60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет167/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

сюжетті-рөлді ойындар елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ 
та, қысқа да болуы мүмкін. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шын-
дықты көрсету болып табылады. Ойынның сюжеті, мазмұны – бұл оның жанды 
тұлғасын құрайды, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым–қатынастарының 
дамуын, көпжақтылығын және өзара байланысын анықтайды. Ойынның мазмұны 
оны қызықты етеді, ойнауға деген ықылас пен ынтаны қоздырады. 
Сабақтың үстінде ойынды қолдану мынадай негізгі шарттарға жүгінеді: 
- ойын оқушылардың алдына тапсырма ретінде қойылады
- оқушылардың оқу әрекеті ойын ережесіне бағынады; 
- оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады
- оқу әрекетіне ойын жұмыс элементі ретінде кіреді; 
- ойын нәтижесі бірден шығарылып отырады
Осындай дайындық кезінде сабақтағы ойын элементін қолдану үшін мына мәсе-
лелерді ескеру қажет: 
- тәрбиелік мақсаты; 
- қолданылатын көрнекіліктер
- уақытты үнемдеу; 
- ойын қызықты бола ма?; 
- оқушылардың белсенділігін бақылау. 
Сабақ барысында оқушыларға ойынның мақсаты мен талаптары, ережесі толық 
түсінікті болуы өте маңызды рөл атқарады. Ойын әдісі арқылы олардың пәнге де-
ген қызығуын арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адам-
ның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге 
жаттығады. 
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланылатын: 
ойын-сабақ, ойын жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, 
сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, іскерлік ойындар немесе ұлттық ойын-
дар және тағы басқалары. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді 
толық игеруіне көмектеседі. 
Балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту, атап айтқанда, олардың екпінді дұрыс 
қою, дыбыстарды дұрыс айту, сингармониз заңын сақтау т. б. жағдайларда дикто-


352
фон, магнитофон сияқты құралдарды немесе ұялы телефон мүмкіндігін қолдану 
жақсы нәтиже береді. Бұл құралды сабақта ұйымдастырылатын ойын процесіне 
араластырып, балалардың ойын ойнаған кездегі дауыстарын жазып алып, кейіннен 
өздеріне тыңдату арқылы жақсы тұстарын атап өтіп ынталандыру, дұрыс болмаған 
жерлерін түзету олардың сөйлеу мәдениет көтерудегі тиімді тәсілдердің бірі болып 
табылады. 
Қорыта айтқанда, кез келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда әре-
кет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді. Сөйтіп оқушы ой-өрісін ойын арқылы 
дамытады. 
Соңғы нәтижеде ойнай отырып, білім көрсеткішіне өз үлесін қосады. Артта қал-
ған, оқуға енжар, күшпен оқитын оқушы болмайды. Керісінше, баланың өмірі, қор-
шаған ортаны танып білу, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын 
үстінде қалыптасады. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет