60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет166/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

Пайдаланылған әдебиет: 
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ. Аста-
на, 2012 ж. 
2. Оқытушыға арналған нұсқаулық. – Астана: «Назарбаев зияткерлік мектептері» 
ДББҰ. Педагогикалық шеберлік орталығы, 2018 ж. 
3. Халықтық педагогика – даналық мектебі. -Алматы: «Сарыжайлау» қоғамдық 
қоры, 2012 ж. 
4. Жеті жүз жұмбақ. Алматы, 1985. – 128 б. 
5. Қазақ мақал-мәтелдері (Құрастырған Ө. Тұрманжанов). Алматы, 1993. -176 б. 
6. Жұмабаев М. Педагогика. -Алматы, 1991. -160 б. 
7. Психологический словарь. -Москва, 1983. -447 с. 


349
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН 
ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Жабайханова Б. 
Алматы облысы Сарқан ауданы Алмалы ауылы
«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Алмалы орта мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Бастауыш сыныптарда жиі қолданылатын ойын технологиясы балалардың шы-
найы ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік «Менін» қалыптастыруға 
және шығармашылыққа, белсенділікке, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді. Ойын 
– әрқашан білім беруге оң ықпал бере отырып, баланы білім алуға, еңбекке да-
йындайды. «Ойын» технологиясының мақсаты – оқушыларға жаңа білім-білік дағ-
дыларын қалыптастыруды қамтамасыз ету, зерттеу жұмыстарына бағыттау. Ойын 
арқылы оқыту технологиясы – балама варианттарды таңдап алу негізінде қойылған 
міндеттерді шешу біліктерін қалыптастыратын әр түрлі ойындарды қолданудың 
жүйесі. 
Бастауыш сынып оқушыларының бір ерекшелігі – балалар қиялының бай болуы. 
Бастауыш сыныпта жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының психологиялық ерек-
шелігі ретінде балалар қиялының қуатын пайдалануды атап өтуге болады. Бұл мә-
селеге қазақ тілінде «Педагогика» оқулығын жазған алғашқы авторлардың бірі М. 
Жұмабаев та тоқталған. М. Жұмабаев өз еңбегінде қиялдың рөлін бағалай келіп, 
оқушылардың осы қабілетін дамытудағы ойындар мен ойыншықтарды пайдалану-
дың, ертегілерді жиі қолданудың ерекше ықпалын атап өтеді [1, 45]. 
Ойын технологиясын қолдану 
• қызығушылықты дамытады; 
• психологиялық кедергілерді жоюға көмектеседі
• дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастырады; 
• ортаға тез бейімделуіне ықпал етеді; 
• ұлттық ойындар салт-дәстүрлерді білуге тәрбиелейді. 
Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес, Қазақстан Республикасы-
ның дамыған елдерімен иық тіресіп тұру үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі ке-
зеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс – әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын 
таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті. Мектептегі оқушы өмірінің 
көп бөлігі 40 минуттық сабақ кезінде өтеді. Міне, осы кезде оқушы тек білім алып 
қана қоймай шығармашылықпен зерттей білуге үйренуі керек. Білімді алуда іс-әре-
кетке үйренген баланың бойында алған білімі ұзақ уақыт сақталады және ол жұмыс 
істеуге, ізденуге, таңдауға, т. б. үйренеді. Сол үшін ескі дәстүрлі сабақтан қашып, 
ең озық, тәжірибеден өткен технологиялардың бірінің тиімділігін сәйкес таңдау қа-
жеттілігі туады. Біркелкі сабақ оқушыны зерігу мен жайбарақаттылыққа алып ке-
леді. Ал зерігу болған жерде шығармашылыққа жол жоқ. Әрбір ұстаздың мақсаты 
– сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын 


350
арттыру. Сондай-ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтар-
да озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологияның бір түрі – «Ойын 
арқылы оқыту» технологиясы. «Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ» десек, 
білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сыныптағы әртүрлі пән-
дер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілетін сомдауға үлкен үлес қосады. Ба-
лаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның ролі педагогикада бұрын да, қазір де 
қарастырылып келеді. Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын 
– айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылық-
тарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қа-
лыптастырады. А. С. Макаренко: «Ойын – балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, 
үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың 
ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, кө-
бінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын 
арқылы алады» – деп балалар ойынын жоғары бағалаған[2, 1]. Тиімді қолданыл-
ған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен 
тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың 
аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар 
тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Сабақта және 
сабақтан тыс уақытта қолданылатын ойындарды төмендегідей топтастыруға бола-
ды. Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық 
мақсаты зор. 
Ойын арқылы оқушы не үйренеді?

қисынды ой-қабілеті дамиды; 

өздігінен жұмыс істеуге үйренеді; 

тілі дамиды; 

зейіні қалыптасады; 

байқампаздығы артады; 

өзара сыйластыққа үйренеді; 

ойынның ережесін бұзбаутәртіптілікке баулиды

бір-біріне деген сенімі артады; 

достыққа, ынтымақтастыққа бейімделеді; 

сабаққа қызығушылығы артады

сөздік қоры молаяды. 
Дұрыс нәтижеге жету үшін: әр ойынның тәрбиелік, білімдік, дамытушылық ма-
ңызы, жас ерекшілігі, қауіпсіздіктехникасы, эстетикалық талаптар ескерілуі қажет. 
Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сю-
жеті немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рөлдер, ойынның өзінен туатын және ба-
лалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Бұл элементтер өзара 
тығыз байланысты және ойынды балалардың өзінше бір іс-әрекеті ретінде көрсете-
ді. Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы 
анықтамасы, мәселен: «Дүкен», «Аурухана», «Әскер» және т. с. с. болып ойнау. Ол 
сөзде тұжырымдалып, ойын әрекеттерінің өзінде бейнеленеді, ойынның мазмұнын-
да қалыптасады және ойынның өзегі болып табылады. Мысалы, «Дүкен» ойынын 


351
ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттеріне, ал «Аурухана» бо-
лып ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктейді. Өткізілген ойынға 
талдау жасау, ойынның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалын бағалау, топтағы 
сюжетті-рөлдік ойындарға басшылық ету тәсілдерін де үнемі ойластырып отырған 
оңды. Ойынды зерттеу мәселесіне педагогтар мен психологтар ғана емес, философ-
тар, тарихшылар, этнографтар да мән берген. Ерекше тоқталуды қажет ететін ойын 
түрінің бірі – танымдық ойындар. Танымдық ойындардың түрлері: сөзжұмбақ, сөз-
тізбек, кроссворд, викторина, психологиялық жаттығулар, логикалық есептер, тре-
нинг, тест, т. б. Танымдық ойындар жас ерекшеліктеріне қарай күрделене түседі. 
Балалардың қызығушылығын, қабілеттерін арттыруда, білімін шыңдауда таным-
дық ойындардың алар орны ерекше. Баланың танымы биіктеген сайын, дүниеге 
көзқарасы да кеңейе түседі. 
Балалар өмірінде 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет