізгі дидактикалық принциптері
14.
Математиканы оқытудың әдістері мен оның жіктемесі
15.
Математиканы проблемдік және бағдарламалап оқыту мәселелері
16.
Математикалық модельдеу. Аксиоматикалық әдіс.
17.
Ғылыми ойлаудың сапасы. Математикалық ойлау
18.
Логикалық ойлау тәсілдерінің мінездемесі мен жіктемесі
19.
Аксиомалар мен теоремалар. Дәлелдеу әдістері
20.
Математикалық ұғымдарды енгізу әдістері
21.
Математиканы оқытудағы есептің орны мен рөлі
22.
Есепті мазмұны мен атқаратын функциясына қарай жіктеу
23.
Есепті шешуді оқып-үйретудің жалпы әдістері
24.
Білімді бақылау түрлері мен құралдары. функциясы мен әдістері
25.
Математиканы оқытудағы сабақтастық
26.
Математиканы оқытудың практикалық және қолданбалық бағыты
27.
Оқушылардың алгоритмдеу мәдениеті. Алгоритмдеуге үйрету ережелері
28.
Мектептегі математика курсын жүйелеу, жалпылау және қайталау
29.
Математиканы оқытудың психологиялық, педагогикалық негіздері
30.
Математиканы оқытудың технологиялық негіздері
31.
Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру
32.
Математиканы оқыта отырып, тәрбиелеу
33.
Математика пәні мұғалімінің іс-әрекеттері.
34.
Математиканы оқытуды ұйымдастыру. Математика сабағы.
35.
Оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру.
36.
Математикадан сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыру.
6.2 Коллоквиум
сұрақтары
Коллоквиум №1
«Математиканы оқытудағы ғылыми таным әдістері»
1. Ғылыми таным әдістерінің жалпы сипаттамсы.
2. Эмпирикалық әдістер:
:
бақылау,
тәжірибе жасау,
өлшеу,
эксперимент.
3. Олардың мтематиканы оықтуда қолданысы
.
4. Математиканы оқытудағы салыстыру
:
сипаттамасы,
ұстанымдары,
қолданысы.
5. Математиканы оқытудағы талдау мен жинақтау.
сипаттамасы,
ойлау психологиясы тұрғысынан.
6. Ойлау үрдісіндегі талдау, жинақтау мен салыстыру.
7. Математиканы үйретудегі талдау мен жинақтаудың қоданысы.
аналитикалық-синтетикалық әдіс. Мысал.
Кемелденген және кемелденбеген талдау әдістері. Мысал.
Геометрия есептерін шығарудағы талдау мен жинақтау. Мысал.
Мәтіндік есептерді шығарудағы талдау мен жинақтау. Мысал.
8) Математиканы оқытудағы жалпылау мен дерексіздендіру.
Жалпылау және арнайыландыру,
Жалпылау және талдау,
Дерексіздендіру (абстрагирование),
Нақтылау.
9. Математиканы оқытудағы аналогия.
10. Математиканы оқытудағы индукция мен дедукция.
Тапсырмалар
1.
Тетраэдрдың кейбір элементтерін енгізу әдістемесін үшбұрыштың сәйкесінше кейбір
элементтерін енгізу әдістемесінің аналогиясы бойынша жасап шығыңыз.
2.
Жалпылау әдісінің маңызды тәсілдері болып табылады:
- параметрдің өзгеру облысын кеңейту,
- берілген жиыннан оны қамтитын және одан кеңірек жиынға көшу. Тұжырымдалған ой желісін
көрсететін нақты мысалдарды келтіріңіз.
3.
Талдаудың екі түрін сипаттаңыз: кемелденген және кемелденбеген. Салу есептерін шығару
барысында талдаудың қай түрі пайдаланылады? Мысал келтіріңіз.
Коллоквиум №2 «Математикалық ұғымдар және оларды оқыту әдістемесі»
1. Ойлаудың негізгі формалары: ұғым, пікір, ой қорыту.
2. Ұғымға не тән?
3. Ұғым компоненттерін атаңыз?
4. Ұғымның көлемі мен мазмұны арасында қатынас қандай?
5. Қандай ұғымдар салыстырмалы болады?
6. Үйлесімді ұғымдар арасында қатынастардың қандай түрлері бар?
7. Ұғымды анықтау тәсілдерін қандай?
8. Ұғымдарды жіктеуге қойылатын талаптар?
9. Ұғым және атау (термин).
10 Ұғымды енгізудің нақты-индуктивтік әдісі. Мысал.
11 Ұғымды енгізудің абстрактілі-дедуктивтік әдісі. Мысал.
12. Математикалық ұғымдарды меңгеру:
-
білуі тиіс,
-
қолдана лауы тиіс,
-
берілген ұғымға қатысты негізгі факторларды өзектілеуге қабілеттілік.
13. Ұғымдардың анықтау барысында оқушылардың жіберетін қателіктері.
14. Жаңа ұғымдардың енгізу барысында пайда болатын оқушылардың қателіктері.
Коллоквиум № 3 «Математиканы оқытудағы есептің рөлі мен орны»
1.
Есеп және математикалық есеп дегеніміз не?
2.
Есептің атқаратын қызметтері мен олардың мәні:
дамытушылық қызметінің сипаттамасы. Ойлау белсенділігін жандандыратын есептердің
мысалдары;
дидактикалық қызметінің сипаттамасы (мақсаттары);
танымдық қызметінің сипаттамасы;
тәрбиелік қызхметінің сипаттамасы.
3. Есептерді шешудің жалпы әдістері:
аналитикалық-синтетикалық әдіс;
сақа талдау әдісі;
келтіру әдісі;
үлгілеу әдісі;
жуық мәндерін табу әдісі.
4. Есепті шешу кезеңдері.
5. Жаттығулар жүйесі:
бір типтес есептер: кемшіліктері мен артықшылықтары;
үздіксіз қайталау ұстанымының маңызы;
кері мысалдар: мәні, оларды пайдалану мен құру әдістемесі;
салыстыру ұстанымының маңызы;
есепті шешуді үйретуді ұйымдастыру: - жалпылай; жекелей.
үлгілі жауаптар тәсілінің мәні.
Коллоквиум № 4 «Математиканы оқытуды ұйымдастыру»
1. Сабақ
- математиканы оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы:
мәні,
міндеттері,
мазмұны,
құрылымы.
2. Математика сабағына қойылатын негізгі талаптар:
дидактикалық мақсатының болуы,
сабақта оқу материалының негізделіп таңдалуы,
сабақтардағы белсенді оқыту әдістерінің қолданысы,
тәрбиелік мақсаттарын шешу.
сабақты тиянақты ұйымдастыру.
3.Сабақтың түрлері және оларды бөлудің қажеттілігі:
оқушыларды жаңа материалдармен таныстыру сабағы,
бекіту сабағы,
білім, білік және дағдыларды тексеру сабағы,
жалпылау және жүйелеу сабақтары,
сабақтың басқа да түрлері.
4 Мұғалімнің сабаққа дайындалу жүйесі:
жалпы сипаттама,
оқу жылына әзірлігі,
оқу тақырыбы бойынша сабақтар жүйесін құру,
келесі сабаққа дайындығы.
5. Математика сабағын талдау сызбасы.
Тапсырмалар.
1.
Сұрау кезінде орынжалатын жекелей тапсырмаларды тексеру әдістемесін сипаттаңыз.
«Туындының қолданысы» тақырыбы бойынша жекелей тапсырмалар құрыңыз.
2.
Зертханалық-машықтану сабақтарының маңызын сипаттаңыз. «Туынды және оның функцияны
зерттеуге қолданысы» тақырыбы бойынша зертханалық-машықтану сабағын құрыңыз.
3.
Қандай да бір сабақты келесі тұрғыдан талдаңыз:
оқушылардың қисынды ойлауын дамыту,
баяндалатын материалдардың пратикалық маңызын ашып көрсету,
тәрбиелік мәні.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ
Математика кафедрасының
отырысында бекітілді
Хаттама № ___ «___» ______2010г.
Кафедра меңгерушісі_______ М.Н.Мадияров
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
пәні Математиканы оқыту әдістемесі
мамандығы 050601-Математика
оқу түрі күндізгі
Өскемен қаласы, 2010г.
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі пәні
1
Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі пәні:
A) математикалық білім беру мазмұны;
B) оқыту мақсаттары мен әдістері;
C) оқыту формасы мен құралдары
D) оқытудың негізгі бөліктерінен тұрады.
2
Математиканы оқыту әдістемесінің мақсаттарына мыналар жатады:
A) оқытудың негізгі бөліктерін және олардың арасындағы байланыстврды зерттеу;
B) математика ғылымының дамуын;
C) математикалық білім беруді ізгілендіру;.
D) математика пәні мұғалімдерін даярлау.
