6 Тәуекел және табыстылық корпорациялық тәуекелдерді және активтер портфелін басқару Дәріс сұрақтары



бет4/4
Дата18.04.2023
өлшемі54,17 Kb.
#83678
1   2   3   4
Байланысты:
6 Тәуекел және табыстылық

Тәуекелден қашу – қаржы тәуекелінің нақты түрін толық болдырмайтын ішкі сипатты шараларды әзірлеу болып келеді. Осындай негізгі шараларға жататындар

  • тәуекел деңгейі өте жоғары қаржы операцияларды іске асырудан бас тарту;

  • заем капиталын көп көлемде пайдаланудан бас тарту;

  • айналымды активтерді өтімділігі төмен түрлерде асыра пайдаланудан бас тарту;

  • қысқа мерзімді қаржы салымдарда уақытша жұмсалмай жатқан ақша активтерін пайдаланудан бас тарту.

Қаржы тәуекелдердің шоғырлануын кесімді шектеу, яғни шиеленіскен немесе апатты тәуекелдер аймағында іске асырылатын қаржы операциялар бойынша. Бұндай кесімді шектеу (лимитирование) кәсіпорындарда тиісті ішкі қаржы нормативтерді қою жолымен іске асырылады.
Хеджирлеу – (бағалар мен пайданы сақтандырудың түрі). Хеджирлеу тәуекелді, мүмкін болатын қаржы шығындарды азайтудың кез келген механизмдерін пайдалану үдерісін сипаттайды. Тар қолданбалы маңызында «хеджирлеу» термині қаржы құралдарының тиісті түрлерін пайдалануында негізделген әдісті сипаттайды (әдетте, бағалы қағаздардың туындылары – фьючерстер, опциондар, форвардар, своптар және т.б. деривативтер).
Тәуекелдерді тапсыру келісім-шарттарға, шарттарға келісімдерге жеке жауапкершілікті азайтатын немесе оны контрагентке жүктейтін тиісті ережелерді кіргізу жолымен іске асырылады.
Тәуекелдерді үлестіру оларды жеке қаржы операциялар бойынша әріптестерге жартылай тапсыруда негізделген. Өзін-өзі сақтандыру (ішкі сақтандыру) қаржы ресурстардың бөлігін резервте сақтауда негізделген. Бұның барысында шаруашылық әріптестерге қаржылық тәуекелдердің жағымсыз салдарын жоюға мүмкіндіктері көптеу және ішкі сақтандырудың ең нәтижелі тәсілдері бар тәуекелдер бөлігі тапсырылады. Өзін-өзі сақтандыру (ішкі сақтандыру) – ол контрагенттердің әрекеттерімен тәуекелдер байланысты емес қаржы операциялар бойынша жағымсыз қаржы салдарын жоюға мүмкіндік беретін қаржы ресурстарын сақтауда негізделген. Тәуекелдерді басқарудың ең тиімді тәсілі - әртараптандыру болып келеді. Ол капиталды жоғалту тәуекелін төмендету мақсатымен әр түрлі объектілер арасында инвестицияланған қаражаттарды үлестіру үдерісі. Әртараптандыру механизмі тәуекелдердің қолайсыз қаржылық салдарын жою үшін пайдаланады. Ең алдымен ол қоржын тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді. Қаржы тәуекелдерін әртараптандырудың негізгі түрлері ретінде келесі бағыттар пайдалануы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет