60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет168/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   179
Пайдаланылған әдебиет: 
1. Жұмабаев М. Педагогика. -Алматы, 1991. -160 б. 
2. https: //eks33. ru/kk/methods-development/the-main-works-of-makarenko-peda-
gogical-ideas-a. html
3. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ. Аста-
на, 2012 ж. 
4. Оқытушыға арналған нұсқаулық. – Астана: «Назарбаев зияткерлік мектептері» 
ДББҰ. Педагогикалық шеберлік орталығы, 2018 ж. 
5. Халықтық педагогика – даналық мектебі. -Алматы: «Сарыжайлау» қоғамдық 
қоры, 2012 ж. 
6. Жеті жүз жұмбақ. - Алматы, 1985. – 128 б. 
7. Қазақ мақал-мәтелдері (Құрастырған Ө. Тұрманжанов). - Алматы, 1993. -176 б. 
8. Психологический словарь. -Москва, 1983. -447 с. 
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУ ТӘЖІРИБЕСІНЕН
Оспанова Н. 
Алматы облысы Сарқан ауданы Алмалы ауылы
«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Алмалы орта мектебі» КММ
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны 
да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық 
қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл – халықпен бір-
ге өмір сүріп дамиды. Мектеп табалдырығынан бастап жоғарғы оқу орындарында 
ағылшын тілін үйрету айрықша мәртебеге ие. Ағылшын тілінің Қазақстандағы рө-


353
лінің арта түсуі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыру мәселесін маңызды 
ете түсуде. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы зор. 
Туған тіліңді білуге тиісті емессің, міндеттісің деп айтар едім. Ал, басқа мемле-
кеттің алдында өз еліңнің дәрежесінің биік екенін мойындату үшін, жеті тілді жетік 
меңгеру артық етпейді. Бәсекеге қабілетті мемелекет құруда жас ұрпақтың тигізер 
үлесі зор. Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орындарында шет тілін кәсіби деңгейде оқыту 
басты орында тұр. Яғни, әрбір адам өз мамандығына байланысты шет тілін жетік 
меңгеріп, одан әрі қарай дамыта алады. Сонымен қатар шет мемлекеттерге шығып, 
мол тәжірибе жинақтауға мүмкіндігі бар. 
Мәдениетті, жан-жақты, ұлтжанды, рухани дүниесі бай жастар тәрбиелеп шыға-
ру әр бір ұстаздың басты мақсаты. Жаһанданған заман елімізді барлық елдермен бә-
секелесе дамуға итермелейді. Тілдің қажеттілігі, тілге деген сұраныс артқан сайын 
осы қажеттілікті қамтамасыз ету үшін арнайы шаралар да жиі ұйымдастырылып 
тұру керек. Бәсекелестікте тек мықтылар ғана жеңіп шығады, ал бәсекеге шыдай 
алмайтындар жеңіліске ұшырайды. Қазіргі заман ашықтық пен жан-жақтылықты 
талап етеді. 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған еліміздің даму стратегиясында 
қазақ тілін өркендету мен шет тілдерді оқыту мәселесіне айрықша мән берілген. 
Шет тілін білу сән емес, заман талабы екені белгілі. Туған тіліңді жетік меңгер, 
қастерлей біл. Бірақ бір тілмен ғана шектеліп қоймай, жан-жақты бол, тіл үйрен. 
Бұл сенің болашағыңның ғана емес, тұтастай ұлтыңның болашағының жарқын бо-
луының кепілі. 
Бүгінгі күн – талантты, жігерлі, өзіне сенетін адамдардың уақыты. Біздің әрқай-
сысымыз – оқушы, мұғалім, не ата-ана, басшы немесе шенеунік болсын осы мін-
деттерді атқарудағы өзіміздің жоғары жауапкершілігімізді нақты сезінуіміз қажет. 
Сонда ғана бүгінгі білім беру жүйесінде елдің ертеңі, жас ұрпақтың нұрлы бола-
шағы үшін жұмыла атқарылып жатқан жұмыста жоғары нәтиже беріп, халықтың 
игілігіне жарар ізгілікті іс жасалмақ. Осы орайда өзімнің ағылшын тілі пәнін өткі-
зу тәжірибеммен бөліскелі отырмын. Атап айтқанда сабақты жоспарлау және өт-
кізудегі кейбір тәжірибемді ортаға салмақшымын. Оқытудың сындарлы теориясы 
оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының 
идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдасты-
руын талап етеді. Қазіргі сындарлы оқытудың мақсаты – дәстүрлі сабақтағыдай 
дайын білімді беріп қана қоймай, өз дәлел уәждерін жеткізе білетін, сыни тұрғы-
да ойлау арқылы тығырықтан шыға алатын, сенімді тұлға тәрбиелеу. Мұғалімнің 
мақсаты – жоғары оқу орнынан алған теориялық білімді тәжірибеде жүзеге асыру. 
Қазіргі заманға лайықты сабақ өткізу үшін шет тілі мұғалімі тізбектелген сабақтар 
топтамасында жеті модульді ықпалдастыра отырып, оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-
тәсілдерді пайдаланып сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың 
алған білімдерін жинақтау, грамматикалық білімдерін тексеру, топтық жұмысты 
жандандару оқушыларды өздігінен жұмыс жасауға үйрету т. б. мақсаттар қояды. 
Тізбектелген сабақтардың орта мерзімді жоспары күнтізбелік жоспарға сәйкес жа-
салынады. Бірінші сабақтың тақырыбы «Prictise your grammar. Past simple» болса, 
осы жерде алдыма қойған мақcатым тақырып аясында жоспарланды: «Өткен шақ 


354
туралы алған білімдерін жинақтау, жаттығулар орындау барысында сөйлемдерде 
өткен шақтың қолданылуын тексеру». Осы бірінші сабақта оқыту мен оқудағы жаңа 
әдіс-тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлану, оқыту үшін бағалау және оқуда бағалау соны-
мен қатар жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту модульдерін түрлі әдістер арқы-
лы көрсетіледі. Сонымен қатар әр сабақты дұрыс ұйымдастырып, ынтымақтастық 
атмосферасын құру да маңызды. Әр сабақта ынтымақтастық атмосферасын құру 
мақсатында жас ерекшеліктерін ескере отырып шаттық шеңберлерін ұйымдастыру 
керек. Бірінші сабағымда «I am happy because…, (Мен бақыттымын себебi, …) сөй-
лемдерін жалғастырып оқушылар өз ойларын айтады. Үй тапсырмасын сұрау үшін 
«Әріпті сұрақтар» бойынша тексеремін, оқушыларды сын тұрғысына ойлауға үйре-
ту және жаңа тақырыпты бекіту мақсатында «Семантикалық карта» әдісін қолдану 
жоспарланды. Екінші сабақта ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру үшін «Жақ-
сы күн» видеосын көрсетіледі, үй тапсырмасын тексеру үшін «Сұрақ-жауап» әдісі 
пайдаланылады. Топтастыруды жаңа тақырыппен байланысты көмекші етістіктер 
жазылған қиындылар қолданылады. Сабақ барысында А, В, С деңгейлі оқушылар-
мен жұмыс та ескеріледі. Осы мақсатта «Жұбыңды тап» әдісі жоспарға енгізілді. 
«Ұшақ» тренингі қортындылауда қолданылады. Үшінші сабақтағы шаттық шең-
берінде «Дирижер» ойынын қолдану, үй тапсырмасын пысықтау үшін «Вербальді 
жауап» әдісі, тақырыпты меңгерту барысында қолдану үшін «Кубизм» әдісі жос-
парланды. Алдынғы сабақтарды қайталау кезінде «Ыстық орындық» әдісін қолда-
нылады. Қортындылауға «Таңдау және негіздеу» сұрақтары дайындалады. «Insert» 
кестесі арқылы кері байланыс алынады. Оқушылардың өз еркімен білім алуларын 
қамтамасыз ету үшін түрлі әдіс-тәсілдер таңдалды. Сонымен қатар формативті ба-
ғалау да жоспарланды. Олар: «Шапалақ», «Үш балдық жүйе» т. б. да формативті 
бағалау жүргізетін әдістер. 
Сабақты «Шaттық шеңбеpін» құpу, «I wish you», көңілді видеолармен бaстaу дәс-
түрге айналды. Бұл oйындapдың біpден-біp негізгі мaқсaты сыныптa ынтымaқтaс-
тық aтмoсфеpaсын қaлыптaстыpу бoлып тaбылaды. Oқушылapдың өздеpін сaбaқтa 
еpкін және қaуіпсіз сезінуі oқыту үдеpісінің тaбысты бoлaтындығынa күмән кел-
тіpмеуді көpсетеді. Сoл үшін мұғaлімнің негізгі мaқсaты ең aлдымен сыныптa ын-
тымaқтaстық aтмoсфеpaсын opнaтып aлу деп oйлaймын. «I am happy» әдісінде оқу-
шылар шын көңілдерімен өз ойларын айтты, біpінші тілекті өзім бaстaдым. Оқу-
шылар бақыт дегеннің өзі не екенін сезіне білді. For example: I am happy because, 
Ilive in my Kazakhstan. 
«Тыңдап отырған үштік», «Hot chair», De Bone s hat», «Semantic map», «Ұшақ» 
тренингін, «Дирижер» ойынын, «Work in pairs» әдістерін, вербальді және бейвер-
бальді жауаптарды пайдаландым. «Тыңдап отырған үштік» әдісіне әр топтың көш-
басшыларын қатыстырдым. Осындай әдістерді тиімді пайдалану барысында күті-
летін нәтиже жүзеге асты. Диалогтік оқыту оқушыларды ынталандырды ойларын 
қорытып сөйлеуге үйретеді. Әлеуметтік өзара әрекеттестік оқуда маңызды роль ат-
қарады. «Мұғалім –оқушы» және «оқушы – оқушы» жағдайындағы қарым-қатынас 
түсінікті дамытып, мағынаны ашудың елеулі бөлігін құрайды. «Тыңдап отырған 
үштік» әдісін қолдануда осыны байқадым. Оқушылар топта үшеуден отырады. Әр 


355
оқушы сөйлеуші, сұрақ қоюшы және жазып алушы рөлін атқарады. Сөйлеуші бір 
нәрсені айтады, сұрақты түсіндіреді немесе пікірін білдіреді. Жазып алушы қажетті 
жерлерін түрліп алып, әңгіме соңында қорытынды береді. Мәселен, бірінші оқушы: 
«What did you do yesterday?», екінші оқушы: «I do my home work?», үшінші оқушы: 
«What did she do?», одан кейін екінші оқушы: «She does her homework». 
Оқушының өзі орындай алмаған тапсырманы мұғалімнің немесе өзінің досымен, 
қабілетті оқушының көмегімен орындау барсында білімі мен дағдысы дамиды. 
Мысалы: «Жұбыңды тап» ойынын сабағымда пайдаланғанда С деңгейлі оқушы А 
деңгейлі оқушымен бірігіп диологқа түсіп, тілін дамытып сөйлеуге үйренді. Work 
in pairs. Бірінші оқушы: «-How are they going to go school?». Екінші оқушы: «- They 
are going to go school…» 
Сабақты қорытындылауда, өткен материалдардан сұрақ қойғызып, білімдерін 
тексеру қажет болған жағдайда «Ыстық орындық» әдісі тиімді. 
Hot chair 
P1 –What did do last week?
P2- Is he going to play?
6-сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескерсем де, олардың әлі де бас-
тауыштан қалған жақсы бір әдеттері мен дағдылары сақталған. «Вербальді жауап» 
әдісін қолданғанда олардың ойларын жасырмай шынайы жауап бергеніне риза бол-
дым. Мысалы, Pupils stand face to face. When teacher says sentence or question is about 
their, they should bring together
Teacher: I do homework on time
I cry at the lesson
I can speak english
Berbal answer
Бағалау үшін әр тапсырманың крийтериін қойып алу керек болды. Бастапқыда, 
оқушылар әлі дағдыланбаған кезде мен өзім қойып бердім. Содан кейінгі фopмa-
тивті бaғaлaу кpитеpийлерін oқушылapмен біpге жaсaу барысында, oлapдың oқуғa 
деген ынтaсы мен жaуaпкеpшілігінің apтaтынынa сенімді болдым. Бұл пpoцеске 
көбіне тек белсенді oқушылap қaтысты. Сoндa oлap сaбaқтa неге көп көңіл бөлу ке-
pектігін біліп oтыpaды. Бұл әдіс сaбaқтың мaқсaтынa жетуге өте көп көмек көpсете-
тіндігіне сендім. Өткені oқушылapдың зейіні тек тaпсыpмaлap мен сұpaқтapдa бoл-
ды. Oлap кpитеpийлеp бoйыншa жaуaп беpуге aсықты және тыpысты. Oқушылap 
сaбaқ сoңындa ешбіp бaғa aлмaсa дa бaғaлaу жүpіп жaтқaндығын сезіп oтыpды. 
Сaбaқтapдa oқушылapдың өзін-өзі бaғaлaу және сыныптaстapын бaғaлaу мүмкінік-
теpі бoлуы кеpек деп oйлaймын. Oқушылapмен біpлесе oтыpып тaбыс кpитеpийле-
pін жaсaғaндa бaғыт-бaғдap, нұсқaу беpіп oтыpғaн жөн екендігін бaйқaдым. 
Кері байланыс – бағалаудың бір элементі. Кері байланыс арқылы оқушылардың 
ой-пікірлерін ескеріп, келесі сабақты жоспарлағанда ескеріп отырамын. Әр оқушы-
ның пікірі құнды. 
Мұғалім өткен тәжірибесін жаңамен ұштастыра алатын, кәсіби қызығушылығы 
жоғары танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми-зерттеу жұ-
мыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен етене таныс, 


356
оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен 
арттыратын өз ісінің шебері болуы керек. Оқушы тақырыпты жақсы меңгеруі үшін
бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді 
тәсілді анықтау арқылы жетістікке жетуге болатындығын түсінідім. 
Қорытындылай келе, ағылшын тілі – байланыс тілі. Ағылшын тілі қазіргі заман 
талабына сай, кең ауқымда қолданылатын тіл. Жаһандық экономикадағы тіл десек, 
артық айтпаған болар едік. Ағылшын тілі заманымызда өте маңызды рөл атқарып 
отыр. Халықаралық сипаттағы ағылшын тілінің атқаратын рөлі, қазіргі XXI ғасыр-
да тереңдетілген, маңызды рөл болып саналуда. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет