60. Нейролингвистиканың тіл білімі салаларымен байланысы


Психолингвистика, зерттеу пәні, өзекті мәселелері



бет6/6
Дата01.05.2023
өлшемі25,95 Kb.
#88700
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
60-69

69. Психолингвистика, зерттеу пәні, өзекті мәселелері
Психолинвистика тілді психикалық құбылыс ретінде қарастыратын тіл білімінің саласы. Психолингвистикалық көзқарас бойынша, сөйлеуші мен тыңдаушының, жазушымен оқушының ішкі жан дүниесі тілде өмір сүреді. Психолингвистиканы жартылай лингвистика жартылай психология деп арастыруға болмайды. Бұл – тілді зерттейтіндіктен лингвистикалық ілімдерге жататын, тілді белгілі бір аспектіде психологиялық құбылыс ретінде қарастыратындықтан – психологиялық ілімдерге жататын кешенді ғылым.
Тіл психологиясының объектісі – адамдардың сөйлеу әрекетінде болатын психикалық үрдістер.
Психолингвистика (фр. linguistigue — лат. lingua - тіл) — психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы. Ол сөйлеу процесін, оның мазмұны, коммуникативті рөлі, сөздің ойға қатысы тұрғысынан зерттейді.
Тіл білімін психологиямен ұштастыруға В.Гумбольдттың «тілді әрекет» ретінде қарастыратын ілімі ықпал етті. 19-ғасырдың 2-жартысында тіл білімінің психологиялық бағыты пайда болды, негізгі өкілдер – Г.Штейнталь, М.Лацарус және А.А.Потебня. А.А.Потебняның «Мысль и язык» (1862) еңбегінде психолингвистиканың негізгі мәселелері қарастырылған. Оның идеяларын Л.С.Выготский «Мышление и речь» кітабында дамытады. Психолинвистика тілді психикалық құбылыс ретінде қарастырады. Психолингвистика – сөйлеудің түзілуі, сондай-ақ оның қабылдануы мен қалыптасуы үдерістерін тіл жүйесімен қатыстыра отырып зерттейтін ғылым. Пәндік аясы үш саланы қамтиды:
1. Сөзді жасау, шығару (производство речи) (жеке сөйлеу актісінде болады);
2. Сөз қабылдау (жеке сөйлеу актісінде болады);
3. Сөйлеуді қалыптастыру (бала тұлғасының қалыптасу үдерісінде).
Байқап отырғанымыздай, сөйлеу әрекетінің бұл үш саласы да тілмен шарттас. Психолингвистиканың негізгі әдісі – лингвистикалық эксперимент, оның аясында әртүрлі әдістер жасалды: а) ассоциативті эксперимент; б) эксперименттік шкалалау; в) ықтималдық болжау; г) мәтінді индекстеу.
Қазақстан психолингвистері (М.М.Мұқанов, Н.М.Құрманбаев, М.К.Қайырбаева, Ш.С.Баймешева т.б. қостілділік, оны меңгерумен түсіну, іштей сойлеу т.б.) мәселелерін жан-жақты зерттеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет