66. Корпустық лингвистика, зерттеу нысаны, негізгі ұғымдары, өзекті мәселелері Корпустық Лингвистика дегеніміз — əр түрлі стильге, тілге, жанрға қолдану аясына байланысты электронды түрде біріккен мəтіндер жинағы. Корпустық лингвистика 1963 ж. АҚШ-та пайда болған, Браун корпусынан The Brown Standard Corpus of American English бастамасын алады. Бұл корпустың көлемі 1 млн сөзқолданыстан тұрады жəне құрамында 2 мың сөзқолданысқа тең 500 мəтін енгізілген.
Корпустық лингвистика тілдік зерттеулерде мынадай әдістерді негізге алады:
-филологиялық әдістер;
-статистикалық әдістер;
-ақпараттық-технологиялық әдістер;
-теориялық-лингвистикалық әдістер
Қазіргі кезде корпустық лингвистиканың қолдану аясы бұрынғыдан да кеңейе түсті. Жалпы алғанда, корпустарды келесі топтарға бөліп қарастыруға болады:
I. Құрылымдық дəрежесіне қарай: 1. Электрондық архив (сыртқы есте сақтау таспадағы ңделмеген мəтіндер). 2. Электрондық кітапхана (өңделген пішіндегі мəтіндер). 3. Мəтіндер корпусы (мəтіндердің стандартталған, өңделген жəне əр пəндік саланы бейнелейтін жиынтығы).
II. Тілдердің қамтылу санына байланысты: 1. Біртілді. 2. Екітілді. 3. Көптілді.
III. Қолдану тəсіліне қарай: 1. Зерттеу корпустары (көбінесе тілдік жүйелер қызметінің əр түрлі аспектілерін зерттеуге арналған). 2. Көрнекілік корпустары (олар зерттеу жүргізілгеннен кейін ғанақұрылады; бұл корпустардың мақсаты — алынған нəтижелерді растау жəне негіздеу).
IV. Динамикалық сипатына қарай: 1. Тілдік жүйенің белгілі қалпын бейнелейтін статикалық корпустар. 2. Динамикалық (мониторлық) корпустар. Олар пəндік аяның процессуалды аспектісіндегітілдік феномендердің белгілі уақыт ішіндегі қызметін айқындау мəселелерін қарастырады.
V. Индекстеуге қатысты: 1. Белгіленбеген жай корпустар. 2. Белгіленген (аннотацияланған,мазмұндалған) корпустар. Қазіргі кездегі корпустар тек аннотацияланған болып келеді, себебі текбелгіленген корпустардан ғана қажетті ақпаратты іздестіруге, пайдалануға мүмкіндік бар.
VI. Тіл формасына (тұрпатына) қарай: 1. Жазба түрдегі корпустар. 2. Сөйлеу түріндегі(фонетикалық) корпустар.