3
Ресейде алғаш жарық көрген әдістемелік құрал «Руководство преподавания
арифметики для учителей». Авторын атаңыз:
А) Ф.И.Буссе.
B) К.Ф.Лебединцев.
C) П.С.Гурьев.
D) И.Я.Лернер.
4
Я.А.Коменский «дидактиканың алтын ережесі» деп қандай дидактикалық принципті
атады?
А) көрнекілік принципі;
B) дербестік принципі;
C) ғылымилық принципі.
D) саналылық және баяндылық принципі.
5
Түсініктілік принципі оқыту оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру негізінде
құрылғанын талап етеді.. Сондықтан оқушыларға тапсырмалар мазмұны «жақын даму
аймағында» болуы ұсынылады.. Ұсыныс авторын атаңыз?
А) Я.А.Коменский.
B) П.Я.Гальперин.
C) Л.В.Занков.
D) Г.К.Селевко.
6
Бұл принципті оқытуда жүзеге асырудың үш жағдайы бар: 1) оқулық арқылы, 2)
мұғалімнің сабақта оқу материалын жоғары ғылми деңгейде баяндауы, 3)
оқушылардың оқу-зерттеушілік білік және дағдыларын қалыптастыру. Бұл қандай
принцип?
А) көрнекілік принципі;
B) дербестік принципі;
C) ғылымилық принципі;
D) түсініктілік принципі.
7
Қате жауапты атаңыз. Оқыту принциптерін құруда келесі факторлар ескеріледі:
A)
оқыту заңдары мен заңдылықтары;
B)
математиканы оқыту мақсаттары;
C)
мұғалімнің жеке қасиеттері;
D)
математика пәнінің ерекшелігі.
8
Қате жауапты атаңыз. Оқу материалының баяндалуының түсініктілігіне былайша қол
жеткізуге болады :
А) индукция әдісімен;
B) дедукция әдісімен;
C) көрнекілік құралдары арқылы;
D) оқушының өмірлік тәжірибесі арқылы.
9
Мектепте математиканы оқытудың алдыңғы мақсаттары:
A)
прогностикалық (оқыту);
B)
математикалық
мәдениетті
тәрбиелеуге
бағытталған
дүниетанымдық
(тәрбиелік және дамытушылық);
C)
жеке тұлғаға бағытталған (тәрбиелік тар мағынада).
D) барлық аталған мақсаттар.
10 Прогностикалық (оқыту) мақсаттарына қойылатын талаптар:
A)
тұлғаның жас ерекшелігіне байланысты қасиеттерін қалыптастыру;
B)
нақты, конструктивтілік, тексерушілік, оқушының оқып-үйрену үрдісіне
қатысымы;
C)
оқу үрдісін тұтас қамтиды;
D)
тұжырымдарды дәйекті және қисынды схема арқылы беруге ұмтылу, олардың
айқын жіктелуін көрсету.
11 Жеке тұлғаға бағытталған мақсаттарға қойылатын талаптар:
A)
тұлғаның жас ерекшелігіне байланысты қасиеттерін қалыптастыру;
B)
нақты, конструктивтілік, тексерушілік, оқушының оқып-үйрену үрдісіне
қатысымы;
C)
оқу үрдісін тұтас қамтиды;
D)
тұжырымдарды дәйекті және қисынды схема арқылы беруге ұмтылу, олардың
айқын жіктелуін көрсету.
12 Математикалық білім беру мазмұнына жатады:
A) білім және білік;
B) білік және дағды;
C) білім, білік және дағды;
D) есептер мен теоремалар.
13 Қате жауапты атаңыз. Математикалық білім дегеніміз….
A) математикалық ұғымдар;
B) математикалық заңдар, символдар;
C) математикалық қисын;
D) математикалық тіл.
14 Қате жауапты атаңыз. V-XI сыныптардағы математика курсында арифметика, алгебра
и анализ бастамалары мазмұны үйлесіп жатады. В.Л.Гончаров оқушылардың білім,
білік және дағдыларын ескере отырып, мына «желілерді» ұсынады:
А) қисындылық.
B) формальды-оперативтік.
C) мазмұнды-қолданбалық.
D) функционалдық.
15 Мектептегі математикалық білім беру мазмұнын қалыптастыру көзін атаңыз.
A) мәдениет, әлеуметтік тәжірибе;
B) әлеуметтік статус;
C) ғылым;
D) білім беру.
16 Білім беру стандарты – бұл параметрлер жүйесі және ол сипаттайды …
A) білімділіктің мемлекеттік нормасын;
B) мұғалімнің оқу-тәрбие жоспарын;
C) мектеп жоспарын;
D) білім беру дегі мектептің міндеттерін.
17 Қате жауапты атаңыз. Мемлекеттік жалпы білім беру стандарты мына
компоненттерден тұрады:
A) республикалық;
B) дүниежүзілік;
C) аймақтық;
D) мектептік.
18 Қате жауапты атаңыз. Оқу жоспары - құжат және ол мыналарды қамтиды…
A) оқу пәндерінің тізімі;
B) пәндердің апталарға бөлінуі;
C) мектеп Жарғысының бөлімдері;
D) әр пәнге бөлінген сағаттар саны.
19 Базистік оқу жоспары қандай құжаттың құрамдас бөлігі?
A) білімділіктің мемлекеттік нормасы;
B) мұғалімнің оқу-тәрбие жоспары;
C) мектеп жоспары;
D) білім берудің мемлекеттік стандарты.
20 Оқу жоспарының мектептік компоненті қандай құжаттың баптарына сай
қалыптасады?
A)
ҚР «Білім беру Заңы»;
B)
ҚР математикалық білім беру Тұжырымдамасы;
C)
мектеп Жарғысының бөлімдері;
D)
мектептің оқу жоспары.
21 Қате жауапты атаңыз. Оқу бағдарламалары – нормативтік құжат, онда мыналар
келтіріледі ...
A) теориялық білімдер;
B) жаттығулар мен есептер;
C) математикалық білім, білік және дағдылар
D) оқулықтар.
22 Қате жауапты атаңыз. Мектепте төмендегідей оқу бағдарламалары қолданылады.
A)
арнайы;
B)
жұмыс;
C)
авторлық;
D)
типтік.
23 Қате жауапты атаңыз. Оқу бағдарламаларын құру тәсілдері мыналар:
A) дөңгелектік;
B) сызықтық;
C) концентрлі;
D) спираль тәріздес.
24 Оқу бағдарламаларының мазмұнын мына құжатта нақтыланады.
A) базистік жоспарда;
B) оқулықтарда;
C) оқу кұралдарында;
D) мұғалім жоспарында;
25 «Теория мен өмір шындығы, математикалық модельдер мен нақты дүниенің өзара
қарым-қатынасы мәселелерінде теория мен іс-тәжірибенің терең диалектикалық өзара
байланысы айқындалады» - деп жазады ….
А) Д.Пойя.
B) А.Я.Хинчин.
C) А.Н.Колмогоров.
D) Л.Д.Кудрявцев.
26 Қате жауапты атаңыз. Математикалық іс-әрекеттің (оқу) құрамдас бөліктеріне
жатады:
A)
эмпирикалық материалды математизациялау;
B)
материалды қисынды ұйымдастыру;
C)
теорияны қолдану;
D)
оқу іс-әрекетін жоспарлау.
27 «Оқыту дамытудың алдында жүреді» деп жазды….
А) Л.С. Выготский.
B) Ж. Пиаже.
C) А.Н.Колмогоров.
D) П.Я. Гальпарин.
28 «Дамыту оқытудың алғы шарттарын тудырады.» деп есептейді ….
А) Л.С. Выготский.
B) Ж. Пиаже.
C) А.Н.Колмогоров.
D) П.Я. Гальпарин.
29 «Оқыту дамытуға пар-пар».
А) Л.С. Выготский.
B) Ж. Пиаже, В.Штерн.
C) У Джеймс, ЭД. Торндайк.
D) П.Я. Гальперин.
30 Жеке тәжірибені жинақтаудағы адамның белсенділігінің түрлері мен тәсілдерінің
жиынтығын былай деп атайды:
А) оқыту;
B) дамыту;
C) оқып-іздену;
D) оқып-үйрену.
Математиканы оқыту әдістері
1
Әдіс(метод) грек тілінен аударғанда мынаны білдіреді:
A)
жол;
B)
бағыт;
C)
диалог;
D)
мақсатқа жету тәсілі.
2
Қате жауапты атаңыз. Оқыту әдістерінің үш белгісі бар:
A)
іс иелері қатынасының уақыт мөлшері;
B)
оқыту мақсаттары;
C)
меңгеру тәсілі;
D)
іс иелері қатынасының сипаты.
3
Бұл жол ақпараттың қайнар көзі және оны қабылдаудың сипатына негізделеді.
Сондай-ақ оқыту әдістері ауызша, жазбаша және практикалық болып бөлінеді.
A)
перцептивтік (Е.Я.Голант, және б.б.).
B)
қисынды (А.Н.Алексюк)
C)
гностикалық (И.Я.Лернер, және б.б.)
D)
кибернетикалық (Л.Н.Ландаидр.)
4
Қате жауапты атаңыз. Оқытудың ауызша әдістеріне мыналар жатады:
A)
әңгімелеу, дәріс, түсіндіру;
B)
әңгімелесу, пікірталас;
C)
кітаппен жұмыс;
D)
жаттығулар.
5
Қате жауапты атаңыз. Әңгімелесудің мынадай түрлері бар:
A)
кіріспе, алғысөз және ұйымдастыру;
B)
хабарлама, жаңа білім қалыптастыру;
C)
сараптау;
D)
жүйелеу және бекіту.
6
Орта ғасырда әңгімелесудің кең тараған формалары мыналар еді:
A)
сократтық;
B)
платондық;
C)
аристотельдік;
D)
бұкаралық
7
Әңгімелеудің мынадай түрлері бар:
A)
хабарлама, жаңа білім қалыптастыру;
B)
алғысөз, баяндау, бекіту;
C)
кіріспе және алғысөз;
D)
жүйелеу және бекіту.
8
Қате жауапты атаңыз. Әңгімелеудің тиімді шарттары:
A)
жан-жақты ойластырылған жоспар және тақырыпты ашудың неғұрлым ұтымды
тізбегін таңдап алуы;
B)
үлгілер мен иллюстрациялардың сәтті құрылуы;
C)
тиісті сезімталдықпен баяндалуы;
D)
мысалдарды шешу.
9
Оқу материалы ауызша, баяндау арқылы, нысаналы түрде берілетін және оқушылар
сұрақтарымен бөлуге болмайтын оқыту әдсі…
A)
әңгімелеу;
B)
әңгімелесу;
C)
пікірталас;
D)
дәріс.
10 Қате жауапты атаңыз. Оқытудың көрнекілік әдістері мынадай топтарға бөледі:
A)
иллюстрациялар;
B)
демонстрациялар;
C)
зерттеушілік;
D)
модельдік.
11 Оқытудың көрнекілік әдістерінің көздеріне жататындар:
A)
бақыланатын құбылыстар, заттар, көрнекілік құралдары;
B)
модельлер мен заттар;
C)
бақыланатын үрдістер;
D)
көрнекілік құралдары.
12 Жаттығулардың мынадай түрлері белгілі:
A)
ауызша, жазбаша, оқу және еңбек;
B)
ауызша, жазбаша, графиктік, оқу;
C)
жазбаша, графиктік, оқу;
D)
ауызша, жазбаша, график, оқу-еңбек.
13 Бұл жол мұғалімнің оқу материалын баяндау қисыны және оны оқушының қабылдау
қисынын қарастырады. Ол индуктивті және дедуктивті оқыту әдістері деп аталады..
A)
перцептивтік (Е.Я.Голант,және ,т.б.).
B)
қисынды (А.Н.Алексюк)
C)
гностикалық (И.Я.Лернер,т.б.)
D) кибернетикалық (Т. В. Ильина, т.б.)
14 Қате жауапты атаңыз. Индукция әдісінің әдістемелік схемасы:
A)
индуктивті зерттеу мақсатын қою;
B)
нақты материал таңдап алу, оның негізінде индуктивті жалпылауға қол жеткізу;
C)
жалпы заңдылықтарды табу және зерттеу;
D)
белгілі материалды бекіту
15 Қате жауапты атаңыз. Дедукция математиканы оқыту әдісі тұрғысынан мынаны
қамтиды:
A)
дедуктивті дәлелдеулерге баулу;
B)
жаңа жаттығулармен толыққан дедуктивтік жүйеге баулу;
C)
алғышарт ақиқат болса, қорытынды да ақикат;
D)
қуатты эвристикалық күшке ие.
16 Бұл жол оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін негізге алады.
A)
перцептивтік (Е.Я.Голант, т.б.).
B)
басқару тұжырымдамасы (М.А.Данилов);
C)
гностикалық (И.Я.Лернер,т.б.)
D) тұтастық (Ю.К.Бабанский.)
17 Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің деңгейімен анықталатын оқыту әдісін
атаңыз:
А) нақты-индуктивтік әдіс.
B) абстрактілі-дедуктивтік әдіс.
C) өз бетімен жұмыс.
D) салыстыру әдісі.
18 Дұрыс жауапбын атаңыз. Гностикалық жол бойынша оқыту әдістері былайша
жіктеледі: 1. ауызша; 2. ақпараттық-рецептті; 3. қайта жаңғыртушылық; 4.
иллюстративтік; 5.
проблемдік; 6. эвристикалық; 7. зерттеу.
A) 1- 3, 5, 7;
B) 2, 4, 5-7;
C) 2, 3, 5-7;
D) 2, 3, 4-6.
19 Бұл жол танымдық іс-әрекеттерді тәсілі және кері байланыс орнату сипатын негізге
алады. Оқытуды алгоритмизациялау мен бағадарламалаудф ұсынады.
A)
қисынды (А.Н.Алексюк)
B)
кибернетикалық (Т. А. Ильина)
C)
гностикалық (И.Я.Лернер,т.б.)
D) тұтастық (Ю.К.Бабанский.)
20 Аталмыш жол оқыту үрдісін аяқталған циклінде оқыту әдістерінің рөлін ашуға
мүмкіндік береді: іс-әрекеттерді жоспарлау, оларды ұйымдастыру, нәтижесін
марапаттау және бақылау.
A)
қисынды (А.Н.Алексюк)
B)
кибернетикалық (Т. А. Ильина)
C)
гностикалық (И.Я.Лернер,т.б.)
D) тұтастық (Ю.К.Бабанский.)
21 Қате жауапты атаңыз. Ю.К. Бабанский оқыту әдістерін бір тұтастықты негізге ала
отырып үш топқа бөлген: 1. оқу танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру әдістері; 2.
марапаттау және оқу танымдық іс-әрекеттерін мотивациялау әдістері; 3. жалпылау
әдісі; 4. бақылау мен бағалау әдістері
A) 1;
B) 2;
C) 3;
D) 4.
22 Оқытудың әдістерінің бір тұтастығын жүзеге асырудың тағы бір жолын М. И.
Пахмутов ұсынды, ол М. М. Левина сияқты жіктемені берді.
A)
сабақ беру мен оқып-үйрену әдістері;
B)
бақылау мен бағалау әдістері;
C)
репродуктивтік әдіс;
D)
продуктивті әдістер.
23 Аталмыш жол оқытудың әр түрлі кезеңдерінде шешілетін дидактикалық мақсаттарды
көздейді.
A)
перцептивтік (Е.Я.Голант, т.б.).
B)
басқару тұжырымдамасы(М.Данилов);
C)
гностикалық (И.Я.Лернер,т.б.)
D) тұтастық (Ю.К.Бабанский.)
24 Оқытудың эмпирикалық әдістеріне жатады:
A)
бақылау, эксперимент, аналогия;
B)
тәжірибе, салыстыру, бақылау , анализ;
C)
бақылау, эксперимент, өлшеу,сипаттау
D) синтез, сипаттау, дедукция.
25 Оқытудың логикалық әдістеріне жатады:
A)
бақылау, эксперимент, аналогия;
B)
тәжірибе, салыстыру, бақылау , анализ;
C)
бақылау, эксперимент, өлшеу,сипаттау
D) анализ, синтез, аналогия, дедукция т.б
26 Математикалық оқыту әдістеріне жатады:
A)
бақылау, эксперимент, аналогия;
B)
тәжірибе, салыстыру, бақылау , анализ;
C)
бақылау, эксперимент, өлшеу,сипаттау
D)
модельдеу, аксиоматикалық әдіс т.б..
27 Ойша жеке элементтерді бір тұтасқа жинақтауға көмектесетін логикалық тәсіл -
A)
жалпылау;
B)
абстрактілеу;
C)
синтез;
D) аналогия.
28 Зерттеліп отырған объектілер мен құбылыстардың тек берілген класына тән қайсыбір
ерекше қасиеттерін ойша айыру, белгілеу тәсілін
A)
жалпылау;
B)
абстрактілеу;
C)
нақтылау;
D) аналогия.
29 Бір затты ойша бірнеше бөліктерге жіктеу –
A)
жалпылау;
B)
абстрактілеу;
C)
синтез;
D) анализ.
30 Аналогияда ұқсастық нышаны бар. Аналогияны екіге бөлуге болады:
A)
жай және күрделі;
B)
жалпы және жеке;
C)
жай және таралған;
D)
нақты және қарапайым.
Достарыңызбен бөлісу: |