67. Қазақ тілінің ұлттық корпусы Корпус сайтында қазақ тілінің электронды мәтіндік қоры жинақталған. Корпустағы мәтін көлемі – 21 миллион. Мәтіндер қазақ тілінің 5 стиль түрінен (көркем стиль, ғылыми стиль, публицистикалық стиль, ісқағаз стилі, сөйлеу стилі) жинақталған. Корпустан сөз, сөзформа (сөз түрленімі) бойынша іздеу жүргізіп, іздеген сөзіңіз қолданылған сөйлемдердің тізімін және олардың дереккөзін көре аласыз. Табылған сөз/сөзформа немесе мысалдардағы кез келген сөз туралы тілдің барлық деңгейіне қатысты ақпарат беріледі. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтындағы Қазақ тілі корпусының әзірлемешілері: А. Жұбанов, А. Жаңабекова, А. Фазылжанова, Ә. Жүнісбек, С. Құлманов т.б
68. Қазақ тілінің «Тіл-қазына» компьютерлік қоры, мақсаты, мәселелері
«Тіл – қазына» атты деректер қорының мүмкіндіктері: - қажетті деген сөзге немесе сөзформаға қатысты карточкалық
мәнмәтіндерді лезде тауып алып, олармен компьютердің экраны арқылы
немесе қағаз бетіне басып шығарып та танысу мүмкіндігі;
- әрбір әріпке байланысты реестрлік сөздік түзілгендіктен, қажет деген
сөздер мен оларға қатысты карточкалық мәнмәтіндерді лезде іздеп тауып алу
мүмкіндігі;
- қажетті деген сөзге немесе сөзформаға (олардың бастапқы, ортаңғы,
соңғы бөліктеріне) байланысты карточкалық мәнмәтіндерді авторына,
шығармасына, баспа аттары мен шыққан жылдарына қатысты іздеп табу
мүмкіндігі;
- «Тіл – қазына» компьютерлік базадағы карточкалық мәнмәтіндерді
өңдеуге, өшіруге немесе жаңадан қосуға болатын мүмкіндіктің ескерілуі
Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының негізгі функциялары: -мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда ғылыми-әдістемелік сүймелдеуді іске асыру;
-қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің ғылыми-әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыру;
-қазақ тілін оқыту әдіснамасын жүйелеу мен стандарттау;
-әдіскерлер мен оқытушыларға әдістемелік көмек көрсету;
-қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуді насихаттау;
-оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнын әзірлеу, баспадан шығару;
-қазақ тілін оқыту мен үйретуді ақпараттық сүйемелдеу;
және т.б.